Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лы Отан соғысы жылдарындағы ғылым, мәдениет және халық ағарту.



33. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым, мәдениет және халық ағарту.

Халық ағарту.Соғыс жылдарында республикадағы мектептердің желісі ұлғайды, бірақ мұғалімдермен оқушылардың  саны азайды.

Сондай-ақ арнаулы орта оку орындарының саны да  кеміді. Соғыс басталысымен мектеп ғимараттарының құрылысы тоқтатылды, ғимараттардыңкөп бөлігі ауруханалар мен әскери мекемелерге берілді.

Көптеген мектептерде бірнеше ауысымды (үш немесе төрт ауысым)сабақтарға көшуге тура келді. Барлық оқу орындарының оқу жоспарлары мен бағдарламалары аздаған өзгеріке ұшырад     ы. Мектептердің 5-7-сыныптарына ауылшаруашылығы және ен қарапайым ауылшаруашылық машиналарын 8-10-сыныптарға тракторларды, комбайндар мен автомобилдерді оқытып –үйрету енгізілді. 1941-1942 оқу жылында барлық мектепте, еңбек резервтері оқу орындары мен техникумдарда 1939 жылы жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңда жарияланған әскери істің негіздерін оқып- уйрену қалыптасты. Ұлттық құрамды ескеру арқылы  орыс, орыс-қазақ, қазақ-украин, украин мектептері, мектептер мен балалар үйлерінде украин және поляк балаларына арналған сыныптар, майдангерлердің балаларына  арналған интернаттар ашылды. Көпшілік кітапханалар, оқу үйлері, клубтар мен мәдениет сарайлары ізгілік, қайырымдылық туралы насихат таратты.

ЖОО мен ғылыми мекемелердің Қазақстанға эвакуапиялануы. Техникумдар мен жоғары оқу орындарының студенттері бар ықыластарымен қорғаныс

кәсіпорындарына соғыстың керек-жарақтарын жасауға, кейбір техникалық және технологиялық мәселелерді шешуге кемектесті. Білікті мамандар даярлауда энакуацияланған жоғары және орта оқу орындары үлкен жұмыс жүргізді. Республика астанасына 20 дан аса ғылыми зерттеу институттары орналасты. Соның ішінде КСРО философия, география,физнология институптары, УКСР физика-механика институты. КСРО архитектура (сәулет) академиясы бар. Ғалымдардың басым көпшілігі эвакуацияланған ЖОО-ларда еңбек етті. КСРО Қазақ филиалында астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет және әнер,химия-металлургия, топырақ зерттеу мен ботаника, зоология және өлкелік патология институттары ұйымдастырылды. Қазақстанға келген тарихшылардан А.М.Панкратовадан басқа КСРО тарихының бес маманы және жалпы тарихтың бес маманы болды. Олар қалалық партия комитетінің штаттан тыс лекторлары болып тағайындалды. Сонымен бірге олар соғыс жағдайларында тарихты оқыту туралы қазақ мұғалімдеріне арналған әдістемелік оқу құралын дайындады. Кітаптың бірінші бөлімі КСРО тарихына арналса, екінші бөлімі Ұлы Отан соғысымен аяқталып, жана тарихтың аса оқиғаларын түсінік берді.

34. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1953). Қазақстан территориясында ядролық полигондар құру. Әскери-өндірістік базаны нығайтудың бастауы.

Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикасы үлкен қиындықтарға тап келді. Көшіріліп әкелінген жұртшылық қайтадан КСРО-ның  батыс өңірлеріне қайтарылған соң, өнеркәсіптік кен орындарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету өте қиын мәселеге айналды. Жұмыс қолы жетіспеді, мамандардың жұмыстан кетуі айтарлықтай көбейді, еңбек тәртібі нашарлады, еңбек өндірімділігі күрт төмендеді. 1946 жылы тіпті өндірістің біршама құлдырауы байқалып, билік басындағыларды экономиканы басқарудың әкімдік- өмірлік әдістеріне қайта оралуға мәжбүр етіп, негізінен, өнеркәсіпте өз нәтижелерін бере бастады.

Сол уақытта төртінші бесжылдық жоспарды жүзеге асыру барысында өнеркәсіпті дамыту ісінде елеулі табыстарға қол жетті. 1946 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты іске қосылып, Екібастұзда көмір кеніші қүрылысы аяқталды, Ақтөбе және Балқаш комбинаттарында жаңа қуаттар енгізіліп, жаңа кәсіпшіліктер мұнай өндіре бастады. Көлік желісі дамып, 1950 жылы Мойынты — Шу теміржолы құрылысы аяқталды. 1949 жылдың көктемінде Алматы автоматты телефон желісі салынып, барлық аудандар орталықтарына телефон байланысы тартылды. Бір мезгілде ауылдық аудандарды жалпыға бірдей толық электрлендіру басталды. Қаратау тау-кен және химия комбинатының, Жамбыл суперфосфат зауытының бірінші кезегі пайдалануға берілді. Алайда ауыл шаруашылығының жағдайы өнеркәсіпке қарағанда ауырлау болды. Қазақстан неміс фашистері басып алған республикаларға көмек көрсету ретінде қайтарымсыз: 17,5 мың бас ірі қара мал, 22 мың ат, 350 мың қой жөнелтсе, төмен бағамен 500 мыңға жуық мал басын сатты. Сол уақытта ауылдарда колхоз режимін қатайту шаралары жүргізілді. 1946-1949 жылдары шаруалардан ауылдарды бақылауда ұстау шарасы біршама босаңсыған кезде берілген жер телімдері алынып, колхоздардың меншігіне жатқызылды. 1948 жылы колхозшылардан жеке меншіктеріндегі малдар да алынды. Міндетті алымдардың мөлшерлері де жыл сайын өсіп отырды, сaтып aлу бaғaсы 1940 жылғы деңгейден төмен күйінде қaлып, өндірілген aстықтың өзіндік құнының 15 процентін ғaнa жaбa aлды. 1947 жылы тәркілеу сипaтындa жүргізілген aқшa реформасы, бәрінен бұрын, aуыл шaруaшылығын тұралaтты. Aқшa жиыны үш есе қысқaрды, бірaқ aқшa aйырбастaу жүйесі шaруaлар мен жинақ кассaлaры сaлымшылaрын тaқырғa отырғызды. 1947 жылы кaрточка жүйесі aлынып тасталғaнмен, елдің бaсына жаңa ашaршылық нәубеті төнді. 1950 жылы колхоздaрды ірілендіруді көздеген жaңa aуылшаруaшылық реформaсы қaбылдaнды. Нәтижесінде, Қaзaқстaнды колхоздaрдың сaны 1945 жылғы 6773-тен 1952 жылы 2047-ге дейін aзaйды. Бұл бірқaтaр елді мекендердің тарaтылып, шaруaлaрдың жеке жер телімдерінің азaюынa, еңбек aқыны зaттaй төлеудің қысқaруынa келтіргенмен, aуыл шаруaшылығындaғы жaғдaйдың түбегейлі жaқсaрғaны бaйқaлмaды. Сөйтіп, КСРО-да билік бaсындағылaрдың агрaрлық сaясaтының нәтижесінде, 40 жылдaрдың соңы - 50 жылдaрдың бaсындa қaйтaдaн aзық-түлік тaпшылығы мәселесі туды. Әлеуметтік жaғдaй дa aуыр еді. Жұмысшылар мен қызметкерлер жалақылaрының деңгейі 1940 жылмен сaлыстырғaнда 1,5 есе көтерілгенмен, бөлшек сaудa бaғaлaры үш есе өсіп, хaлықтың сaтып aлу мүмкіншілігін шектеді. Колхозшылaрдың еңбекaқыны қaлaлықтaрға қарaғaнда төрт есе аз алғаны былай тұрсын, олардың ел аумағында еркін жүріп-тұру құқы да болмады.

Семей полигоны бұрынғы семей облысы Абралы ауданы және Павлодар мен Қарағанды облысынң біраз жерін қамтыды.мұнда: 1949-1989 жылдар аралығында қуаты әртүрлі 470-дей жарылыстар жасалынды. Алғашқы сынақ 1949 жылы 29 тамызда таңғы сағат 6:30 да Абай және Абралы аудандарының халқына ескертілместен жүрді. Семей полигонында 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы сыналды. 1961-1962 жылдары әуеде және жер үстінде 50-дей ядролық  сынақ өткізді. 1963-1988 жылдары жылына 14-48 дей сынақ өткізіліп,жерастында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалды.Жел арқылы 304 мың шаршы шақырым жерге зиянды заттар таралды. Сынақ жүргізілген жерлердегі радиацияның деңгейі артып кетті. Семей ядролық полигонындағы сынақ қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 есеге асып түскен. Зиянды радиоактивті заттар егістікті, топырақты, суды, мал жайылымдарын бүлдіріп, адам денсаулығына залал келтірді.

 

 

35. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан мәдениеті. Мәдени қызметтің барлық салаларында «кеңестік цензураның» рөлінің өсуінің салдары.

20-30 жылдары сауатсыздықты жоюға бағытталған қарқынды жұмыс өз нәтижелерін бере бастады. 1939 жылы жүрген халық санағы бойынша Қазақстан жұртшылығы арасында сауаттылар көрсеткіші 76,3% болды. Республикамызда 1940 жылы: 5289 бастауыш, 1770 жетіжылдық және 698 орта мектеп жұмыс істеп, оларда 1138187 бала білім алды. Мұғалім мамандар ҚазМУ, 13 педагогикалық және мұғалімдер институтында және 23 педагогикалық училищелерде даярланды. Соғыс жылдарында республика КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген 149 балалар мекемесін және 19 мың бала қабылдады. Сонымен қатар балалар үйлерінің саны өсті. Кәсіптік техникалық және арнаулы орта білім жүйесі жедел дамыды. 1940 жылы Қазақстанда 35 кәсіптік оқу орны ұйымдастырылып, соғыс жылдарында фабрика-зауыт училищелерінде жыл сайын 26 мыңнан астам адам оқытылды. Республикамызда отызыншы жылдардың соңында 120 арнаулы орта оқу мекемесі бес мыңнан асатын маманды оқытып шығарды. Жоғары білім беруді дамыту жалғасты. 1936 жылы бірыңғай оқу-әдістемелік басшылық енгізген жоғары оқу орындарына түсу қаулылар қабылданды. 1938 жылы ҚазМУ жанында алғашқы аспирантура ашылды.

 Ғылым академиясының құрамына 14 академик және 16 корреспондент кірді. Ресейдің танымал ғалымдары: И.Бардин, Вавилов, И.Мещанинов, В.Обручев Академияның құрметті мүшелері болып сайланды. Ғылыми-зерттеу институттары желісі дамып, ғылымның: астрономия, астрофизика, ядролық физика іспетті салалары пайдаланылды.

Жазба эдебиет те дамып, бұл саланың танымал майталмандары катарында. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Д.Әбілев, Ә.Сэрсенбаев, С.Шәршов, Ә.Әбішев сынды жазушыларды атауға болады. Әртүрлі жанрлардың көбейгеніне қарамастан, тақырыптар таңдау айтарлықтай шектеулі болды. 20-30 жылдардағы қудалау мен қуғын-сүргіннің қыспағына түскен қазақ әдебиеті енді социалистік қүрылыстың кереметтерін, елдің жаңа өмірін, жаңа қоғамдық қатынастарды жырлаумен болды. Соғыс жылдарында әдебиетте үстемдік құрған тақырып - отансүйгіштік пен халықтар достығы болды. Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» атты туындылары, сондай-ақ Ж.Шаниннің, Қ.Аманжоловтың, Ә.Сәрсенбаевтың өлеңдері халық арасында кең танылды. Көптеген жазушылар мен ақындар қолдарына қару алып, ұрыстарға қатысты. А.Жүмағалиев, Б.Бүлқышев, В.Чугунов майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілердің шығармашылығына идеологиялық бақылау күшейе түсті.

Музыка, театр, кино және бейнелеу өнері. 1936 жылы-ақ қазақ музыкасы өнерімен барша кеңес жұртшылығы танысып үлгірген-ді. Мәскеуде қазақ өнерінің алғашқы он күндігі өтіп, К.Байсейітова КСРО халық әртісі атағына ие болды. Соғыс жылдарында Е.Брусиловский мен М.Төлебаевтың «Амангелді», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары дүниеге келді. Бұл опералардың авторлары мен жетекші әртістерге 1949 жылы КСРО мемлекеттік сыйлықтары берілді.

Республикамызда бірқатар жаңа театрлар пайда бола бастады. 1917 жылы - Қызылордада Корей музыкалық-драмалық театры, 1944 жылы Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды. 1937 -жылы Қазақ драма театры академиялық театр атағына ие болды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, «Жамбыл ата» деп аталатын алғашқы дыбыстық құжаттық кино шықты, әрі сол жылы «Ленфильм» киностудиясы қазақстандық кинематографистердің ойын түріндегі бірінші фильмін түсірді. Соғыс жылдарында Қазақстанда: Украина, Белоруссия, Ленинград және Мәскеу суретшілері жұмыс істеп, ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлкес қосты. Сөйтіп, қатаң идеологиялық бақылау жасалғанына қарамастан, Қазақстанның мәдениеті 1940 жылдарда және 1950 жылдардың басында дамудың жаңа серпінін алды. Бұған айтарлықтай дәрежеде халықтың Ұлы Отан соғысындағы жеңісіне байланысты отансүйгіштік және ұлттық сана-сезім қасиеттері әсер етті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.