Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ш.Луи Монтескьенің билік билік бөлінісі концепциясын түсіндіріңіз.



33. Саяси мәдениет және оның демократиялық мемлекет құрудағы маңыздылығын анықтаңыз, өз ойыңызша демократияландыруды тиімді жетілдіруде саяси мәдениеттің рөлі қандай екенін негіздеңіз.

Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Саяси мәдениет құрылымы – ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол “еркіндік”, “тендік”, “әділдік”, т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады.Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады. Саяси жүйені демократияландырудың мынандай негізгі бағыттары бар: Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін-өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мекемелердің өкілеттік бастамаларын дамыту.

Барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру. Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу.

Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шоғырлануына қарсы тосқауыл жасау. Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау. Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыру.

Менің ойымша демократиялық саяси мәдениет – тек ұлттық, діни және

басқа да дәстүрлерді сақтау ғана емес, қоғамдық өмір үлгілерінің

көпқырлылығын жаңартуға бейімдейтін мәдениет саласы.

Қазіргі кезеңде дүниежүзілік қауымдастық арасында жан-жақты және

тығыз байланыстың болуы жағдайында әрбір мемлекеттің сәтті даму шарты -

демократиялық саяси мәдениетке ұмтылыс жасап, қоғамның, әрбір азаматтың

саяси мәдениетін жоғарылату.

Қорыта айтқанда, саяси ғылымдар тұжырымдары бойынша, қоғамның

прогреске бағыт алуы – нәтижелі саяси мәдениеттің деңгейімен байланысты

болады.

 

34.Ш.Луи Монтескьенің билік билік бөлінісі концепциясын түсіндіріңіз.

Билік бөлінісі - мемлекеттік билікті үйымдастыру қағидаты, оған сәйкес мемлекеттегі билік бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепетеңдікте үстайтын үш тармаққа бөлінеді - атқарушы, заңшығарушы және сот билігі. Билік бөлінісі теориясы сонау ежелгі дәуірден бастау алады

Билік бөлінісі теориясының классикалық нүсқасын жасауға ерекше үлес қосқан Ш.Монтескье(1659-1753). Ол мемлекеттік биліктің үш бүтаққа: заңшығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бүл бүтақтардың әрқайсысы өз өкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке түлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Қазіргі кезде билік бөлінісі - саяси өмірдің түрі ретіндегі қүқықтық мемлекет пен демократияның аса маңызды элементтерінің бірі.

Билікті бөлу теориясының негізін қалаушы – француз ғалымы Шарль Луи Монтескье болды. Оның билік проблемасына байланысты жазылған шығармалары: “Заңдардың рухы”, “Парсылық хаттар”, “Римдіктердің ұлылығы мен құлауы туралы ойлар”.

Ұлы ғалымның билікті бөлу теориясы бойынша алдымен билікке халықтың қатысуы және көпшіліктің қолдауымен Конституцияның қабылдануы керек. Конституцияда биліктің тармақтарының ара қатынасы бекітіледі. Мемлекет билігі - заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлініп, олардың бір-біріне тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. Монтескьенің бұл қағидасы бойынша, егер биліктің үш тармағының бірі үстемдік жасап, заңсыздық жолға түсіп бара жатса, биліктің басқа бір тармағы оған тойтарыс беру мүмкіншілігі бар (Конституция бойынша дауысқа салу арқылы). Ш.Монтескье билікті бөлу теориясын аяқтап болғаннан кейін саяхатқа шығып Еуропа елдерін аралайды. Мақсаты: өз ілімін басқа да мемлекеттерге ұсыну болатын. Бірақ ешбір жерде оны ешкім дұрыс түсінбеді. Әрине, бұл таңғаларлық жай емес болатын. Себебі, бүкіл әлемде монархия шарықтап тұрған кезеңде Монтескьенің ойлап шығарғанындай мемлекеттік биліктің жаңа, күрделі түрін бірден қабылдау оңай емес болатын. Нәтижесінде өз ілімін «іске аспайтын теория болды» деген өкінішті оймен ғалым дүние салады. Бірақ кейін іс жүзінде Ш.Монтескье ілімінің тағдыры басқаша шешілді. Бір топ ғалымдар сол уақыттың өзінде ғалымның осы теориясымен танысып жатыпты. Олар сол уақытта «дүниежүзінің шекарасынан тыс мекендеушілер» деп саналатын американдықтар еді. Ш.Монтескье қайтыс болғаннан кейін 32 жыл өткесін, яғни 1787 жылы Америка Құрама Штаттары өзінің Конституциясын қабылдады. Француздың ұлы ғалымының саяси билікті бөлу теориясы осы Конституцияға толығымен енгізілді. Содан кейін саяси биліктің осы жүйесі басқа елдерге де кеңінен тарай бастады. Ш.Монтескьенің бұл теориясының жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Конституциясында да өзіне тән орын алды. Ол Қазақстан Конституциясындағы 3-бап, 4-бапша: «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы,өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады».



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.