Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалы.



КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалы.

ХХ ғасырдың 30-жылдары Қазақстанда академиялық ғылым құрылымы қалыптасып, дами бастады. 1932 жылы 14 наурызда КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылды. Төрағасы - академик А.Н. Самойлович.

Қазақстандық базаның құрылымында ботаника және зоология секторлары, ботаникалық бақ, сейсмикалық стансы, тарихи-археологиялық және қазақ тілі комиссиялары жұмыс істеді. Химиялық зертхана, эксперименттік зерттеулер комиссиясы, ғылыми кітапхана ашылды. Отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметі КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы базасын құру үшін жағдайлар жасады. Ғылыми-зерттеу институттары желісі - Ұлттық мәдениет институты (1933 ж.), Ғылыми-педагогикалық институт (1933 ж.) пайда болды. 1932 жылы республикада барлығы 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе стансысы, 186 тірек пункті, зертханалар, гидрометеостансылар жұмыс істеді. 1933 жылы 21 қазанда Алматыда өндіргіш күштерді зерттеу бойынша KCPO FA қазақстандық базасының 1-сессиясы ашылды. Оның жұмысына Мәскеу, Ленинград, Алматы ғалымдары, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы қызметкерлері қатысты. Кеңес үкіметінің шешімі бойынша 1938 жылы КСРО FA-ның қазақстандық базасын KCPO FA- ның Қазақ филиалы етіп қайта құру зор маңызға ие болды. Филиал Төралқасын академик А.Д. Архангельский басқарды.

Қазақстан Ғылым академиясы қажетті бөлімшелері мен институттары бар үлкен ғылым құрды. Бастапқыда КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасының құрамында бар-жоғы екі сектор - зоологиялық және ботаникалық сектор мен Алматыдағы Ботаникалық бақ болды. 1935 жылы геология және тарих секторлары құрылды. Жаңа академиялық институттар: ядролық физика,

математика мен механика, гидрогеология және гидрофизика, химия, мұнай және табиғи тұздар, химия-металлургиялық, тау-кен-металлургиялық, ихтиология және балықшаруашылығы, эксперименттік биология, экономика, философия және құқық, әдебиет және өнер, тілтану институттары ашылды. КСРО Ғылым академиясының базасымен құрамында қазақ тілі және әдебиеті секторларынан тұратын Қазақ ұлттық мәдениетін ғылыми-зерттеу институты бірікті. 1946 жылғы 1 маусымда Жоғарғы Кеңес Төралқасының, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің және Қазақстан К(б)П ОК-нің бірлескен қаулысымен КСРО Ғылым академиясы филиалының базасында ҚазКСР Ғылым академиясы құрылды. Академияның бірінші құрамына 14 академик пен 16 мүше-корреспондент енді. Қазақстан Ғылым академиясының бірінші президенті болып Қ. Сәтбаев сайланды.

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.