|
|||
презентациялық дәріс - 2 сағат.№10 презентациялық дәріс - 2 сағат. Тақырыбы: Діни туризм географиясы. Мақсаты:Діни туризмнің дамуын оның түрлерін негізгі мақсаттарын ашып студенттерге түсіндіру. Жоспар: 1. Діни туризмнің даму тарихы. 2. Қажылық туризмі. 3. Экскурссиялық танымдық бағыттағы діни туризм Негізгі түсініктер: Дін, қажылық, ислам, христиан, буддизм.
Діни туризм – туризмнің ежелгі түрі болып табылады. Діни мақсатта саяхат шегуші тұлға өзінің тұрғылықты жерінен кем дегенде жарты жыл аралығында қасиетті жерлер мен діни орталықтарды аралап, бекітілген белгілі бір маршрут бойынша саяхат жасайды. Қазіргі таңда діни туризм саласы дамып, туристтер арасында кең өріс алуда. Діни туризм бұл – қасиетті жерлер мен діни орталықтарға саяхат шегуші туристтерге қызмет көрсету мен олардың маршрут барысында қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін қамтитын туризмнің танымал түрі. Діни туризм саласында арнайы қажылық және діни орталықтарды бөліп көрсетуге болады. Қажылық орталықтар – бұл арнайы дін жолындағы азаматтардың туындаған діни мәселелерді шешу мақсатында конфецияға жиналатын орын болып табылады. Діни туризмнің негізгі мақсаттары: 1. Діни мақсатта саяхат жасау. Сенімі бар азаматтар дін жағынан бір керемет оқиға болған жерлерге саяхат жасауы. Қажылар Мекке; Иерусалим мешіттеріне; Голгорф православтық шіркеуіне, Ватикан буддистер шіркеуі. Ежелгі уақытта адамдар осындай қасиетті жерлерді Құдаймен байланыстырып, мифтер мен аңыздарға сенген. Ежелгі заманда Франция елінде Дева Мария Бернадетте қалауымен қажылық орталық Массабьель болса, қазіргі таңда бұл орталық Лурд атағына ие болды. 2 Сауығу мақсатында саяхат жасау. Адамдардың жүрегінде киелілерге деген сенім, икон, алтар, менгир және папаға табыну деген іс қимылдар орын алды. Бұл жөнінде айту қиынға соғады, не бұл сенім, не дүниеге тән емес күштер реті болып табылады. Бірақ шынында сенім ақиқатқа айналды, көзі соқырлар көздері көрді, жүре алмайтын адамдар жүре бастады, ауру адамдар ауруларынан сауықты,. Ен басты сауығу түрі – жан тәнімен сауығу. Адамның өз күнәларын мойындап, шын ниетпен олардың кешірілуін тәңірден сұрау арқылы жүзеге асады. 3. Адамға тән қызығушылық қасиеттің болуы арқасында саяхат жасауы.. Адам өз дінін ұстанғанымен, басқа дінге деген қызығушылық танытуы. Адам католик немесе мүлдем атеист бола тұра, мұсылмандардың орталығы Меккені тамашалауды қалауы. 21ғ. Діни туризмнің қажылықтары: Христиан діні қажылықтары Христиан дінін ұстанатын негізгі мемлекеттер.Ресей,Еуропа елдері. Будда діні қажылықтары Оңтүстік Шығыс Азия, Үндістан және Үндіқытай түбегі аймағындағы елдер Ислам діні қажылықтары Азия және Африка елдері. Христиандарда қажылық жасау міндет емес, ал мұсылмандарда ислам дінінің орталығы болып табылатын Мекке қаласында қажылық жасау парыз болып саналады. Қажылық жасау Қасиетті кітап Құранда бұйырылған және ислам дінінің негізгі шарттарына жатады. Діни туризмнің 2 түрі бар: 1.Қажылық туризм 2.Экскурсиялық танымдық бағыттағы діни туризм
|
|||
|