Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кімшілік жазалардың классификациясы



1.2 Əкімшілік жазалардың классификациясы

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасын кодексінің 41-бабында әкiмшiлiк жаза түрлері келтірілген [2].

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін:

1) ескерту жасау;

2) әкiмшiлiк айыппұл;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;

4) арнайы құқықтан айыру;

5) рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;

6) қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

7) заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;

8) әкімшілік қамаққа алу;

9) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.

Әкiмшiлiк жазалардың негiзгi және қосымша шаралары

1. Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.

3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

Ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша нысанда шығарылады.

Ескерту - әкімшілік жаза қолданудағы уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беру және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады. [8, 17 б]

Әкiмшiлiк айыппұл – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің Ерекше бөлiгінiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде ақша өндiрiп алу.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасын кодексінің Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшерi:

1) қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының;

2) орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының;

3) төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының;

4) аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасының;

5) заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құны сомасының;

6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиiсінше есепке алынбаған соманың;

7) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргiзiлген) мәмiле (операция) сомасының;

8) монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасын, қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған кіріс (түсiм) сомасының;

9) құқық бұзушылық жасалған, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезеңде бекiтiлген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;

10) есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының пайызымен көрсетiледi.

Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

Лауазымды адамға, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға салынатын айыппұлдың мөлшерiн жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды. [9, 11 б]

Орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

Iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

44 баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетiлген айыппұлдардың белгiленген мөлшерлерiнен асатын немесе одан кем мөлшерде белгiленуi мүмкiн.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 729-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерi салатын айыппұлдарды қоспағанда, айыппұл заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз айналдырудан тұрады.

Меншiк иесiне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншiгiне айналдыруға немесе жойылуға жатады.

Егер ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде өзгеше көзделмесе, құқық бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiлеуге жатады.

Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрiлерiн және басқа да рұқсат етiлген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды. [10, 52 б]

Тәркiлеудi судья қолданады және бұл ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда қолданылуы мүмкiн.

Нақты адамға берілген арнайы құқықтан айыруды судья қолданады.

Арнайы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс.

Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру мерзiмi алты айдан кем болмауға және он жылдан аспауға тиіс.

Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруды, масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген қағидаларды бұзып, өздерi қатысушысы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.

Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруын, оның оқ-дәрiлерiн және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзуды қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

Рұқсаттан айыруды судья осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелерін ескере отырып, қызметтi жүзеге асыру не рұқсатта көзделген белгiлi бiр әрекеттердi (операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданады. [11, 23 б]

Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.

Кредиттiк бюроның рұқсатынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға рұқсатты тоқтата тұруды не одан айыруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Микроқаржы ұйымдарының тiзiлiмiнен алып тастауды Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша тоқтатуды немесе қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым салуды қамтиды.

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) материалдарының негізінде сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi. Мұндай істерді қарауды сот он тәулік ішінде жүзеге асырады. [12, 11 б]

Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды сот үш айға дейінгі мерзімге белгілейді.

Сотта іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға Кодекстің 801-бабында көзделген тәртіппен қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасын сот қолданса, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзіміне қосылады.

Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда тағайындайды.

Әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдайлар режимі талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.

Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2-топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.

Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмi әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмiне қосылады.

Әкімшілік ұстау- әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтың еркін әрекетіне қысқа мерзімде шек қою. Әкімшілік ұстау құқық бұзушылықтың алдын-алу шарасы ретінде қолданылады. Ол құқық бұзушы тулғаны айқындау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жүргізу, құқық бұзушы тұлғаны құқық қорғау органдарына тапсыру және әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсаттарында пайдаланылады. Әкімшілік ұстау жауапкершілігінен депутаттар, судьялар, прокурорлар, шетел азаматтары және дипломатия саласындағы қызметкерлер босатылады. Әкімшілік ұстау әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату мақсатында жургізіледі және құқық бұзушыны хаттама жазу әкелгеннен бастап, 3 сағат өткеннен кейін оны ұстап отыруға құқығы жоқ, яғни, ол босатылады.

Тек қана ерекше жағдайда Қазақстан Республикасынын заңнамалық келісімдеріне байланысты бұл уақыт өзгеруі мумкін. Бұл жағдайлар мына түлғаларға қатысты:

-   шекаралық тәртіпті немесе мемлекеттік шекарадан өту пунктіндегі тәртіпті бұзушы. Бұнда құқық бұзушыны хаттама толтыруға әкелгеннен бастап 3 сағатка дейін ұстайды; ал тұлғаның азаматтығы мен құқық бұзушылық дәрежесін анықтауға байланысты прокурорға 24 сағаттың ішінде жазбаша түрде баяндама жасағаннан кейін 3 күнге дейін ұстауға немесе егер құқық бұзушының ата-тегін пәлелдейтін куәлік-құжаттары болмаған жағдайда прокурордың санкциясымен 10 күнге дейін ұсталынады;

-    белгілі бір аймаққа коменданттық сағаттың енгізілуі барысында тәртіпті бұзған азаматтар. Бұл кезде полиция, не әскери патруль ұстаған құқық бұзушыны 3 күн емес, коменданттық сағат біткенше ұстауға құқылы;

-   ұсак бұзақылық істеген және жиналыс, митинг, көше шерулері мен демонстрациялардың өткізілу ережелерін бұзғандар. Бұлар қозғалған істі сот қарағанға дейін әкімшілік ұстау шарасын жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілердің көлікке мас күйінде отыруы да ерекше атап көрсетіледі. Рөлдегі адамның алкагольдік ішімдік ішкендігінен -жол ережелерінің бұзылуы, жол- көлік оқиғаларының болуы, азаматгардың көлік айдаушысы мас, не есірткі заттарын қолданғандығы туралы хабар беруі және көлік қозғаласының күдік туғызуы, т. б. жағдайлар себеп бола алады.

 Ішкі істер органдары мына жағдайларда әкімшілік ұстау жауапкершілігіне тартады: ұсақ бұзақылык істегенде,- заңды өкімдерге қатал бағынбағанда, спиртті ішімдіктер ішіп, қоғамға қауіп төндіргенде, жезөкшелікпен айналысатын түлғаның мас күйінде адамның ар-ожданына, намысына, коғамдық ізгілікке қорлау жасағанда және т.б.

Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген тәртiппен және негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің ережелерi шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын шығарып жiберу жағдайында қолданылмайды.

Егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiнде әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарланған жағдайда, онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 179-бабында белгiленген тәртiппен хабарлама немесе арыз бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады. [13]

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында мынадай әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн:

1) жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру;

2) құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.

3) қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру.

Мүлікті алыпқою әкімшілік тәртіп бойынша, заңға қайшы мүліктерді алып қоюға байланысты затқа қатысты іс-әрекет. Заңға қайшы мүлікке - заңсыз.түрде сатып алынған атыс қару; жол ережелерін бұзуда көлік және оны пайдалануға қатысты заңсыз құжаттар; заң тыйым салған мекенде аңдар аулау, балық аулау т. б. жатады. [14, 41 б]

Егер де құқық қорғау органдарына белгілі бір объект немесе мысалы, азаматтар тасымалдайтын ұшақтардың жолаушылары жарылғыш зат, қару-жарақ, әскери ок-дәрі, уландырғыш, радиоактивті заттар тасымалдауы мүмкіндігіне күдік болса, онда заттарға, қол сөмкелері мен жүктерге заттық тексеріс қойылады, ал кейде жолаушылардың өздеріне де жеке тексеріс те ұйымдастырылуы үмкін. Тексеріс аэропортта немесе полиция, кеден органдары мен шекаралық әскердің қатысуымен әуе кемесінде жүргізіледі. Зат ексерісі мүлікті иеленуші адамның қатысуымен өтеді. Жеке тексеріс жынысы бір адамдар арасында өткізіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік ұстау жазу не болмаса, тексеріс туралы жалпы хаттама жазылады. Ұстау және тексеріс кезінде табылған заңға қайшы құжаттар мен заттар әкімшілік алып қою жауапкершілігіне тартылады.

Заттар мен құжаттардың алынуы жүргізіледі:

а) Ішкі істер органдарымен - атыс қаруынын заңға қайшы жолмен алу және пайдалануы; жол ережелерін заңсыз құжатты көлікпен бұзу; пайдалануға тыйым салынатын жерлерде аңшылықпен айналысу (балық аулау);

б) кеден органдарында - шекара арқылы контрабандалық заттардың өтуі;

с) шекара қорғау органдарында - шекаралық тәртіп ережесін сақтамайтын теңіз және өзен-көл жолдарымен заңсыз құжатпен өту;

д) балық қорғау органдарында - жүзу мен басқа көлік құралдарының балық аулау ережелерін сақтамауы;

е) аңшылық шаруашылығы органдарында - аң аулау қарулары мен құралдарының аң аулағанда заңсыз қолданылуы. [15, 41 б]

Алып қойылған заттар мен құжаттар қаралып жатқан істің соңына дейін арнайы мемлекеттік орган қарамағында болады. Істің шешіміне байланысты алынған мүлік тәркіленеді, жүк иесіне қайтарылады немесе жойылады, ал заттарды ақылы алған жағдайда, оларды өткізеді, Зат не құжат адынғаны туралы жеке, өз алдына хаттама жасалады, не болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы жазба хаттамада баяндалады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы бойынша жеке меншік қорғауға алынған. Жеке меншіктің заңды күшін тек қана сот шешімі жоя алады.

    Заңсыз әрекеттердің нәтижелерінтарату дегеніміз - алғашқы жағдайды қалпына келтіруші құрал болып табылады.

Уақытша қызметтен босатуденсаулығы басқа адамдарға жұқпалы ауру қаупін туғызатын тұлғаларға қатысты әкімшілік бұлтартпаудың бірден-бір құралы ретінде қолданылады.

Сауда және қоғамдық тамақтану орындарындағы қызметкерлер міндетті түрде дәрігерлік тексерістен өткізілуі тиіс. Алты айда бір рет өтетін дәрігерлікте тексерістен қызметкердің санитарлық кітапшасыңда жазбалар жүргізіп отырады. Уақытында дәрігерлік тексерістен өтпеген азаматтар жұмысқа жіберілмейді.

Құқық бұзушылықтың бұлтартпау шарасы деп - қару-жарақтар да есептеледі; оны заңда негізделгендей тек қана ішкі істер қызметкерлері ғана пайдаланады.[16, 25 б].

Тәркілеу мүліктік сипаттағы әкімшілік жаза ол құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды мемлекет меншігіне тегін алу, бұл туралы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 50-бабында нақтырақ айтылған. Тәркілегенде әкімшілік құқық бүзушылық жасаудың кұралы болған немесе тікелей объектісі болып табылатын зат төлемсіз алынады. Қүзіретті орган немесе өкілеттілік берілген лауазымды тұлға затты кілегенде тәркілеу туралы тиісті қаулы шығарады, ал алынған күні қаулының орындалғаны туралы тиісті қаулы шығарады.

    

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.