Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





й тапсырмасы. Ресурстар



3. Үй тапсырмасы

1.Табиғи ресурстарға мемлекеттік құқықтың субьектілері мен обьектілеріне ауызша сипаттама беру.

2.Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының субьектілері мен обьектілері жөнінде схема жасаңыздар.

3.Табиғат обьектілеріне жеке меншік құқықығының пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылу негіздері жөнінде комментарий жасау.

4. Табиғат обьектілеріне жеке меншік құқығына қатысты қысқаша конспект жазу.

5.Глоссарий жазу /терминдерге түсінік беріңіз.1.Экологиялық конвенциялар-...2.Табиғат пайдалану-...3.Экологиялық құқықтық актілер –

Реферат тақырыптары: 1.ҚР-да табиғи объектілерге мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және мазмұны.2.ҚР-да табиғи объектілерге мемлекеттік меншік құқығының түрлері

4. Ресурстар

 

Ф.4.10-03

Пәні атауы: Экологиялық құқық

Дайындаған оқытушы: Жумабекова С.О.

«13» 09. 2020ж

 

Курс:2, Топ: ЮК-19-01

Сабақтың мақсаты: Табиғатты тиімді пайдалану, заңнамаларды сақтау.

Тақырып: Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары, белгілері.

Табиғатты пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы өзара әсер етудің бір түрі болып табылады. Ол дегеніміз экологиялық, экономикалық және мәдени-сауықтыру, өнегелілік-эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы табиғи ортадан алатын пайдалы қасиеттерді білдіреді.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңында берілген анықтамаға сәйкес «табиғат пайдалану – табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін шаруашылық қызметтерге адмамдардың пайдалануын айтамыз».

Табиғат пайдалану объективті мағынасында табиғи ресурстарды беру, алу және пайдаланудың жағдайларын және де табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын білдіреді.

Табиғат пайдалану субъективті мағынасында экологиялық заңдылықпен белгіленген нақты табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын айтамыз.

Табиғат пайдалану құқығының белгілері болып ғылыми негізделу, мақсатты сипат, тиімділік, кешенділік, лимиттеу мен квоталау, лицензиялау жатады.

Табиғат пайдалану құқығының ғылыми негізделуі деп табиғи ресурстардың табиғат заңдарына бағынуын, экономикалық және экологиялық мүдделердің үйлесуін білдіреді.

Табиғат пайдалану құқығы мақсатты сипатта болады. Мемлекет жекелеген табиғат пайдаланушыларға нақты табиғи ресурстардың жекелеген учаскелерін, объектілерін және өзге де нақты мақсаттар үшін арналған жерлерді береді.

Табиғат пайдалану құқығының тиімділігі қоршаған ортаның табиғи объектілерін ақыл-ойға сай, мақсатты, тиімді пайдалануды білдіреді.

Заңдық тұрғыдан табиғи объетілерге меншік құқық – табиғат ресурстарға билік ету, пайдалану және ие болу бойынша экономикалық қатынастың құқықтық нормаларымен бекітілуі нәтижесі болып танылады.

Табиғи ресурастарға меншік құқық объектік мағынада табиғи ресурстарға меншік құқық қатынастарын реттейтін құқық норманың жиынтығын білдіреді.

Табиғи ресурстарға меншік құқық Субъектік мағынада табиғи ресурстармен билік ету, пайдалану және ие болу бойынша белгілі меншік иесінің құқық өкілеттіктердің жиынтығымен түсіндіріледі.

Табиғи объектілерге меншік құқықтың мазмұнын 3 құқық өкілеттіктер: ие болу құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы құрайды.

Ие болу құқығы – табиғи объектілердің белгілі субъектіге, оларға іс жүзінде иелік етудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

Пайдалану құқығы – табиғи объектілерді пайдалану процесінде олардан пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ табыс алудың заңдық қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

Билік ету құқығы – табиғи объектілерге қатысты заңдық акт жасау жолымен табиғи объектілердің заңдық тағдырын анықтаудың заңдық қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

Табиғи объектілерге меншік құқығын қорғау дегеніміз – табиғи объектілерге меншік құқығын иелену ждәне тоқтатудың тәртібін және табиғи объектілерге меншік иелері ретіндегі тұлғаның және мемлекеттің құқық өкілеттіктерін қорғауға бағытталған қызмет.

Бұл қызметке табиғи объектілерге меншік құқығын иелену және тоқтату тәртібіне, табиғат пайдалануға бақылау және қадағалауды жүзщеге асыру бойынша; ескерту-профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша; экологиялық заңдылықтың талаптарының сақталуын және орындалуын күшейту бойынша; табиғи ресурстардың меншік иелерінің құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік шараларын қолдану бойынша шаралар кіреді.

Табиғи объектілерге меншік құқығының субъектілері мемлекет, жеке және заңды тұлға табылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.