Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





й тапсырмасы



 

Ф.4.10-03

 

Пәні атауы: Экологиялық құқық

Дайындаған оқытушы: Жумабекова С.О.

«07» 09. 2020ж

 

Курс:2, Топ: ЮК-19-01

Сабақтың мақсаты: Экологиялық құқықтың қайнар көздері, экологиялық заңнамаларды зерттеу, зерделек.

Тақырып: Экологиялық құқықтың қайнар көздері

 

1. Экологиялық құқықтың қайнар қайнар көздерінің түсінігі және түрлері Құқық саласының мазмұны адамдардың белгілі бір мінез-құлық ережелерін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Құқықтық нормалар белгілі бір құқықтық мәртебесі, заңдық күші мен басылым нысаны бар құжаттарды баянды етіліп, ресімделеді. Белгілі бір белгілер бойынша біріккен құқықтық актілердің жиынтығы заңнаманың нақты саласының мазмұны болып табылады. Құқық саласы мен заңнама саласы дербес құқықтық құбылыстар, бірақ тығыз байланысты және өзара тәуелді құбылыстар болып табылады. Заңнаманың дамыған саласының болуы құқықтың дербес саласын қалыптастыру үшін қажетті алғышарт болып табылады. Сондықтан экологиялық құқықтың мәні мен сипатын талдау үшін экологиялық заңнаманың мазмұнын зерделеу керек. Экологиялық құқықтың қайнар қайнар қайнар көздері деп танылады, бірақ экологиялық құқықтың құрамына олар кірмейді. Сондықтан былай деп айтуға болады: “экологиялық құқықтың қайнар қайнар қайнар көздерінің” ұғымы “экологиялық заңнама” ұғымынан гөрі кеңірек. Қазақстанның осы заманғы құқық жүйесі тығыз өзара байланысқан, құқық салалары “астасып жатады” және өз кезегінде Экологиялық кодекс қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, салық және т.б. құқық салаларының қайнар қайнар қайнар қайнар көздері болып табылады. Экологиялық құқықтың қайнар қайнар қайнар көздері мазмұндық, жуықтастық және өзге де белгілер бойынша бөлінеді, мұның өзі оларды топтастыру үшін негіз болып табылады. Құқық теориясында көптеген негіздер белгілі – басылым түрі бойынша, іс-қимыл аумағы бойынша, іс-қимыл уақыты бойынша, адамдардың тобы бойынша және т.б. Мейлінше кеңінен тараған топтастыру – заңдық күші бойынша. Заңдық күші жағынан экологиялық құқықтың барлық қайнар қайнар қайнар көздері заңдарға және заңға тәуелді актілерге бөлінеді, бұларға Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың нұсқамалықтары мен бұйрықтары, билік етуші жергілікті органдардың шешімдері жатады. Олар заңдарды орындау үшін қабылданады. Экологиялық құқықтың қайнар қайнар көздері обьективтік белгісі жағынан мыналарға: кешенді, ресурстық және әлеуметтік-экологиялық қайнар көздер болып бөлінеді. Экологиялық құықтың кешенді қайнар қайнар көздері ретінде құықтық реттеу обьектісі бүкіл табиғат кешені болып табылатын нормативтік актілер, біртұтас құрылым ретінде табиғи орта танылады.   Экологиялық құқықтың кешенді қайнар қайнар көздеріне Экологиялық кодексті жатқызуға болады. Экологиялық құқықтың ресурстық қайнар көздері деп құқықтық реттеу обьектісі табиғаттың жеке обьектісі, жеке табиғат ресурсы болып табылатын нормативтік актілер танылады. Бұл арада мыналарды атауға болады: Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. Соңғы уақытта, заңнама жүйесінде адамның денсаулығына немесе адам тіршілік етуінің жағдайларына орай табиғи ортаның жай-күйіне ықпал ететін, реттеу обьектісі табиғат жағдайлары болып табылатын нормативтік актілердің жеке тобын бөліп көрсетуге болады. Мысал ретінде, ‘Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы”, “Арал өңірінде экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы”, “Семей облысындағы ядролық полигон туралы” заңдарды көрсетуге болады. Осы топтағы актілердің (әлеуметтік-экологиялық) кешенді актілерден өзгешелігі адам факторының қатысуында, адамның тіршілік етуі үшін қолайлы қоршаған ортаны құру бағытында, яғни әлеуметтік фактордың қатысуында болып табылады. Қазақстан Республикасында экологиялық заңнамасының даму тарихы бірнеше кезеңнен өтеді. Біздің білетініміздей, жер қатынастары Қазақстанда бұдан көп бұрын, оның Ресей империясының құрамына енуі кезеңінде-ақ дамыған болатын. 1917 жылдан кейін Қазақстан аумағында Ресей Федерациясының, Түркістан Автономиялық социалистік республикасының жер-құқық нормалары қолданылды. Қазақстанның экологиялық заңнамасы дамуының бірінші кезеңі 1922 – 1957 жылдарының аралығында (1922 – 1957 ж.ж.) басталды. Осы кезеңде Қазақ КСР аумағында табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін жекелеген нормативтік актілер қабылданды. Бұл актілердің күші жер құқығы шегінде жүзеге асырылды, бірақ бұл кезеңнің айрықша ерекшелігі жер заңнамасының жүйелілігінің және оны қисындауының болмауы дер едік. Осы уақытта іс жүзінде тіпті қоршаған ортаны қорғау мәселелері реттелмеді, күн тәртібіне қойылмады. Су, орман, тау-кен заңнамалары заңның дербес салалары ретінде бөліп көрсетілмеді. Екінші кезең 1958 – 1981 жылдары аралығында (1958 – 1981 ж.ж.) басталды. Бұл кезең экологиялық заңнаманың мейлінше серпінді дамуымен, заңның ресурстық салаларын жүйелеу және оларды қисындау процестерімен сипатталады. Қазақ КСР-да осы кезеңде: 1971 жылы - Жер Кодексі, 1972 жылы – Су Кодексі, 1976 жылы – Жер қойнауы туралы Кодекс, 1978 жылы – Орман Кодексі, 1981 жылы “Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы”, “Атмосфералық ауаны қорғау туралы” Заңдары қабылданды. Экология саласында заңнаманың алты дербес саласының болғаны танылды: олар – жер, су, тау-кен, орман, фауналық, атмосфералық ауа заң салалары.Алайда осы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар бір-бірінен бөлек қарастырылды, құқықтық реттеудің кешенді әдісі болмады. Бұл 1962 жылы қабылданған “Табиғатты қорғау туралы” Заңнан ерекше айқын көрінді. Ол 20 баптан тұрды, олардың мазмұны мейлінше ресми сипатқа ие болды, мемлекеттік басқару тетігі, жауапкершілік тетігі, табиғи ресурстарды пайдалануға ақы төленетіндігі көзделмеген. Табиғат ресурстары кодекстерінің құқықтық мазмұны шаруашылық жүргізудің социалистік әдістеріне негізделді, мұның өзі басқарудың әкімшілік әдістерінің экономикалық әдістерден артықшылығын білдіретін еді. Үшінші кезең кезінде (1982 – 1995 ж.ж.) бұрынғы Кеңестер Одағының күйреуі мен Қазақстан Республикасының егемендік және тәуелсіздік алу процесі болды. Жаңа мемлекет нарықтық қатынастарға көше бастады, жаңа экономикалық институттар қалыптасты, “ақылы қызмет”, “табиғат ресурстарын пайдаланудың шарттық талаптары” ұғымы енгізілді. Қазақстанда банк қызметін, жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы қызметін реттейтін заңнаманың бүтіндей жаңа салалары жедел әзірленіп, қабылданды. Табиғат ресурстарына мүліктік құықтарды реттеу саласында өзгерістер болды, бұл жер құқығы қатынастары саласынан ерекше айқын аңғарылуда. Сонымен бірге, нормативтік экологиялық актілерде жаңа нарықтық элементтермен қатар “кеңестік” кезеңінен Қазақстанның заң тәжірибесіне енген дәстүрлі әкімшілік әдістері де қолданылды. Осы кезеңде Жер Кодексі, Су Кодексі, Орман Кодексі, “Жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және өсімін молайту туралы” Заң, Жер қойнауы және минералдық шикізатты өңдеу туралы Кодекс қабылданды. Мынаны ерекше атап көрсету керек: осы кезеңде мемлекеттің экологиялық қызметі қалыптасты. Табиғат қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды – ол экология саласындағы арнайы өкілетті орган болды, барлық орныққан табиғат қорғау қызметін қорытындылады және жаңа экологиялық әдістер мен қағидаларді баянды етті. Экологиялық заңнаманы дамытудың төртінші кезеңі 1995 жылғы 30 тамыздан 2003 жылға дейін. Бұл Қазақстанда нарықтық эконоимканы реттейтін заң толық қалыптасқан кезең болды, тәжірибеге “жерге жеке меншік” институты енгізілді, өнеркәсіптің негізгі салаларында жекешелендіру процесі аяқталды. Мемлекеттің экологиялық тәжірибесіне жаңа экономикалық әдістер барған сайын жедел енгізілді, бұл заңда бянды етілді. Осы кезде мынадай маңызды нормативтік актілер – Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар “Жер туралы”, “Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы” Жарлықтары, Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы”, “Экологиялық сараптама туралы” Заңдар қабылданды. 2003 жылдан басталады және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келеді. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Жер, Орман, Су кодекстері, «Жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және қалпына келтіру туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңдар жаңа редакциясында қабылданды. 2007 жылы 9 қаңтарда экологиялық заңдар жүйелендіріліп, жаңа ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. Бұл кезең одан әрі жалғасуда, өйткені қолданыстағы экономикалық институттарды есепке ала отырып, барлық табиғат ресурстары кодекстері мен заңдарын жаңа редакциясында қабылдау, сондай-ақ республикада экологиялық басқарудың жекелеген институттарын дамыту жоспарланып отыр. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері ретінде 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы экологиялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады, өйткені ол табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің жалпы құықтық негіздерін бекітеді. Бұдан кейінгі барлық заңдар мен заңға тәуелді актілер Конституцияның баптарын орындау үшін, Конституцияда айтылған қағидалар негізінде қабылданады. Экологиялық құқыққа қатысты Конституция нормаларының арасында мына нормаларды бөліп көрсетуге болады: 1) ұйымдық-басқару; 2)экономикалық; 3)әлеуметтік нормалар. Ұйымдық басқару нормаларына қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласында оның органдары, лауазымды адамдары арқылы мемелекеттің қызметі мен құзыретін баянды ететін Конституцияның нормаларын жатқызған жөн. Конституция нормаларының бұл тобына Республика Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, биліктің жергілікті органдарының өкілеттіктерін реттейтін нормаларды жатқызу керек. Конституцияның жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны құықтық реттеу қажеттігін тікелей көрсетеді. Мысалы, 31-бапта былай делінген: “Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды”. 44-бап Президенттің республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітуі құқығын баянды етеді (мұның мемелекеттік экологиялық бағдарламаға да қатысы бар). 61-баптың 9-тармағында Парламенттің “аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығаруға, айналадағы ортаны қорғауға қатысты негізгі қағидалар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға құығы баянды етілген”. Экологиялық нормаларға табиғат ресурстарына меншік нысанын белгілейтін Конституцияның 6-бабын жатқызған жөн. “Жер және оның қойнауы, су, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқада табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін” (6-бап, 3-бөлім). Конституцияда, сондай-ақ, меншік құқығын қорғайтын норма да бар, соның ішінде мұрагерлік құқығын қорғайды (26-бап, 2-бөлім). Яғни, бұл ереже жер учаскесін мұрагерлікке алу құқығына қолданылады. Конституцияның бұл нормалары негізгі табиғат ресурстары заңдары мен кодекстерінде өзінің құқықтық дамуына жол ашты. Конституцияның әлеуметтік нормаларына 38-бапты жатқызу керек, онда былай деп белгіленген: “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті”. Азаматтардың қоғамдық экологиялық ұйымдарға қатысуына өздерінің құқықтарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында экологиялық проблемаларды қою және шешу, өздерінің экологиялық құқықтарын сотта қорғау және т.б. мүмкіндіктерімен жүзеге асыруға қатысты жекелеген ережелер Конституцияның “Адам және адамзат” деген 2-бөлімінде белгіленген. Конституцияның мақсаттары мен міндеттеріне, негізгі қағидаларына сәйкес экологиялық заңдар мен кодекстер, сондай-ақ заңға тәуелді актілер қабылданды және қабылданып жатыр. 3. Экологиялық кодекстер мен заңдар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнама жүйесі Конституцияда айтылған негізгі идеялардың мазмұнынан дамиды. Оның республикада аса маңызды табиғат қорғау заңдары мен табиғат ресурстарының кодекстері қабылданды. Өкінішке қарай, біртұтас кешен ретінде табиғаттың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі идеясы экологиялық заңнаманың бүкіл жүйесін қамти алмайды.

 Сондықтан, кейбір табиғат ресурстары заңдарының құқықтық мәртебесі біртұтас табиғат кешенін сақтаудың басымдылығы және бағыныштылығының қағидасы күшінің шегінен шығып кетеді. Бірінші кезекте олардың мазмұны табиғат ресурсын пайдалануды реттеуге бағытталған. Негізгі табиғат қорғау заңы 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі болып табылады. Оның құрылымына 9 бөлім, 47 тарау, 326 бап жатады. 2006 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” Заңы қабылданды. Оның құрылымына 18 тарау, 85 бап кіреді. Қазақстанда қорық ісін ұйымдастырудың байырғы және бай тарихы бар және эколгогиялық құқықтың жеке дербес институты ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта республикада әр түрлі құқықтық мәртебеге ие болған ерекше қорғалатын аумақтардың, олардың түрлерінің елеулі мөлшері бар. Бұл заңның үлкен көлемде болуы мен оны реттеудің толып жатқан мәселелері осымен түсіндіріледі. Негізгі экологиялық заңдардың тобына Қазақстан Республикасының жекелеген табиғи ресурстарын реттейтін салалық (ресурстық) заңдар мен кодекстер жатады.Егжей-тегжейлі мазмұны мен олардың талдауы Ерекше бөлімінде берілетін болады, бұл тарауда олардың жалпы сипаттамасы мен құрылымы қарастырылады. Негізгі салалық заң актісі 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексі болып табылады. Кодекс 5 бөлімнен, 21 тараудан, 170 баптан тұрады. 1996 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Жарлыққа қол қойды. Жарлықта жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау жөніндегі қатынастарды реттеудің жалпы шарттары мазмұндалады. Онда сондай-ақ тау-кен заңының мақсаттары мен міндеттеріне жалпы сипаттама беріледі (I тарау), жер қойнауын пайдаланй саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті анықталады (II тарау), жер қойнауын пайдалану құқығының туындау жағдайлары, түрлері, субьектілері, негіздері баянды етіледі (III тарау). Жарлық барлау және өндіру жұмыстарына лицензиялар мен келісімшарттарына қортындылар беруді реттейді, жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғау және халықтың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды көздейді, оған жер қойнауы қорын мемлекеттік басқару қызметтерінің кешені жатады (мониторинг, сараптама, кадастр, есеп). Жарлық жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін және олардың келісім шартпен лицензиялардың талаптарын сақтауым, сондай-ақ осы жарлықтын күшіне ену тәртібін бақылауды реттейді. Тау-кен құқығы заң актілерінің расынан 1995 жылғы 28 маусымдағы заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар “Мұнай туралы” (1997ж. 13.06. N 122-1, 1999 ж. 11.08 N 4671 өзгерістерімен), 1995 жылғы 20 шілдедегі “ Бағалы металдармен және бағалы тастармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы” Жарлықтарын атаған жөн. Қазақстан Республикасының Парламенті 2003 жылғы 8 шілдеде Орман Кодексін қабылдады. Оның құрылымына 9 бөлім, 20 тарау, 118 бап жатады. Орман кодексінің осы редакциясының мазмұны қазіргі практика талаптары мен Қазақстанның осы заманғы экономикалық шынайлықтарына сай келеді.

 Орман Кодексімен сондай – ақ орман пайдалануға ақы төленетіндігі, орман шаруашылығын қаржыландыру, мемлекеттік орман кадастрын : сонымен бірге орман мониторингін жүргізу, орманды орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру , орман дауларын шешу және заңын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану жөніндегі қатынастар реттеледі . Бұл кодекс IX бөліммен аяқталады, онда ұлттық заңға да қатысты халықаралық шарттардың басымдылығы баянды етілген. Экологиялық құқықтың елеулі қайнар қайнар көздерінің бірі 2003 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті қабылданған Қазақстан Республикасының Су Кодексі. Ол 11 бөлімнен, 32 тараудан, 146 баптан тұрады . Сонымен бірге, бұл заң актісі су қатынастарын реттеуде елеулі рөл атқарады. 2004 жылығы 9 маусымда ҚР-ның Парламенті “Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Заң қабылдады. Ол 11 бөлімнен , 61 баптан тұрады. Бұл заңнын реттеу нысаны табиғи еркіндік жай-күйінде болатын жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану саласындаға қоғамдық қатынастар болып табылады. Жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады. 4. Заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілер Негізгі экологиялық заңдардың мазмұнына сәйкес және оларды орындау үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге бағытталған заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың жекелеген объектілері бойынша топтастырылыда немесе барлық қоршаған ортаға қатысы болады. Заңға тәуелді актілер жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады. Осы орган қабылдайтын нормативтік актілер атқарушы билік органдарының барлық жүйесі үшін, министрліктер, комитеттер, ведомстволар, барлық деңгейдегі әкімдіктер үшін міндетті болып табылады. Бұл актілермен табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша субъектілер тәртібінің жалпы шарттары, ережелері белгіленеді. Министрліктер мен ведомстволар да заңға тәуелді актілерді бұйрықтар , нұсқамалықтар шығарады олар белгілі бір министрліктің шектерінде қолданылады және көрсетілетін министрлікпен қатынаста болады. Мысал ретінде ҚР – ның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды атауға болады. Биліктің жергілікті атқарушы органдары, облыстар, қалалар, селолық елді мекендер әкімдері атынан шешімдер қабылдайды, олар да заңға тәуелді экологиялық актілер болып табылады. Мысалы, әкімдердің шешімдерімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үщін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкалары белгіленеді, табиғатты қорғау қорының қаражаттарын жұмсау тәртібі, қалалар мен аудандарды жасыл желекке бөлеу мен экологиялық абаттау мәселелері анықталады.

Сөйтіп, экологиялық заңның құрамына экологиялық заңдар мен кодекстер, экологиялық заңға тәуелді актілері, сондай – ақ экологиялық қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық нормалар мазмұндалатын заңнаманың өзге де салаларының заңдары мен заңға тәуелді актілері жатады.

 

 

3. Үй тапсырмасы

1. Тақырып бойынша мазмұндап келу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.