|
|||
шы жылдардағы Қазақстан мәдениеті.Стр 1 из 6Следующая ⇒ 29. 1920-1930-шы жылдардағы Қазақстан мәдениеті. Халыққа білім беру. 20-30-жылдардағы ең басты міндеттердің бірі халық арасында жаппай сауаттылықты тарату мен жалпыға бірдей сауатсыздықты міндетті бастауыш білім беруді енгізу болды. 1917 жылы қазан айында Қазақстанда жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру жүйесін дамыту мәдени өзгерістердің басты бағытына айналды. 1918 жылғы 16 қазандағы БОАК-нің «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» Ережесі мен РКСФР Халық ағарту комиссариатының 1918 жылғы 31 қазандағы «Ұлттық азшылықтар мектептері туралы» Қаулысы сондай-ақ В.И. Ленин 1919 жылы 26 желтоқсанда қол қойға «РКФСР халқы арасында сауатсыздықты жою туралы» Жарғыс бұл жұмысқа мемлекеттік маңыз берді. Қайта қалпына келтіру кезеңі, одан кейінгі 20-жылдардың ортасындағы экономикалық жандану 1925-1927 жылдары халық білім беру қаржысын екі есе арттыруға мүмкіндік берді. Осы жылдар барлық үлгідегі мектептер артып, оқушылар саны өсті. Жыл сайы қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейді. 20-жылдары Қазақстанны бастауыш және орта мектептеріне арналған оқулықтар жарыққа шықты. Олардың авторлары Ә. Бөкейхан, Қ. Сәтбаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. болды. Сауатсыздықты жок қаражаттың аса жетіспеушілігі, оқулықтар, оқу құралдары мен мектептердің тапшылығы жағдайында өтті. Мәдени даму саласындағы бірінші бесжылдықтың (1928-1932 жж.) негізгі міндеттері сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей міндетті оқу мен кадрлар даярлау болды. 1930 жылы 27 тамызда ҚазАКСР ОАК мен ХКК-нің «Жалпыға бірдей міндетті оқуды енгізу туралы" Қаулысы қабылданды. БК(б)П Қазкрайкомы қалалардағы балаларды 100% қамтуды, ауылдық жерлерде 80% қамтуды қамтамасыз етуге қаулы шығарды. Сауатсыздықты жою қалаларда үш жылдың, ал ауылдарда бес жылдың ішінде аяқталуы тиіс болды. Орта білім беру. 20-30-жылдары Кеңес өкіметі белсенді қызмет жасап, бұрынғы патшалық Ресейдің шеткергі аймақтарында экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді, оның ішінде білім саласындағы бағдарламаны жүзеге асыра бастады. Бәрінен бұрын сауатсыздарға арналған мектептер жұмыс істеуге кірісті. Республика аумағындағы мектептер кеңестік бірыңғай еңбек мектептері болып қайта құрылды. 20-жылдардың екінші жартысында Қазақстанда жалпыға бірдей бастауыш білім беру үшін негіздер қаланды. 1929 жылы қазақтың жазу емлесін өзгерткен алғашқы кеңестік реформа жүзеге асырылды. Көптеген пікірталастардан кейін қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру жүзеге асырылды. Газеттер мен журналдар латын қаріптерімен басылды, мектептерде латын әліпбиі енгізілді.
|
|||
|