Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтерін жіктеңіз



22. Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтерін жіктеңіз

«Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология-жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс – әрекетті бағыттайды. Саяси идеологиясаяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. “Идеология” деген ұғым гректің идея – бейне және логос – білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.Идеология деген сөз гректің идея және логос деген сөздерінен шыққан.Идея-көзқарас,логос-ілім.Ал идеология сөзінің мәні-идея туралы ілім ретінде түсіндіріледі.Идеология-биліктің қолдауымен жүзеге асырылатын идеялар жиынтығы.Саяси идеологиялар түрлері:

Либерализм – ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді

Неолиберализм – азаматтар мен қоғамдың экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы.Егер осы екі идеологияны либерализм мен неолиберализмді алып қарасақ,алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы идеология болып көрінеді.Себебі либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талам етсе,ал неолиберализм керісінше мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады.

Консерватизм – қоғамда тарихи қалыптасқан саяси,экономикалық,әлеуметтік құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.

Неоконсерватизм- қоғамдағы саяси плюрализмді дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология.

Марксизм-дегеніміз қарулы төнкеріс арқылы қанаушы таптарды,капиталистер,фермерлер,жеке меншікті жойып,социализм және коммунизм құрып,қоғамда әлеуметтік тендік орнату мақсатындағы идеология.

Рефоризм– дегеніміз эволюциялық даму,реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.