Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



ҚОРЫТЫНДЫ

ҚР ӘҚБтК 44-бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жаза- бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға) қолданылатын және ҚР ӘҚБтК осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады.

Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзініңде, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсаттарында қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалардың қатаң сақталуы негізінде жүзеге асады.Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы, жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ескеріледі.Бір тұлғаның екі не одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасағанында, әрқайсысы үшін жеке-жеке жаза қолданылады. Әкімшілік жазаны тағайындау ( осы әкімшілік жазаны туғызған) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны міндеттемелерден босатпайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 41-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлғаларға келесі әкімшілік жазалар қолданылады:

Ескерту жасау;

Әкімшілік айыпұл салу;

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу;

Арнаулы құқықтан айыру;

Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру және қызметтің белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;

Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу;

Өз бетімен салынып жатқан және салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

Әкімшілік қамауға алу;

Шетелдікті және азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР-ң аумағынан әкімшілік жолмен кетіру;

Сонымен қатар, заңды тұлғаларға құқық бұзушылық жасағаны үшін Кодекстің 41-бабының бірінші бөлігінің 1)-6),8) тармақшаларында аталған әкімшілік жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу қолданылуы мүмкін.

Негізгі және қосымша әкімшілік жазалау шаралары.

Заңды негізгі және қосымша әкімшілік жазалау шаралары көрсетілген.

Ескерту, әкімшілік айыппұл салу және әкімшілік қамауға алу мен негізгі әкішілік жазалар ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

Ескерту - әкімшілік жаза қолданудағы уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беру және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.

Бұл шара тұлғалармен жасалған маңыздылығы шамалы құқық бұзушылық үшін қолданылады. Ескерту бірінші рет немесе абайсызда болған маңыздылығы шамалы теріс қылық жасаған тұлғалар ұшырайды. Осы шараны қолдану барысында құқық бұзушының жеке басы зерттеледі, міндетті түрде барлық іс мән-жайлары қаралады.

Сонымен, қорытындылай келе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабына сәйкес әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.

Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодекстiң 59-бабында көзделген тәртiппен толтырылады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті, Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі қабылданған кодексі (19.07.2020 жылғы енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен)

3. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық 2- басылым, өңдеген, толықтырған – Астана: Фолиант, 2011. – 360 б.

4. Алимов С. Құқықтық және саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы.– Алматы: «Бастау» баспасы, 2011. – 288 б.

5. Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. –Алматы: «NURPRESS» баспасы, 2013. – 130 б.

6. Ағдарбеков. Т. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері. Оқу құралы. -Алматы: Заң әдебиеті, 2009,-256 б.

7. Таужанова Р.Ж. Мемлекет және құқық теориясы бойынша сызбалар жинағы: Оқу құралы. Талдықорған : Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы. Алматы: «Закон и время – Медия», 2008.-136 б.

8. Қоғамдық-саяси құқықтық газет «Заң газеті» 2013.-242 б.

9. Амандықова С. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

10. Козлов Ю.М. Административное право: Учеб. В 2 ч. М., 2004. - 162 с.

11. Жетписбаев Б.А., Сартаев Д.Ш., Бахралинов А.С. Административные правонарушения: опыт теории и практики. Монография / Под общ. ред. Б.А.Жетписбаева. – Алматы, 2005

12. Қызылов М.А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Оқу-тәжірибелік құралы.– Қарағанды, 2004.-80-88 б.

13. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексi 2016 жыл 1 қаңтар (01.07.2020 жылғы енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен)

14. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

15. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

16. Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

17. Таранов А.А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

18. Алпысбаева М.А., Ақымбеков О.Қ. Әкімшілік құқық. Оқу қуралы —Алматы, 2003

19. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Оқулық 2 кітаптан тұрады / Құрастырған Е.Баянов. 1- ші кітап. – Алматы, 2009. – 384 б.

20. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы №18 нормативтік қаулысы

 

ҚОСЫМША

 

Ескерту кінәліге нақты құқықтық салдар туғызуы мүмкін:  

 

 

ол әкімшілік жазаға ұшыраған деп саналады  
қайталанып жасалған құқықбұзушылық кезінде ескертуді қолдану үшін басқа әкімшілік жазалармен санасуы  

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.