|
|||
Табиғи обьектілерге жеке меншік мемлекеттік меншік құқығы ұғымы.3.Табиғи обьектілерге жеке меншік мемлекеттік меншік құқығы ұғымы. Табиғи ресурстарға меншік құқығының мазмұны үш мағынада қолданылады: иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы. Иелену құқығы – табиғи ресурстарды нақты субъектілердің іс жүзіндегі иелену құқығы. Пайдалану құқығы – табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін тұтыну процесінде алуды білдіреді. Билік ету құқығы – табиғи ресурстардың заңды тағдырын анықтауға бағытталған заңмен анықталған мүмкіндік. Табиғи ресурстаға меншік құқығы мына негіздер бойынша пайда болады: 4) мемлекеттік органдар актілері; 5) азаматтық-құқықтық мәмілелер; 6) Қазақстан Республикасының заңдылығымен көзделген өзге де негіздер бойынша. Табиғи ресурстаға меншік құқығы мына негіздер бойынша пайда болады: 4) меншік құқығын ұсыну арқылы; 5) меншік құқығын беру арқылы; 6) әмбебап құқық қабылдау тәртібімен меншік құқығының өтуі арқылы (мұралық, заңды тұлғаны қайта құру). Табиғи ресурстаға меншік құқығы мына негіздер бойынша тоқтатылады: 4) меншік иесінің табиғи ресурстарды алып қоюы; 5) меншік иесінің меншік құқығынан бас тартуы; 6) Қазақстан Республикасының заңдылығымен көзделген өзге де негіздер бойынша. ҚР Жер кодексінің 23 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республиксының азаматтарының жеке меншігінде мынадай жер учаскелері болады: - шаруа (фермер) қожалықтарының жерлері; - жеке қосалқы шаруашылық үшін жерлер; - орман шаруашылығы үшін жерлер; - бау-бақша жерлері; - жеке тұрғын үй жерлері; - дачаға арналған жерлер. 2003 жылғы 9 шілдедегі ҚР Су кодексінің 4 бабына сәйкес ҚР Су қорына Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық су кадастрына жататын су объектілері жатады. ҚР су қоры мыналарды құрайды: - өзендер, көлдер, батпақтар, су қоймалары, өзге де жер үсті ресурстары, сонымен қатар каналдар мен магистралдық су қоймалары; - жерасты сулары; - мұздықтар; - ҚР аумағындағы Каспий және Арал теңіздерінің сулары.
|
|||
|