|
|||
Шығыс Қазақстанда емдеу-сауықтыру туризмі дамитын болады ⇐ ПредыдущаяСтр 7 из 7 Шығыс Қазақстанда емдеу-сауықтыру туризмі дамитын болады Өскеменде елдің барлық ынталы министрліктері мен ведомствалары, «Қазына» ОДҚ, жергілікті билік органдары мен кәсіпкерлерінің қатысуымен мемлекеттік бағдарлама негізінде туристік кластерді дамыту жөнінде кеңес өтті Биыл аталмыш бағдарлама туризмді дамыту жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаның жоспарына кірген – Қапшағай, Бурабай, Ақтау және Шығыс Қазақстанда жүзеге аса бастағаны мәлім. Бастапқы 3 өңірде жұмыс басталса, шығыста – бұл осы тақырыптағы алғашқы отырыс болып табылады. Біз шығыста емдеу-сауықтыру туризмін дамыту идеясын қолға алғымыз келеді. Бұл жерде пантомен, лаймен, родонмен емделуге болады. Біз одан әрі жетілдіре түсу үшін осы өңірдегі 5 жобаны таңдадық. Мұнда бюджеттік қаржыдан жолдар, байланыс, сумен қамтамасыз ету, көлік және коммуникациялық инфрақұрылым құрылмақ. Бұл – Алакөлдегі «АНА» емдеу-сауықтыру кешені, «Қатон-Қарағайдағы» пантоемдеудің сауықтыру-туристік кешені, «Климовка» демалу базасы, «Алтай Альпісі» демалу базасын жаңғырту және «Алтай – алтын таулар» трансшекаралық туристік маршрутындағы «Алтай Номады» қазақстандық бөлігін жасақтау. Кеңес барысында ШҚО-да емдеу-сауықтыру туризмін дамыту мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс тобы құрылды, оған 17 адам кірді. ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжановтың ұсынысымен алдағы екі аптада министрлік пен әкімдік арасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру саласында ынтымақтасу туралы келісімнің жобасын жасау ұйғарылды · Қорғаушы-қозғалтқыш аппаратын · Сүйек-бұлшықет жүйелерін · Жүйке тамырларының орталық және шеткі жүйелерін · Эндокринді жүйесін · Гинекологиялық ауруларды (бедеулік т.б.) · Тері ауруларын (псориаз) "Княжьи горы" (Өскемен қаласынан 35 км жерде) тау шаңғылық комплексінде белсенді қысқы демалуды ұйымдастыруға төмендегілер кіреді: · Тау шаңғылық көтергіш құрылғы (зәкірлік) 1380 м · екі трасса 1500м и 2000 м · 40 орынға арналған жайлы қонақүй · кафе-бар · орыс моншасы · бильярд · таулық және жүгіріс шаңғыларын прокатка беру · атпен және шанамен серуендеу. Қорытынды. Қазақстандық Алтай тауларындағы белсенді туризмнің барлық түрлері (тауға шығу, атпен, шанамен және жаяу серуендеу, рафтинг, автотурлар).
|
|||
|