Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





й тапсырмасы. Ресурстар. Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері мен объектілері



3. Үй тапсырмасы

1. Тақырып бойынша мазмұндап келу.

 

4. Ресурстар

 

 

Ф.4.10-03

Пәні атауы: Экологиялық құқық

Дайындаған оқытушы: Жумабекова С.О.

«13» 09. 2020ж

 

Курс:2, Топ: ЮК-19-01

Сабақтың мақсаты: Табиғи ресурстарға меншік құқығы экономикалық және заңдық аспектілері ретінде қарастыру.

Тақырып: Табиғи объектілерге меншік құқығы.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңының 11бабына сәйкес жер, оның қойынауы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі Қазақстан республикасының егеменділігінің материалдық негізін құрайды, сондықтан да мемлекет меншік қатынастарын құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөліп отыр.

Табиғи ресурстарға меншік құқығы экономикалық категория ретінде мемлекет пен құқық пайда болғанға дейін пайда болған. Экономикалық мағынасындағы меншіктің басты белгісі иемдену, яғни олардың жекелеген адамдардың иеленуін білдіреді.

Меншікті құқықтық мағынасында мемлекет пен құқық пайда болуымен бірге пайда болды, иеленуге пайдалану және билік ету құқықтарын бектуді білдіреді.

Табиғи ресурстарға меншік құқығы объективті мағынасында – бұл табиғиресурстарға меншік қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде қарастырамыз.

Табиғи ресурстарға меншік құқығы субъективті мағынасында нақты меншік иесінің табиғи ресурстарды иелену, пайдалану және билік етуімен байланысты құқық өкілеттіктер жиынтығын айтамыз.

2. Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері мен объектілері

Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері болып мемелекет, жеке және заңды тұлғалар танылады.

Табиғи ресурстарға меншік құқығының объектісі болып жер, оның қойнауы, қсімдіктер мен жануарлар дүниесі танылады. Мұнда ерекше қорғалатын табиғи аумақ – кешенді объектіні жатқызамыз.

Заң ғылымында өзекті мәселе болып атмосфералық ауаны меншік объектісі ретінде жатқызу мәселесі қарастырылады. ҚР Конституциясы бойынша атмосфералық ауа меншік құқығының объектісі болып табылмайды.

Табиғи ресурстарды меншік құқығының объектісі ретінде сипаттайтын белгілері болып мыналар танылады:

1. Заттануы. Бұл белгісі бойынша атмосфералық ауа, климат ресурстары, күн энергиясы, өздерінің объективті мағынасында меншік құқығының объектісі болып танылмайды.

2. Қоршаған ортадан ажырамастығы.Егер табиғи ресурстарды бөлетін болсақ, онда табиғи ресусртаға меншік құқығының жай-күйі өзгереді. Мысалы, орманна ағаш кессек, тауарлы-материалдық құныдылыққа меншік құқығы пайда болады.

3. Құнының жоқтығы. Мұнда табиғи объектілердің табиғи, эволюциялық пайда болу нәтижесі екендігін айтуымыз шарт.

3. Табиғи объектілерге жеке меншік және мемлекеттік меншік құқығы ұғымы.

 

Табиғи ресурстарға меншік құқығының мазмұны үш мағынада қолданылады: иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы.

Иелену құқығы – табиғи ресурстарды нақты субъектілердің іс жүзіндегі иелену құқығы.

Пайдалану құқығы – табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін тұтыну процесінде алуды білдіреді.

Билік ету құқығы –табиғи ресурстардың заңды тағдырын анықтауға бағытталған заңмен анықталған мүмкіндік.

Табиғи ресурстаға меншік құқығы мына негіздер бойынша пайда болады:

1) мемлекеттік органдар актілері;

2) азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3) Қазақстан Республикасының заңдылығымен көзделген өзге де негіздер бойынша.

Табиғи ресурстаға меншік құқығы мына негіздер бойынша пайда болады:

1) меншік құқығын ұсыну арқылы;

2) меншік құқығын беру арқылы;

3) әмбебап құқық қабылдау тәртібімен меншік құқығының өтуі арқылы (мұралық, заңды тұлғаны қайта құру).

Табиғи ресурстаға меншік құқығы мына негіздер бойынша тоқтатылады:

1) меншік иесінің табиғи ресурстарды алып қоюы;

2) меншік иесінің меншік құқығынан бас тартуы;

3) Қазақстан Республикасының заңдылығымен көзделген өзге де негіздер бойынша.

ҚР Жер кодексінің 23 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республиксының азаматтарының жеке меншігінде мынадай жер учаскелері болады:

- шаруа (фермер) қожалықтарының жерлері;

- жеке қосалқы шаруашылық үшін жерлер;

- орман шаруашылығы үшін жерлер;

- бау-бақша жерлері;

- жеке тұрғын үй жерлері;

- дачаға арналған жерлер.

2003 жылғы 9 шілдедегі ҚР Су кодексінің 4 бабына сәйкес ҚР Су қорына Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық су кадастрына жататын су объектілері жатады.

  ҚР су қоры мыналарды құрайды:

- өзендер, көлдер, батпақтар, су қоймалары, өзге де жер үсті ресурстары, сонымен қатар каналдар мен магистралдық су қоймалары;

- жерасты сулары;

- мұздықтар;

- ҚР аумағындағы Каспий және Арал теңіздерінің сулары. [kgl]



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.