Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ресурстар



4. Ресурстар

 

Ф.4.10-03

 

Пәні атауы: Экологиялық құқық

Дайындаған оқытушы: Жумабекова С.О.

«07» 09. 2020ж

 

Курс:2, Топ: ЮК-19-01

Сабақтың мақсаты: Қоршаған орта мен жер қойнауына заңға сәйкес қатынасуды үйрету

Тақырып: Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі.

 

 

Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар болып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атауларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта – табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаған ортаның ластауы – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің, және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері. Сондықтан адамзаттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайдалану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылаты Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады. Экологиялық құқықтар әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшін адамдардың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік-құқықтық және азаматтық құқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер экологиялық құқық саласында да пайдаланылады.н өзге құрамдас бөліктері.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.