|
|||
Саяси әлеуметтану үрдістерінің адам өміріндегі, маңыздылығын қажеттілігін дәйектеңіз.29.Саяси әлеуметтану үрдістерінің адам өміріндегі, маңыздылығын қажеттілігін дәйектеңіз. «Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХғ.аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологы Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаың әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтады. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саяаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымды ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдалынылады.Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Саяси әлеуметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңіненн көтерілді. Оған себеп болған батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік, әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардыңқажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм, билікке жаппай қарсы шығу және т.б көбейді. Саяси әлеуметтену процесі 3 негізгі мәселені шешуге бағытталады: -қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; – қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етугежәне шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау; – саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту. Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барыында адам қоғамның толық қанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.
|
|||
|