|
|||
Саяси жанжалдардың типологиясын айқындаңыз23. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табыңыз Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.Құқықтық мемлекеттің негізгі құндылығы халық болып табылады. Сол үшін оның барлық аясында қоғамның құқығы жоғары орында тұру керек. Бұл әрбір құқықты мемлекеттің басты, келелі принципі болып табылады. Яғни құқық әрбір елдің Конституциясы – негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болу керек. Мысалы ҚР Конституциясында « Қазақстан Республикасы – демократиялық, зиялы, және біртұтас мемлекет. өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарының құқық теңдігін қамтамасыз етеді» делінген. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мемлекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне – әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші – әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші – әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы – өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан. Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы – білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады. Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы – әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы – әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру – барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру – теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді. Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы – еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
24. Саяси жанжалдардың типологиясын айқындаңыз Қоғамда әр түрлі таптар, топтар, жіктер болатындығы белгілі. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап- тілектері, армандары, қажеттіліктері болады. Олар сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар п.б. Олар дер кезінде шешілмесе жанжалдарға айналады. Жанжал немесе шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққы ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талапты айтады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан сол мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлуметтік жанжалдардың бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады. Жанжалдың екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждық, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын анықтайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалады деп ұғады. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі. Жанжалдар қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған жанжал адамдар, топтар арасында п.б. дау- дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Қоғамдық организмдегі дағдарыстар мен әлеуметтік дағдарыстар туралы айта отырып ең алдымен, олардың адамдардың тіршілік әрекетімен тығыз байланыстылығын, оның адамның өзінде, оның өмірлік жағдайында, әлеуметтік перспективаларында тікелей көрініс табатынын ескертуіміз қажет, яғни оны фундаменталды адами өлшемге ие немесе тағдырлық мәні бар деп айтуға болады. Қоғамдық өмірдегі дағдарысар көріну сфералары бойынша жіктелуі мүмкін: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеолгоиялық, адамгершілік, экологиялық және т.б. Бірақ қоғам тұтастық ретінде болғанықтан, осы жеке дағдарыстар қоғамды тұтастай дағдарыстың бір сәті, тұсы болып табылады. Саяси жанжалдар өзінің даму барысында бңрнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар п.б. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адамдар қолдап, даудың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау- жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин- абхаз жанжалдары сияқты. Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Сондықтан жанжалды шешу керек. Сондықтан қазір көбінесе шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар: 1.Жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін- бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады. 2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі- келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн. Сонымен бірге, әлеуметтік жанжалдар да сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі әне т.с.с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі.
25. Саяси ғылымдардағы элиталар туралы танымал теорияларға сүйене отырып негіздеңіз. Саяси элита “Элита” термині сөзінен француздың “еlite” деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. калыптастырды. “Элита” терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға бірдей социология трактатында” (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. Оның айтуынша бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртка ұнай білу қабілеті басты орын алады. Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар койылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Саяси элита” дегенімізді саясаттану ғылымында: - шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы) - жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар - билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді . Элита теориясы — қоғамның ілкі топтарының ерекше миссиясы мен әлеуметтік-саяси және интелектуалдық белсенділігі және қалған адамдардың енжарлығы туралы теориялар. Бұл теориялар негізделуіне байланысты ажыратылады. Биол. теориялар бойынша биол.-генетик. белгілеріне байланысты (Р. Уильямс, Э. Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс немесе кеміс деп негіздейді. Психол. теорияларда (Г. Джилберт, Б. Скиннер) – біреулердің қабілеттілігі мен екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психол. қасиеттерге сілтейді.
26.Саясаттанудағы «азаматтық қоғам» тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз. Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай — бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша — қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Азаматтық қоғамның құрылымы — Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп, басқарушы — адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі — діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары — азаматтық қоғамның элементтері.
27. В.Парето мен Г.Москаның саяси элиталар концепцияларын салыстырыңыз. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық – мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.Г.Моска (1856-1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың –үстемдік жүргізуші азшылықтың(элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық)-күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады. В.Парето (1848-1923) «Жалпы социология жөніндегі трактат» деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі таңдаулылар(элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен таабыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, ізденімпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оңайлықпен берісе қоймайды. Сондықтан таңдаулылардың алмасуы күш, төңкеріс және революция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғанда да қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.
|
|||
|