Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЕСКЕРТУДІ ƏКІМШІЛІК ЖАЗА ТҮРІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ



2. ЕСКЕРТУДІ ƏКІМШІЛІК ЖАЗА ТҮРІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ

    2.1 Ескерту - құқықбұзышылықтарды алды-алу жазасы ретінде

Ескерту - әкімшілік жаза қолданудағы уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беру және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады. [17, 15 б]

Бұл шара тұлғалармен жасалған маңыздылығы шамалы құқық бұзушылық үшін қолданылады. Ескерту бірінші рет немесе абайсызда болған маңыздылығы шамалы теріс қылық жасаған тұлғалар ұшырайды. Осы шараны қолдану барысында құқық бұзушының жеке басы зерттеледі, міндетті түрде барлық іс мән-жайлары қаралады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 40-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.

Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодекстiң 59-бабында көзделген тәртiппен толтырылады [2].

Құқыққа қарсы жасалған әрекет не әрекетсіздіктің кінәлілігі, яғни оның қасақана немесе абайсызда жасалғандығы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексі, құқық бұзушыға қолданылатын жаза шараларына байланыссыз қандай да болмасын әкімшілік құқық бұзушылықтардың міндетті түрдегі ерекшелігі – кінәнің болуын көздейді. Кінә қасақана немесе абайсыз түрде болады. Құқыққа қарсы әрекеттер қасақана немесе абайсыз түрде жасалса да жауапкершілік осы әрекеттердің жасалу себептерін ескере отырылып тағайындалады.

Бізде заңды білу презумпциясы жүзеге асырылады. Заңды білу презумпциясын нақты азаматтың өз заңды мүддесін, жеке басын қорғайтын құқығын біліп қана қоймай, өзінің жүріп-тұру міндетін, яғни заң жүзінде тыйым салынған әрекеттерді және құқық бұзғандарға қолданылатын жауапкершіліктерді де білуі керек деп түсінуге болады. [18, 23 б]

Сондықтан әрбір азаматтың құқық нормаларымен танысуларына мүмкіндік бар. Ал “заңды білмедім” деген сылтау әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды. Азаматтың құқық нормасының қандай санкциялармен қорғалатынын білмеуі мүмкін, бірақ ол өзінің жүріс-тұрысын реттейтін нормаларды білуге міндетті.

Жасалған теріс қылыққа жаза қолдану (жазаланатын теріс қылық). Бұл жасалған әрекеттер немесе әрекетсіздіктер міндетті түрде жазалануға тиісті, яғни бұзылған норма нақты әкімшілік жаза (санкция) шарасын көруі керек. Егер заң шығарушы сыртқы ерекшеліктері бойынша әкімшілік құқық бұзушылыққа ұқсас жасалған әрекеттерге жауапкершілік белгілемесе, онда бұл әрекеттер жауапкершілік позициясынан алғанда өз мағыналарын жоғалтады [19, 51 б].

Бірақ бұл мемлекет немесе қоғам мүддесіне зиянын тигізетін немесе азаматтардың құқығын бұзатын қандай да болмасын әрекеттер мемлекет тарапынан ресми әсер етусіз қалады деген сөз емес. Құқық нормасында белгіленген әрбір қағида міндетті түрде орындалуға тиісті, бірақ әкімшілік жауапкершілікке тек осы жауапкершіліктерді көздейтін қағидаларды бұзған кезде ғана тартуға болады. Мысалы, темір жол көліктері құралдарын пайдалану ережелері кең көлемде болғанымен, әкімшілік жауапкершілік тек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 136 бабында белгіленген ережелерді бұзғанда ғана қолданылады, яғни жүріп келе жатқан поездарды өз бетімен тоқтатуға, жүктерді тасымалдауға арналған поездарда өз бетімен жол жүру, поезға жүріп келе жатқан кезінде отыру және түсу, вагондардың төбесінде немесе тепкішекте тұрып жол жүру, артық қол жүктерін ақысыз алып жүру және билетсіз жол жүру.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.