Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





презентациялық дәріс – 2 сағат.



№8 презентациялық дәріс – 2 сағат.

Тақырыбы: Рекреациялық туризмнің географиясы.

Мақсаты: Рекреациялық туризмнің географиясына анықтама беріп, туристік рекреациялық аймақтарды анықтау.

Жоспар:

1. Рекреация түсінігі, рекреация және демалыс.

2. Рекреация қазіргі заманның әлеуметтік-мәдени феномені ретінде.

3. Рекреациялық туризмнің географиясы.

Негізгі түсініктер: Рекреация, рекреология, рекреациялық география, сауықтыру, қайта қалпына кетіру.

Рекреация (польша тілінен rekreacja аударғанда – демалыс, ал латын тілінен recreation – қалпына келтіру) – бұл: 1) мейрамдар, демалыстар, мектептегі үзіліс; 2) оқу орындарындағы демалыс ғимараттары; 3) еңбек процесінде кеткен адам күшін қалпына келтіру, демалыс.

 Берілген құбылысты зерттеумен білімнің түрлі саласының мамандары айналысады – биологтар, психологтар, экологитар, медиктер, социологтар, экономистер. Соған байланысты рекреациялық іс-әрекетке қатысты түсініктер шеңберін анықтаудағы үлкен қиындықты айта кету керек. Рекреация рекреациялық география, рекреалогия, рекреациялық табиғатты қолдану және т.б. сияқты ғылымдардың негізі зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.

Рекреациялық география – 1) адамның жұмыстан тыс уақытында адам іс әрекетінің территориялық жүйесінің функциялары мен дамуының географиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

2) Өзіндік зерттеу объектісін ­– территориялық рекреациондық жүйені, зерттейтін және моделдейтін географиялық пән. ( географическая дисциплина, изучающая и моделирующая собственный объект исследования – территориальные рекреационные системы)

Рекреалогия - 1) адам экологиясы парадигмаларына негізделген рекреациялық жүйелер туралы пәнаралық ғылым; 2) адамның өмірлік күшін қалпына келтіру үрдістері мен әдістері туралы ғылым.

Ресей мемлекетінде ғылым білім саласында жүргізген зерттеулері бойынша          РМАТ-тың(Ресей халықаралық туризм академиясы), Сочадағы курорттық іс және туризм университетінің, Мәскеу және Санкт Петербург мемлекеттік университетінің, Смоленск гуманитарлық университетінің, география институты РАН-ның ғалымдары әйгілі.

Атақты мамндардың ішінен И.В. Зорин, В.А. Квартальнов, В.С. Преображенский, Т.В. и Д.В. Николаенко, Ю.А. Веденин, Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, В.Б. Нефедова, Г.П. Долженко, В.М. Кривошеев, В.В. Храбовченко, Ю.Д. Дмитревский, А.В. Даринский, А.А. Романов, А.Ю. Александрова, Н.С. Фалькович, Е.В. Колотова, Ю.С. Путрик, Т.А. Ирисова, П.В. Большаник, А.М. Сазыкин, Е.А. Окладникова, А.В. Дроздов, И.И. Пирожниктің және т.б. еңбектерін бөліп көрсетуге болады.

Отандық және шетелдік әдебиеттерде әлі күнге дейін «рекреация» түсінігіне анықтама беретін пікірлер жоқ. Бұл параграфта біз рекреациялық іс-әрекеттермен байланысты негізгі түсініктерге жалпылама көрініс беруге және рекреация дегеніміз не екенін анықтауға тырысамыз. Ол үшін бізге мамандардың рекреацияға әмбебап әлеуметтік мәдени және экономикалық феномен ретіндегі барлық негізгі көзқарастары мен пікірлеріне анализ жасауымыз керек.

Рекреация құбылыстарымен байланысты негізгі түсініктерді анықтау жоғарғы дәрежеде қиын болып табылады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, берілген тематика бойынша ортақ халықаралық терминологиялық стандарттың болмауы. Әр елде рекреация мен демалыс саласындағы түсініктер мен терминдер арасында айтарлықтай өзгеше ресми түсінулер орын алады. Екіншіден, біздің елімізде рекреация және демалыс индустриясымен қатысты негізгі түсініктер шеңбері нақты анықталған ортақ заңнамалық база жоқ. Қазіргі жағдайда пікірлерде толықтай плюрализм байқалады. Әр кез ұсынылған қатал анықтаманың нақты еместігіндәлелдейтін және «бәрі бұлай емес, керісінше» деп айтатын маман табылады. Үшіншіден, түрлі себептер әсерінен рекреация, туризм, демалыс, экскурсия, бос және рекреациялық уақыт, досуг және т.б. түсініктерін кәдімгі жағдайда айыру оңай емес. Сондықтан дәл әрі қиын анықтамаларға бағдарланбай-ақ – отандық және шетелдік әдебиеттерде кездесетін негізгі заманауй түсініктерді ғана, олардың мазмұны мен арақатынасын нақты әрі деталді қарамай ақ, жалпылама түрде сипаттаймыз.

Біз зерттеуімізді «рекреация» сөзінен бастайық. Ғылыми әдебиеттерде рекреация термині XIX ғасырдың 90 жж соңына қарай АҚШ та пайда болды. Ол тек нормаланған жұмыс күні, екінші демалыс күні, жазғы демалстарды енгізуден кейін пайда болды. Рекреация, қалпына келтіру, емделу және іс-әрекеттің барлық түрі жүзеге асырылатын кеңістік. Соңғы кездері шығарылған қазіргі заманғы әдебиеттерде рекреацияның жаңа жағынан көрінуіне бастау өзгерісі байқалады.

     В.А.Квартальнов өзінің соңғы жұмыстарының бірінде (Энциклопедия туризма, 2000) осы түсінікке келесідей анықтамалар келтіреді.

Рекреация - бұл:

· Адамның физикалық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қайта өндіру;

· Физикалық және ақыл ой күштерін қалпына келтіруге арналған кез келген ойын, көңіл көтеру және т.б.

· Тұрғындардың ашық ауда белсенді демалысқа қатысуымен, көбінесе уик-эндтертермен байланысты Досуг индустриясының тезірек дамып келе жатқан сегменті

· Организмді және адам популяциясын қайта құру. Ол түрлі жағдайларда, сипатта және қоршаған ортаның өзгерісінде белсенді демалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

· Цивилизацияланған демалыс, стационарлық, экскурсионды-туристтік шаралармен, сондай ақ физикалық жаттығулармен айналысу үрдістерімен ауруларды профилактиканың түрлі жолдарымен қамтамасыз етеді.

· Рекреация және туризм қиылсады: рекреацияға іс-әрекеттің барлығы қатысты, бірақ тұрғылықты жерінен орын ауыстыруымен байланысты емес; ал туризм бұл оқу, іскерлік туризм, емдеу рекреациясы, шоп тур, саяси туризм. Олардың қиылысу аймағы туризмнің: қалпына келтіруге, емделуге, релакция, бақтық демалыс, қажылық,экотуризмге бағытталған түрлері болып табылады.

Келтірілген көзқарасқа сай, бөліп көрсетіледі

рекреацияның бірінен кейін бірі келетін (последовательные фазы) фазалары:

· «Кейіп, қалып(образ)» - уақыт таңдаулығымен, орнымен және демалыс түрімен қалыптасатын рекреациялық қажеттіліктердің сипаты мен құрылымен көрсетеді;

· «Жағдай» - рекреациялық әрекеттердің жүйесін сипаттайды.

· «Із» - эмоциялық аспектіні - еске алуды қоса, рекреацияның тиісділігін анықтайды.

 2 Рекреацияның негізгі және әлеуметтік – экономикалық мағынасы (сущность)

Рекряциялық қызметтің ұйымдастырылуы кешенді сипатқа ие, өйткені кез-келген рекряциялық жүйедегі өзара байланысында демалушылардың тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету, өндірістік сала, еңбек ресурстары қатысады.

Негізгі мақсаты- қоғамдағы әр адамның физикалық және психикалық тұрғыда шаршауын калпына келтіріп, сонымен қатар рухани байлығын арттыру.

осы уақытқа дейін жалпы рекреациялық функцияның классификациялары болмағанымен, оларды негізгі 3 топқа жіктеуге болады :

Емдік- биологиялық функция – ол курортты-санаториялық емделу және сауығу болып табылады. Туризм арқылы сауығу- өндірістік және өндірістік емес психикалық шаршауын қалпына келтіру.

Мәдени- әлеуметтік функция -  рекреациялық функцияның ең негізгісі. Мәдени және рухани қажеттілік – ол сананың ең жоғарғы мағынасындағы қажеттіліктер, қоршаған ортаны тану және өз орныңды білу. Туризм арқылы адам мемлекет ішіндегі және әлемдегі табиғи , мәдени – тарихи және әлеуметтік құндылықтармен таныса алады.

Экономикалық функция – жұмыс күшінің жәй және кеңейтілген функциясы. Рекреация қоғамның қажетті уақытын тиімді сақтайды. Рекреацияның арқасында жұмыскерлердің еңбекке деген қажеттілігі жоғарлайды., толық жұмысбастылықтың уақыттық кезеңі көбейеді.

Рекреация сонымен қатар келесідей экономикалық функцияларды атқарады :

- Мемлекеттің белгілі бір территориясындағы шаруашылық құрылымының дамуын тездетеді.

- Халықтың рекреациялық қызмет арқылы жұмыспен қамтамасыз етуі, сонымен қатар рекреацияға жанама қатысты салаларындағы еңбек күшінің кеңеюі.

- Мемлекеттің рекреациялық аудандарына пайда келтіретін халықтың шығындары мен кірістеріне әсер етуі.

- Кіру туризмінің тиімді дамуы шетел валютасының түсуіне септігін тигізеді.

Рекреациялық даму тенденциялары :

- Демалу орындарының рекреациялық сұранысқа ие орталықтарға жақын болуы.

- Қала тұрғындырының қысқа мерзімді демалу жүйесінің қалыптасуы

- Табиғаттың 4 маусымдық белсенді демалуға арналған табиғи және ұлттық саябақтарды ұйымдастыру.

- Демалудың жаңа формалары мен турлерін қалыптастыру.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.