Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Халықтың саяси сауаттылығымен саяси белсенділігі ұғымдарының өзара байланысын қарастырыңыз.



30. KZ-дағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі мемлекет құрушы ұлттың саяси рөлін түсіндіріңіз.

Қазақстан қоғамын үйыстырушы маңызды фактор – мемлекетқұраушы қазақ ұлты.

Әлемнің өзгеруімен бірге этникалық құбылыстар да өзгеруде. Ешқандай мемлекет ұлтсыз қалыптаспаған. Сонымен бірге – әр кезде кейде үстемдік жүргізген, кейде өзгенің ұлттық ерекшеліктерін жоюға тырысқан, болмаса ұлттардың басын қосуға ұмтылған мемлекетқұраушы этнос та болған. Бұл бірлікке қол жеткізудің жолдарына байланысты. Сондай-ақ, Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт ретінде жаңару мәселесі маңызды. Оған барлық этникалық қауымдастықтар мүдделі болуға тиісті.

Жеке азаматтың хұқы әлеуметтік, этникалық, басқа топтардың хұқықтарынан маңызды болғанымен, мемлекет құраушы ұлт жаһандық әлеуметтік, экономикалық өзгерістер тұсында өзінің тағдырына ғана емес, мемлекетте өмір сүруші барлық этникалық қауымдастықтардың қарым-қатынастарына саналы түрде жауапкершілігін сезінеді. Қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт ретінде қабылдамау елімізді ұлттан тыс мемлекет моделіне бағыттар еді, мемелекет қазақтар мәселесін шешуден шеттетіледі, ал ол біздің басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді мәнсіз етеді.

Бүгін қазақтар барлық мемлекетқұраушы ұлт талаптарына саяси және этникалық жағынан сай: өзінің байырғы жерінде, сан жағынан елде басым және барлық диаспоралардың хұқын қорғап отыр. Қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт мәртебесі Қазақстан халқы бірлігіне көлеңке түсірмейді, керісінше, оның елді біріктіруші қызметін айқындайды. Атап айтқанда, мемлекетқұраушы ұлт елдегі өмір сүретін барлық этникалық қауымдастықтардың тең хұқықтығына жауапты, сондай-ақ, қазақтар да олардың қолдауына мүдделі. Мемлекетқұраушы ұлт ретінде қазақтар Казақстанда қоныстаған диаспоралардың басын қосатын ұйытқы.

Ұлттық және діни құндылықтар рухани мәдениетте бұрын да, бүгін де бір-бірімен ажырамас бірлікте. Дәстүрлі діндер ұлттық мәдениетті сақтаудың нақты тетігі қызметін атқарып келеді. Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанның ұлт саясаты бұл үрдісті ескеруі тиіс. Барлық дәстүрлі конфессияларды мойындай және сыйлай отырып, Қазақстан экстремистік ұйымдардың қызметіне тыйым салады.

«Қазақстан Республикасының жаңа ұлт саясатының Тұжырымдамасын» (онан әрі-«Тұжырымдама») дайындау мен қабылдаудың қажеттілігі қоғам және әлемдегі жаңа этнодемографиялық, әлеуметтік Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы және геосаяси, ұлттық және діни фактордың өсуі жағдайында Қазақстан халқының бірлігін және тұрақтылықты нығайтуға бағытталған 2011-2020 жылдардағы мемлекет саясатының нақты мақсаттары, қағидаттары мен міндеттерін анықтаудан туындайды.

Жаңа ұлт саясаты әртүрлі этностық қауымдастықтардың қарым-қатынастарын, олардың ерекшеліктерін есепке ала отырып жүйелеуге және оған бағыт беруге арналады. Бұл саясат әлеуметтік-экономикалық, саяси тетіктер, рухани құндылықтар, мәдениет пен тіл арқылы этносаралық және конфессияаралық бірлікке жеткізетін жолдар мен шешімдерді анықтайды.

«Тұжырымдама» Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері және адам құқықтары мен түрлі этникалық қоғамдастықтарға жататын адамдардың ең басты бостандықтары жөніндегі халықаралық құқықтың жалпы талаптарына сүйенеді. Ол экономикалық, саяси, әлеуметтік тетіктер және тіл мен мәдениет негізінде этника және дінаралық келісімге жетудің әдістері мен құралдарын анықтайды.

31.Халықтың саяси сауаттылығымен саяси белсенділігі ұғымдарының өзара байланысын қарастырыңыз.

Саяси белсенділік - [лат. activus - белсенді] - саяси ортадағы өмірлік маңызы бар байланыстарды қайта құруға немесе қолдауға бағытталған жеке түлғаның белсенді қызметі. Саяси психологияда белсенділік саяси қызметтің, оның қалыптасуының, жүзеге асуының және өзгеруінің динамикалық шарты ретінде қарастырылады. Саяси белсенділік:

1) іс-әрекеттің саяси субъектінің ішкі жағдайымен байланыстылығы;

2) саяси субъектінің мақ- сатымен байланыстылығы;

3) жағдайдан жоғары, яғни бар мақсаттардан жол табу;

4) қабылданған мақсатқа қатысты саяси қызметтің түрақтылығымен сипатталады.

Саяси сауаттылық – адмдардың жан-жақты оқып білуі, білімді сауатты адам болуы. Жаңа нарселерден хабардар болып алдыға қарай жылжып отыруы саяси сауаттылығының арқасында.

Демек халықтың саяси сауаттылығымен саяси белсенділігінің арқасынла еліміз дамып, көркиіп келеді. Егер сауатсыз болғанда қазіргінің бірі де болмас еді. Елбасы Н.Назарбаев айтқандай Бәсекеге қабілетті, дамыған ел болу үшін біз алдымен саяси сауаттылығы мықты елге айналуымыз керек деген болатын.

Саяси сауаттылық пен саяси белсенділік бір-біріне тығыз байланысты және қазіргі таңда елімізде жастардың белсенділігі артып келеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.