Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лы Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің көрсеткен ерліктері. 



32. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің көрсеткен ерліктері. 

  Қазақстандыктар - тыл қаhармандары. Ы.Жакаев, Ким Ман

Сам, Ш.Берсиев жане т.б. Қорғаныс қорының құрылуы. 1943 жыл

республиканың ауылшаруашылығы үшiн қиыншылықтарға толы

жыл болды. Осы жылы шаруашылыққа 775 мын га жаңа жер

алқаптары қосылды.

Ақтөбе облысындағы «Құрман» ұжымшарының звено жетекшici

Ш.Берсиев тары шығымдылығын арттыруда жоғары нәтижеге жеттi.

Қызылорда облысы «Авангард» ұжымшарының звено жетекшici

Ы.Жакаев пен Ким Ман Сам күріш өciруде жоғары нәтижелерге қол

жеткiздi. Қаскелен ауданы III Интернационал атындағы ауылшаруа-

шылық артелiнiң звено жетекшici М. Мухамедиева қант қызылшасы-

нан жоғары өнім жинады. Диқандар бидайдан да жақсы түсiм алды.

Малшылар да ез күштерi мен жiгерлерiн аяған жоқ. Ж.Куаныш-

баев қаракөл қойларын есiруде үлкен жетiстiктерае жеттi. Жезқазған

ауданы Амангелдi атындағы ұжымшардың шопаны Ж.Мукашев жыл

сайын әр жүз саулықтан 180 қозы алып, мал басын аман сақтады.

Қазақстанның батыс аудандарында жау басып алған аймақтардан

эвакуацияланған 370 мынға жуык мал басы орналастырылды. 1943

жылы осы мал керi қайтарылды.

Қорғаныс қорын құру. Еңбеккерлер жаумен шайқасып жатқан Отанына көмек көрсету тарихтан белгілі және жаңа жағдайларда туындаған көптеген түрлері мен әдістерін  қолданды. Қорғаныс қорын құру осындай көмектің алғашқы түрлерінің біріне жатады. Ол сенбіліктер мен жексенбіліктерден түсетін 1-2 күндік жалақыны аударудан, тапсырыланған бағалы  бұйымдар мен облигациялардың ақшасынан, тіпті ойыншық сатып алуға арналған балалардың жинақ қобдишаларындағы ақшалардан құралған.

1941 жылы күзде басталған қарулануға қаражат жинау арқылы

қор құру қозғалысы 1942 жылы аяқталды. Жеке азаматтар,

кәсіпорындардың ұжымдары мен экономиканың тұтас салаларының

еңбеккерлері жиналған ерікті жарналарға ұшақ, танк, сүңгуір

қайық немесе шағын кемелер жасатып, оларды даңқты жауынгерлер

мен жерлестеріне арнады. Содан кейін «Түрксібшіл», «Қарағанды

шахтері», «Ілгері ғылым үшін», «Қазақстан пионері», «Ақмолалық

осоавиахимші», "Қазақстан колхозшысы» және басқа атаулармен

танкілер мен авиаэскадрильялар құрылды. Қазақстандықтардың

арнайы әскери техникалар мен эскадрильялар құруға, әскер мен

флотты қаруландыруға салған патриоттық жарналары миллиондаған

соманы құрады.

Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайт-

пасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді. Нәтижесінде

1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк

алды. 1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк

колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер

мен жеке ұшақтар жасалды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.