Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Саясаттанудағы“консерватизм”және“либерализм”идеологияларының концепцияларының ерекшеліктерін сараптаңыз.



35.Саясаттанудағы“консерватизм”және“либерализм”идеологияларының концепцияларының ерекшеліктерін сараптаңыз.

Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм жатады. Оның негізін Дж.Локк Ш.Л.Монтескье, А.Смит. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазиялық ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді. Либерализмнің мұраттары қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды. Либералдық идеологияның негізгі принципі- адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализ мына қағидаларға негізделеді:адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәкеліктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т.б идеялармен байытты.

Консервативтік(латынның консервативус-қорғаушы дегенінен) идеология Ұлы Француз революциясының саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. «Консерватизм» терминін 1818 жылдан «Консерватор» журналын шығарып тұрған француз жазушысы Ф.Р.де Шаторбриан алғаш рет қолданған.

либерализм консерватизм
Либерализм әлеуметтік өмірдің негізі ретінде өз мүддесіне сәйкес еркін әрекет етуге құқы шексіз, сөзсіз құқынлықты әрі автономды тұлғаны атайды. Тұлғаның жеке өмірі қол сүғуға болмайтын жоғары саласы болып табылады және мемлекет тарапынан (либералды фундаментализм) араласуға болмайтын (laisser-faire) әмбебап принциппен қорғалады. Демократиялық мемлекетте толық билікке азаматтық қоғам ортақтасады. Қоғамдағы әділеттілік заң үстемдігімен және барлық азаматтың заң алдында теңдігімен қамтамасыз етіледі. Либералды демократияның қоғам дамуының гуманистік бағыты ретінде орнығуы жаһанданудың саяси қырын құрайды және тұлғаны құқықтық қорғауға шүбәсыздық мәртебесін берумен байланысты. Либералды құндылықты ұстанушы адамды либерал дейді. Либерал - қоғамның барлық экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани салаларында жеке тұлғаның еркіндігін жақтайтын саяси және идеологиялық ағымды ұстанушы; либералды партияның мүшесі; Консерватизм жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Термин әдетте оңщыл топтарды сипаттауда пайдаланылады. Консервативті саясатты анықтауда универсалды қағидалары жоқ. Себебі консервативтіліктің негізі болатын дәстүрлер жергілікті жағдай мен уақытқа тәуелді болады. Соған байланысты әлемнің әртүрлі түкпірінен шыққан консерваторлар бір мәселе бойынша ортақ пікірде болмауы мүмкін.


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.