|
|||
презентациялық дәріс - 2 сағат.№9 презентациялық дәріс - 2 сағат. Тақырыбы: Іскерлік туризм дамуы. Мақсаты: Іскерлік туризмнің дамуына әсер ететін негізгі формаларына сипаттама беру. Жоспар: 1. Бизнес-сапар географиясы. 2. Конгерстік-кормелік туризм географиясы. 3. Инсентив-туризм географиясы.
Негізгі түсініктер: Іскерлік туризм, бизнес, экономика, тур, инсентив-тур, сұраныс, туристік ұсыныс, климаттық мативациялық, әлеуметтік, экономикалық.
Іскерлік туризм. XX ғасырдың екінші жартысында елдер арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар дами түсті. Әлемдік экономиканың дамушы сұраныстары мен қажеттіліктері халықаралық байланыстардың кеңеюіне мүмкіндік туғызып отыр. Іскерлік мақсаттағы туристердің саны күннен күнге өсуде. Бірқатар туристік фирмалар кәсіпкерлердің жаңа нарықты зерттеу және сауда келісімдерін жүзеге асыру мақсатындағы топтық сапарларын ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар, туристік фирма кәсіпкерлерге жиі белсенді көмек көрсетеді: сол және басқа да нарықтағы жұмыстардың жағдайын зерттейді, мүмкін болған сауда әріптестері жайында мәліметтер жинайды, қажетті экономикалық материалдармен қамтамасыз етеді, іскерлік кездесулер ұйымдастырады және т.б. Іскерлік сапарлар нарығының анализі екі нақты ел немесе елдер тобы арасындағы экономикалық қарым-қатынас жағдайына байланысты болады. Іскерлік сапарлар жеке қызмет көрсетіп, ең жоғары класс бойынша қымбат апартаменттерде орналастырылуға, күні бойы автомобильдің жалға берілуіне және т.б. сұраныс білдіруі мүмкін. Іскерлік сапарлар үшін ең тиімдісі бір орындық орналастыруға сұранысы жоғары бірінші класс болып табылады. Іскерлік сапарлар экономикалық жағынан өте тиімді болып табылады, себебі олар маусымдық факторларға тәуелді емес. Олар туристік маусымның ортасында, демалыс кезеңдерінде көлемі жағынан тіпті қысқарады. Тағы бір маңызды жайт, кәсіпкерлер сапары жарнамаға қосымша шығындарды талап етпейді. Олар үшін бастысы орындарды броньдаудың реті мен мерзімі туралы ақпарат болып табылады. Іскерлік туризмде сауда немесе ғылыми-техникалық әріптестік мәселелері жөніндегі халықаралық және екі жақты келісімдерді бөліп көрсетуге болады. Мәдени және ғылыми-техникалық әріптестік туралы үкіметаралық келісімдерді қарастырумен айналысатын түрлі жұмыс топтары және комиссияларның жиындары айтарлықтай дамуда. Іскерлік туризмнің тағы бір формасы халықаралық және ұлттық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу мақсатындағы сапарлар болып табылады. Мұндай шараларға қатысушылар әдетте ұзақ мерзімге келеді. Бұл көрме немесе жәрмеңкені өткізумен ғана емес, сонымен қатар, көрмелік стендтерді және басқа да құралдарды орналастырумен және жинаумен байланысты. Түрлі халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ органдарының конгресстері мен жиындары іскерлік сапарлардың кең тараған формасы болып табылады. Ережеге сәйкес, олардың ғылыми форумдардан қатысушылар санының аздығымен және өткізілу ұзақтығының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Біртекті профессионалды құрамдағы мамандандырылған топтардың сапарлары іскерлік туризмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Олар үздік жұмысшыларға сый ретінде жұмыс беруші кәсіпорын шотының негізінде жүзеге асырылады. Мұндай саяхаттардың бағдарламасына берілген елдің ғылыми-техникалық саладағы жетістіктерімен танысу, тәжірибелерін, технологияларын зерттеу, сапар қатысушыларының профессионалды деңгейлерін, квалификациясын көтеру мақсатында ғылыми орталықтарға және шаруашылық кәсіпорындарына бару енгізілген. Туристік ағымдар халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер, отырыстар, жиналыстар, конференциялар, конгрестер, спорттық шаралар, конкурстар, фестивальдер секілді шаралармен анықталады. Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер адам қызметінің маңызды салаларындағы көу жетістіктері болып табылады. Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелердің басты атқарымы — әлемдік мәдениетті тарату, ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу, өнімді жарнамалау және сыртқы сауда байланыстарын кеңейту. Көптеген көрмелер мен жәрмеңкелер жүйелі түрде бір уақытта, кейде жылына екі рет өтеді. Мұндай шара үшін ең қолайлы уақыт – туристік маусымды кеңейтуге мүмкіндік беретін көктем мен күз мезгілі. Көрменің немесе жәрмеңкенің ұзақтығы көбіне екі аптаны құрайды. Осы уақыт ішінде оларға ондаған мың адамнан бірнеше миллион адамға дейін барады. «Көрме» және «жәрмеңке» қаласы атағын, алдымен, астаналық немесе ірі қалалар иеленеді, өйткені мұндай қалаларда көптеген шетелдік туристер болады. Мұндай шараларды теңіз жағасында орналасқан қалаларда ұйымдастырады, себебі бағдарламаларына круиздік туризм де енеді. Көрме шараларының шамамен 80%-ы Еуропа және Солтүстік Америка елдеріне тиесілі. Әсіресе АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания территорияларында көп өткізіледі. Мыналар Еуропа мен Америкадағы көрменің ірі орталықтары болып табылады: Амстердам, Барселона, Берлин, Брюссель, Ганновер, Вашингтон, Вена, Женева, Копенгаген, Лондон, Мадрид, Париж, Страсбур, Давос. Бұл қалалардың сәйкесінше материалдық-техникалық базалары бар және олардың шетелдік қонақтар үшін демалыс ұйымдастыруға мүмкіндіктері зор. Көрмелермен жәрмеңкелер көбінесе ғылым мен техника жетістіктерін, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін көрсету үшін ұйымдастырылады. ХІХ ғасырдың соңынан адамның әр түрлі салада қол жеткізген жетістіктерін көрсететін Бүкіләлемдік көрмелер жиі өткізіледі. 1889 жылғы Бүкіләлемдік көрме үшін француздық инженер А.Г.Эйфельдің жобасы бойынша Эйфель мұнарасы тұрғызылған. Бүгінгі таңда Эйфель мұнарасы Бірлескен Еуропа символына айналған. Екінші мыңжылдықтың қорытынды Бүкіләлемдік көрмесі «Экспо-2000» Германияда Ганновер қаласындағы әйгілі көрме орталығында өткен. Буржадағы (Франция) әуе салоны (әуеұшуы мен ракета жасаудың халықаралық көрмесі), Франкфурт-на-Майндегі (Германия) жыл сайын өтетін кітаптар мен полиграфиялық жабдықтар көрмесі, Женевадағы (Швейцария) ірі автосалон дәстүрлі көрмелерге мысал бола алады. Әлемдегі ең ірі туристік жәрмеңке – туризм бойынша Халықаралық биржа (International Tourism Borse — ITB) 1966 жылдан бері Берлинде жыл сайын өткізіледі. Оған туристік кәсіпорындар, ұлттық туристік ұйымдардың өкілдері, көлік және сақтандыру компаниялары, маманданған баспалар қатынасады. 1998 жылы көрме жұмысында әлемнің 188 елінен 7 мыңнан астам өкіл ат салысқан. Жұмыстың бес күнінде оған 55 мың туристік индустрия мамандары мен саяхатты сүюшілер келген. Берлиндік биржа жұмысы тақырыптық күн принципі бойынша құралған. Әр күн туристік индустрияның дамуындағы белгілі бір бағытқа (мәселен, экологиялық туризм, әлемнің жеке аймақтарындағы туризм болашағына) арналған. Берлиндік биржа жұмысы шеңберінде туристік фильмдердің халықаралық конкурсы өтеді. Ондағы жоғарғы марапат «Алтын компас» болып табылады. 1980 жылдан бері жыл сайын қаңтардың басынан ақпанның соңы аралығында Мадридте Халықаралық туристік көрме-биржа ФИТЮР (FITUR) өтеді. Бұл оқиға халықаралық туристік оқиға күнтізбесінде ерекше орынды иеленеді. Мадридте жылдың басында туристік нарықта жаңа маусымға арналған баға және басқа да тенденциялар анықталады. ФИТЮР — бұл испан тілдес (Испания, Латын Америкасы елдері) елдердің туристік өнімдерін көрсету. Сонымен қатар көрмеге Солтүстік, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінен, АҚШ пен Канададан әр алуан туристік фирмалар да қатынасады. 1998 жылы мадридтік көрмеге шамамен 300 адам, соның ішінде 40 мың маман келген. Оның жұмысына әлемнің 170 елінен шамамен 6 мың туристік фирма ат салысқан. Миландағы халықаралық туристік биржа мыңдаған қатысушыларды тартады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен туристік бизнес өкілдері келеді. Көрме шеңберінде жыл сайын әр түрлі тақырыптық бағдарламалар өткізіледі, жаңа жобалар талқыланады, туризмдегі жаңа технологиялардың тұсаукесерлері болады. 1980 жылдан бері Лондонда ұйымдастырылатын Бүкіләлемдік туристік жәрмеңке (World Travel Market — WTM) ең танымал жәрмеңкелердің біріне айналып келе жатыр. Ол жыл сайын қараша айының ортасында өтеді. Бұл әр ел мамандарының арасында тікелей байланыс орнатуға арналған кәсіби көрме. Оған 150 елден 60 мыңнан астам өкілдер қатысады. Ең ірі туристік жәрмеңке қатарына жақында Мәскеулік халықаралық көрме «Путешествия и туризм» («Саяхат және туризм») де енді. 2002 жылы ол тоғызыншы рет болды.
|
|||
|