Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Табиғатты пайдалану құқығының түрлері, объектілері, субъектілері.



2.Табиғатты пайдалану құқығының түрлері, объектілері, субъектілері.

Субъектілеріне қарай табиғи объектілерге меншік құқығы 2-ге бөлінеді:

· Табиғи объектілерге жеке меншік құқық;

· Табиғи объектілерге мемлекеттік меншік құқық.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығы – азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін «Жер кодексі» белгіленген негіздерде, жағдайлар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы.Өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген (берілетін) жер учаскелері ҚР-сы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін.

Олар:

· Ауыл шаруашылық мақсатындағы;

· Қорғаныс қажеттері үшін пайдаланылатын;

· Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-әдени мақсаттағы;

· Орман және су қорларының;

· Елді мекендер жеріндегі жалпы пайдаланылатын;

· Босалқы жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.

Табиғи объектілерге мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз – табиғи объектілердің мемлекетке тиесілі болғандығын, сондай-ақ меншік иесінің табиғи объектілермен билік ету, пайдалану және ие болуын реттейтін заңдық нормалардың жүйесі.

Табиғи объектілерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі – Қазақстан Республикасы. Бұл субъектінің ерекшелігі:

· Ең ірі меншік иесі;

· Басқа меншік иелерінде бола алмайтын объектілердің меншік иесі болады;

· Ұлттандыру, тәркілеу, реквизициялау тәсілдерімен меншікті иелене алады;

Өзі үшін меншік иенің құқықтық шектерін анықтайды. [kgl]

3. Табиғат пайдалану құқығының нысандары.

Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бүл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмепің жекелеген түрлерін жүзеге асыру.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласыңда мына төменде аталған шаруашылық қызметінің эко- логиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:

Улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;

Су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материаддарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;

1-3 -топтағы қауіптілігі бар өндірістің қауіпті қалдықгарын жағу, химиялық өндеуден өткізу, сақгау мен көму, Кдзақстан Республика- сының қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша міңдеттемелерін орыңдаумен байланысты трансшекаралық тасымал;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағы шегіндегі кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объекгілерді орналастыру, салу мен қайта құру;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялықжәне биологиялық заттарды өндіру.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.

Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға об- лыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың — Алматы, астана — Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізіңде берілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес қоршаған ортаның ластануына лимиттер және табиғи ресурстарды альш қоюға лимитгер, сондай-ақ табиғи ресурстардың ластануына және оларды алып қоюға квота бар.

4. Жалпы және арнайы табиғатты пайдалану.Адамдардың табиғаттың экономикалық, экологиялық, мәдени, сауықтыру пайдалы қасиеттерін пайдалану мүмкіншілігін табиғат пайдалану деп түсінеміз. Осыған байланысты табиғатты пайдаланудың үш түрін: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік түрлерін ажыратуға болады. Табиғатты пайдалану сипаты жалпы және арнайы болуы мүмкін.
Жалпы табиғат пайдалану арнайы рұқсатты қажет етпейді. Ол адамдардың табиғи қажеттілігін жән өмір сүру, еңбек ету, демалу құқықытарының негізінде жүзеге асырылады.
Арнайы табиғат пайдалану физикалық және заңды тұлғалардың арнайы өкілетті орындардан рұқсат алуын талап етеді. Бұл да табиғат ресурстарының шектеулілігінің көрінісі. Ресурстар шектеусіз, сарқылмайтын болса және оларды тұтынуға алдын-ала дайындау қажет болмаса, рұқсат алудың да қажеті болмас еді. Арнайы табиғат пайдалану мақсатты болады және пайдаланатын ресурс түріне байланысты жерді пайдалану, суды, орманды, пайдалы қазбаларды, жабайы өсімдіктрді, жануарларды, құстарды, атмосфера ауасын пайдалану болып бөлінеді. Арнайы табиғат пайдалану әрқашан табиғат ресурстарын тұтынумен байланысты. Сондықтан құқықтық реттуді қажет етеді. ҚР табиғат пайдалануды қорғауды реттейтін арнайы заңдар мен кодекстер қабылданған.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.