|
|||
презентациялық дәріс - 2 сағат.№ 11 презентациялық дәріс - 2 сағат. Тақырыбы: Емдік туризмнің географиясы. Мақсаты:Емдеу-сауықтыру туризм географиясының түрлерін және таралу орталықтарына сипаттама беру. Жоспар: 1. Емдік-сауықтыру туризмнің ерекшеліктері. 2. Курорттардың басты типтері. 3. Емдік-сауықтыру туризмнің географиясы.
1. Емдік (медициналық туризм). Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі ауруларды емдеуге деген қажеттілік жатыр. Емдік туризмнің адам ағзасына әсер ететін табиғи түрлерімен сипатталатын бірнеше түрлері бар, мысалы: климаттық емдеу, бальнеолық емдеу, теңіздік емдеу, лаймен емдеу, жеміспен емдеу, сүтпен емдеу және т.б. Сауықтыру туризмінің бірден бір мақсаты туризм құралдары әсерімен денсаулықтыру қайта қалпына келтіру, ауру түрлерімен күресу климаттық жағдайлар мен жорықтар арқылы жүзеге асады. 2. Рекреациондық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның табиғи және рухани күшінің қалпына келу қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мәселен, рекреациондық туризм келесі бағдарламаларды қамти алады: Рекреациялық туризм мақсаты – адамның физикалық және психикалық тұрғыдағы күштерін туризм әдістерімен қайта қалпына келтіру. Спорттық-сауықтыру туризмінің мақсаты – табиғи кедергілерді өту арқылы спорттық тұрғыдан жетілу. Бұл адамның қауіпсіздігін сақтау үшін барлық білімі мен тәжірибесін қиын табиғи рельефтер мен өзге де жерлерде практика жүзінде іске асыру. Туризм және демалыс. Туризмнің қоғамдық өмірдегі негізгі әлеуметтік функциясы – азаматтардың рухани жағынан тәрбиелеу. Тәрбиелік, спорттық және рекреациялық тұрғыдағы саяхаттар мен жорықтардың мүмкіндіктері. Туристік саланың құқықтық негіздері. Туризм – демалысты, бос уақытты өткізу, спорт, мәдени-танымдылық және табиғат пен қатынасты сипаттайтын осы заманғы экономика инфрақұрылымы салаларының бірі. Келу және шығу туризмінің дамуы туристік қызмет саласындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда, келу туризмін ынталандыру мақсатында туристік қызметті экспорттаумен айналысатын фирмалар мен ұйымдар қосымша құн салығын төлеуден босатылған, сондай-ақ арнайы экономикасы тұрақты мемлекеттердің туристеріне визалық рәсімдерді жеңілдету бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР туристік қызмет туралы заңына сәйкес туризм ҚР азаматтарының басқа елге кетуі немесе шетел азаматтарының танымдық, сауығу, іскерлік, спорттық, діни және өзге де төлемақысыз жұмыстармен елде 24 сағаттан 6 айға дейінгі кез келген шетел азаматы болып табылады. Ұйымдастырылмаған туризмді басқаша өзіндік деп те атайды, себебі мұнда саяхатты ұйымдастырушылар туристердің өздері болады. Маманданған қолданбалы туризмнің мақсаты кәсіптік білім, тәжірибе және дағды арқылы қайта қалпына келу болып табылады. Емдеу мақсатындағы саяхаттар (бальнеологиялық туризм)басқа туризм түрлеріне қарағанда әр адамның жеке басына ғана қатысты болады. Бірақ көптеген туристер топтық турлардан жеңілдіктер алу мақсатында бірігіп саяхат жасайды. Емделу мақсатындағы саяхаттардың ұзақтығы 24-28 күн. Бұл көрсеткіш туризмнің басқа түрлеріне қарағанда жоғары болып табылады. Емдік мақсаттағы саяхаттардың маршруттарын туризмнің осы түріне маманданған фирмалар ғана құрастыра алады. Көбінесе олар әр түрлі медициналық мекемелермен және ұйымдармен байланысты болады. Туристерге емделуге баруға дәрігерлер кеңес береді, ал ол турды ұйымдастырып, рәсімдейтін туристік фирмалар болып табылады. Туризмнің бұл түріне сұраныстың қалыптасуына медициналық мекемелердегі қызметкерлердің өз елдеріндегі немесе шет елдердегі курорттар және оларда көрсетілетін емдік курстар жайлы білетін ақпараттары үлкен әсерін тигізеді. Емдік-сауықтыру туризмі. Өскеменде еліміздегі барлық мекемелер мен мүдделі министрлік өкілдерінің, «Қазына» ТДҚ өкілдерінің, жергілікті өкімет органдары мен кәсіпкерлердің қатысуымен мемлекеттік бағдарламаның негізінде туристік кластердің дамуы бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Казинформ корреспонденті.ҚР ТИМ туризм индустриясы Комитетінің төрағасы Қайырбек Өскенбаев әсіресе еліміздің шығысында туризмді дамыту бағдарламасының жүзеге асуы жайында нақты әңгімелеп берді. Бәрімізге белгілі, осы жылы Қазақстанда оның жүзеге асуы басталды – Қапшағай, Бурабай, Ақтау және Шығыс Қазақстан туризмді дамыту бойынша жалпы жоспарға кірді. Егер бірінші үш ауданда жұмыс басталса(күрделі жоспар бекітілді, жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда), ал шығыста – осы мәселе бойынша алғашқы жұмыс отырысы. «Біз шығыста емдік-сауықтыру туризмін дамыту идеясын қолға алуды көздейміз, сонымен қатар осында панто-, батпақпен-, родоноемделуді ұсынуға болады. Біз сіздердің аймақтарыңызда болашақтағы дамуы үшін 5 жобаны іріктеп алдық, бюджеттік қаражатқа қажетті көлікті және коммуникативті инфракструктура құрылатын болады: олар – жолдар, байланыс, сумен қамтамасыз ету. Бұл – Алакөлдегі «АНА» емдік-сауықтыру комплексі, «Катон-Қарағай» пантоемделу емдік-туристік комплексі, «Климовка» демалыс базасы, «Алтай Альпы» демалыс базасының модернизациясы және шекарадан жоғары «Алтай – алтын шыңдар» туристік бағытындағы «Алтай номадтары» қазақстандық жер бөлігінің өңделуі».Кеңес жұмысының барысында ШҚО-дағы емдік-сауықтыру туризмін дамыту сұрақтары бойынша құрамында 17 адамы бар тұрақты қызмет тобы құрылды. ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжановтың ұсынысы бойынша жуырдағы екі аптаның ішінде министрлік пен әкімшілік арасындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру саласында әріптестік туралы келісім жобасын өңдеу керек деп шешілді.
|
|||
|