Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ажылық туризм.



1 Қажылық туризм.

Қажылық сөзі pilgrimage, яғни қажылық мақсатта қасиетті, киелі жерлерге саяхат жасау деген мағынаны білдіреді. Қажылық туризм саласы киелі жерлерге табынып, оларға сыйынумен түсіндіріледі

Қажылық жасаудағы негізгі мақсаттар:

- жанның тыныштығын және денені физикалық демалдыру

- туған – туысқандар мен бауырларға арнап дұға оқу

- Аллах қалаған және бұйырған істерді жасау

- күнәлардың кешірілуін тілеу

- тәңірден жіберілген несібеге рахым келтіру

- сенімге берік болу

- Аллахтан қорқу және бағыну

 Қажылық туризмі мынандай топтарға бөлінеді:

1. қатысушылардың саны мен отбасы мүшесінің саны бойынша – жеке, отбасылық және топтық қажылық;

2. саяхаттың болу ұзақтығына байланысты – қысқа және ұзақ уақыттық қажылық;

3. мезгіл бойынша – жыл бойғы және арнайы мемекелерге байланысты қажылық;

4. саяхаттау обьектісіне байланысты – конфессионалды қажылық аймақтарға (шіркеу, монастырь) және табиғат аясына саяхат ( өзен, көл, тау,);

5. қажылық обьектінің орналасуы бойынша – ішкі ( мемлекет шекарасы аумағында) және шетелдегі қажылық ;

6. қалау бойынша қажылық – жан қалауы бойынша және міндеттелген қажылық.

Қажылық туризмнің негізгі аумақтары:

- православтық ТМД елдері: Рессей, Белорусия, Молдова;

- католицизмдік және протестанизмді ұстанатын Еуропа елдері;

- христиандықты ұстанатын Солтүстік Америка елдері;

- христиан дінін ұстанатын Латын Америка елдері;

- ислам дінін ұстанатын Солтүстік Африка елдері;

- ислам дінін ұстанатын Шығыс Азия елдері;

- индуизм, буддизм, джайнизм және ислам дінін ұстанатын Оңтүстік Азия елдері;

- буддизм, синтоизмді ұстанатын Шығыс Азия елдері;

- ислам және ламанизмді ұстанатын Орталық Азия елдері;

- ислам және буддизмді ұстанатын Орталық Азия елдері.

Қажылыққа шығушы туристтердің қызмет көрсету сапасына, тамақтандыру, орналастыру қызметтеріне көп мән бере бермейді. Олар қажылық кезінде шіркеулер мен мешіттерде түнейді. Ал тамақ жағынан мүлдем ас талғамайды. Мұнда тамақтандыру өте қарапайым түрде болады. Ислам діні бойынша қажылық ораза айында міндеттелген. Мұсылмандар қауымы қажылық кезінде ораза ұстап, өздеріне мол сауап жинайды.

Адамдар психологиялық жағынан жан тыныштығын қалай отырып, Үндістан, Тибет, Қытай, Непал және Жапония елдеріне саяхат жасайды. Жанның тыныштығын сақтауға көмектесетін қажылық туризмі сауықтандыру туризммен тығыз байланыста. Мысалы; Үндістандағы осындай аймақтар аювердік сауықтандыру кешені орталықтары болып табылады. Аюверда бұл адамның организмін қалпына келтіріп, оның денесі мен жанының гармонияға ие болатындай жағдайға жеткізетін ғылыми сауықтандыру кешені болып табылады.

 Сонымен қатар, көп азаматтар Қытай еліне цигунмен айналысу үшін саяхат жасайды. Цигун адамның қозғалысына және демалуына қатысты жаттығулар кешені. Цигун адамдарға толық күш жинауына көп септігін тигізеді.

2. Экскурссиялық танымдық бағыттағы діни туризм

Діни туризмнің бұл түрі негізінен туристтердің ұйымдастырылған маршрут бойынша жүзеге асады. Оның қажылық туризмнен айырмашылығы, ол тек қана арнайы діни мерекелерде ғана ұйымдастырылмайды, сонымен қатар ол кез келген мезгілде өз қызметтерін туристтерге ұсынады. Мұнда туристтер саяхат шеккен аймақтың көрікті жерлеріне барып, дін тақырыбына байланысты өткізілген мұражайлар мен көрмелерге қатыса алады.

 Экскурссиялық діни бағыттағы діни туризмнің негізгі қызметі туристтерге арналған экскурссия болып табылады. Экскурссия туристтердің аймақтың діни жағынан қарастыруға және бағалауға мүмкіндік береді. Туристтердің танымдық көзқарастарына оң әсер етуіне септігін тигізеді. Бұл процестің барлығы бір маршрутқа бойынша жүзеге асады. Бұл маршрут діни мақсатта қасиетті жерлерге саяхат жасаудан тұрады. Экскурссиялық танымдық бағытта жүзеге асатын туризмнің түрі туризм инфраструктурасымен байланыста болады. Мұнда туристтерге сапалы қызмет көрсету басты алғышарттардың бірі болып табылады. Қызмет көрсету дәрежесі сапа стандарттарына сәйкес келуі керек. Турфирмалар туристтерді орналастыру, тамақтандыру және маршрут ұйымдастыру қызмет түрлерін көрсетеді.

Діни туризмнің индустриясы өз алдына туристік индустрияның бөлігі болып табылады. Діни туризм саласында 4 сегментті атауымызға болады:

1.орналастыру кәсіпорны – қонақ үй, кепинг, жатақхана

2.тамақтандыру кәсіпорны – арнайы мамандандырылған тамақтандыру орындары, мейрамхан, кафе, асхана, бар

3 транспорт

4. діни орталық обьектілері.

Қорытынды.Діни туризм саласы жарнама концепциясын қажет етеді. Егер жоғарғы дәрежеде туризмнің осы түрін жарнамалай берсе, әрбір азаматтың көңілінде ішкі жан дүниесі оянып, діни туризм дами түсер еді.Діни туризмді дамытуда эускурссиялық ресурстар (архитектуралық және скульптуралық ескерткіштер; діни мерекелер; әдет ғұрыптар; салт дәстүрлер; халықтық эпостар; аңыздар) және ақпарат ресурстары (интернет желісі, ғылыми жұмыстар, көрме және мұражайлар) маңызды роль атқарады.    



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.