Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың партизан қозғалыстарына, майдандық операцияларға қатысуы.



31. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың партизан қозғалыстарына, майдандық операцияларға қатысуы.

  Соғыс жылдарында кеңес партизандарының жалпы саны шамамен 1 млн-ға жетті.Олардың қатарында қазақстандықтар да аз болған жоқ. Мәселен,Украинаның партизан мен отрядтарында 60-тан

аса ұлт өкілдері шайқасты. Толық емес деректер бойынша, Украина халкының кек атушыларынын қатарында екі мыннан аса қазақ болған. Жүздеген қазақстандық беларусь партизандарының қатарында ерлікпен шайқасқан. Уақытша басып алынған РКФСР аумақтарындағы партизандартың арасында да бірқатар қазақстандық болды. Мәселен, Ленинград, Смоленск т.б. облыстардың аумағындағы партизан отрядтарында қазақстандықтар шайқасты. 1941 жылы қараша айының сонында Киев облысы Ржишев ауданының Македоны селосында коммунистердің бастамасымен астыртын

партизан орталығы ұйымдастырылды. Павлодар облысының халық ағарту саласынын бұрынғы инспекторы,1941 жылы қарашада жау тылына десант

болып түсірілген Қасым Қайсенов орталықты ұйымдастырушылардың бірі болды.

Баскыншылармен айқаста қызылордалық Д. Байдәулетов бірнеше рет ерлік көрсетті. Барлаушы, пулиметші болған ол Сума облысында басқыншыларға қарсы әскери операцияларға қатысты.

Партизан құрамасында Қазақстандық К Әшірбеков, H Есентеміров. С. Әбішев, Е.Сексенбаев, H. Әлімжанов және т.б. ерлікпен шайқасты.

Украина партизандарынын қатарында белгілі Қазақ ақыны Жұмағали Саин

Да болды. Ол капитан Хайрутдинов баскарған партизан отрядының

Саяси жетекшісі қызметін атқарды. Витебск облысында F.Ахмедияров басшылығымен партизан отряды көптеген жауынгерлік операшіяларды сәтті жүргізді. 1942 жылдың тамыз айынан 1943 жылдың желтоқсан айына дейін оның отряды немістің 800 солдаты мен офицерін жойып, жаудың 170 автомашинасын істен шығарды, әскерімен және техникасымен 25 эшелонды рельстен тайдырып, апатқа ұшыратты.

Партизандар мен астыртын қимыл адамдарды соғыс уақытында герман армиясына әскер және техника жағынан орасан зор шығын келтірді. КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында олар вермахтың 1 млн-нан асатын солдаттары мен офицерлерін жер құштырды, тұтқындады және жаралады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.