Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ескерту жазасын қолданудың тәжірибелік аспектілері



2.2 Ескерту жазасын қолданудың тәжірибелік аспектілері

 

Ескерту кінәліге нақты құқықтық салдар туғызуы мүмкін: біріншіден, ол әкімшілік жазаға ұшыраған деп саналады, екіншіден, қайталанып жасалған құқықтық бұзушылық кезінде ескертуді қолдану үшін басқа әкімшілік жазалармен санасуы.

Мысал. Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты азамат У-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ің 73 б. 1 б. бойынша әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, құқық бұзушы өз үйінде айқай шу шығарып, өзінің апасына қатысты ар намысына тиетін былапыт сөздер айтып, үй тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, маскүнем күйде келіп, апасына қатысты былапыт сөйлегенін баяндады.

    Келесі мысал. Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, С-ға 28.01.2017 жылы полиция қызметкерлерімен қорғау нұсқамасы тапсырылған бола тұра, соған қарамастан 02.02.2017 ж., сағат 22:30 шамасында, Ақтау қаласы, 12 шағын ауданындағы үйі ішінде анасын себепсіз балағаттап, ар-намысына тиіп, отбасы тұрмыстық қарым- қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіріп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461-бабымен (Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу ) кінәлі деп танылып, оған ескерту жазасы қолданылды.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Н. өз үйінде отбасылық жанжал шығарған, сонымен қоса өз әйеліне балағат сөздер айтқан, яғни отбасылық қарым-қатынаста құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып ескерту ретіндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Атырау облысы Махамбет аудандық сотының 2016 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен С.-ға қатысты ӘҚБтК 467-бабының 8-бөлігімен қозғалған әкімшілік іс ӘҚБтК-тің 68-бабына сәйкес, келтірілген зиян елеусіз болуына байланысты оған ауызша ескерту жасаумен шектеліп, қысқартылған. Атырау облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі ұйғарымымен сот қаулысы өзгеріссіз, Махамбет ауданы прокурорының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылған. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары наразылығында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, олардың күшін жойып, іс жүргізу өндірісін қайта қалпына келтіріп, істі қайта қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберуді сұраған. Наразылықтың уәждерін қуаттаған прокурордың қорытындысын тыңдап және іс материалдарын зерделеп, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы прокурордың наразылығы төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді. Іс құжаттарынан анықталғандай, С. 2016 жылғы 22 маусымда 01:15 сағат шамасында Махамбет ауылында «Opel Vektra» маркалы автокөлігін жүргізушінің куәлігінсіз мас күйде жүргізген. Соттар С.-ның жеңіл дәрежеде мас болғандығы сол мезетте өткізілген медициналық куәландырудың қорытындысымен және де іс бойынша жинақталып, сотта жан-жақты зерттелген басқа да құжаттармен толықтай дәлелденген деген тұжырым жасаған. Сондай-ақ, соттар құқық бұзушының әрекеті ӘҚБтК-тің 467-бабының 8-бөлігімен, яғни көлік құралын жүргізу құқығынсыз, мас күйде автокөлік құралын жүргізген деп дұрыс дәрежеленген деп көрсеткен.

Құқық бұзушылық жасағанын С. дауламайды. Сот ӘҚБтК-тің 68-бабын басшылыққа алып, әкімшілік құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиян елеусіз, С.-ның әрекетінен мемлекетке не өзге тұлғаларға залал келтірілмеді деп бағалап, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы №18 нормативтік қаулысының (әрі қарай – Нормативтік қаулы) 6-тармағына сүйеніп, С.-ға ауызша ескерту жасаумен шектеліп, әкімшілік жауаптылықтан босатуды жөн деп тапқан. Сонымен қоса, сот С.-ның аға мемлекеттік сот орындаушысы екенін, оның заң бұзушылық жасағанын көрсетіп, Атырау облыстық сот актілерін орындау департаментінің бастығына жеке қаулы шығарумен шектелген. Алайда, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы №18 нормативтік қаулысының -тармағында мүліктік емес сипатта зиян келтірген құқық бұзушылықты жасаған адамды жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шешкен кезде қол сұғылған объектінің, құқық бұзушылықты жасаудың нақтылы мән-жайлары назарға алынуға тиіс делінген. Бірақ С.-ның көлік құралын мас күйде жүргізгені, яғни оның әрекеті қоғамға және өзге де жол қозғалысының қатысушыларына қауіп төндіретіні соттардың назарынан тыс қалған. Сонымен қоса, келтірілген зиян мүліктік емес сипатта болғанына байланысты, соттың әкімшілік істі нормативтік қаулының аталған бабына сүйеніп қысқартқаны негізсіз.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы №18 нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес, құқық бұзушының мінез- құлқы, материалдық немесе отбасылық жағдайы, сондай-ақ оның құқық бұзушылықтан туындаған жағдайларды жоюға бағытталған әрекеттері құқық бұзушылықтың қауіптілігі дәрежесінің төмендеуін айғақтайтын мән- жайлар болып табылмайды. Сондай-ақ, С.-ның бұрын да көлiк құралын жүргізу құқығы жоқ тұлға бола тұра, көлік жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 470-бабының 2-бөлігімен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жауапкершілікке тартылғаны, одан еш нәтиже шығармай, автокөлік құралына кейіннен мас күйде отырғаны жөніндегі әрекеттерін соттар ескермеген. Мұндай жағдайда, С.-ға автокөлікті жүргізушінің куәлігінсіз, мас күйде көлікті жүргізгені үшін ауызша ескерту жасаумен шектеліп, оны әкімшілік жазадан босату жеткіліксіз. Себебі, ӘҚБтК-нің 44-бабының 2-бөлігінде әкiмшiлiк жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заң талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады делінген.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы №18 нормативтік қаулысының 21-тармағында соттар жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы емес, сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу негізсіз қысқартылған жағдайда, олар дауланып отырған сот актісін бұзып, іс жүргізу өндірісін қайта қалпына келтіріп, оны қайта қарау үшін сотқа жібереді делінген. ӘҚБтК-нің 665-бабының 1 және 3-бөліктеріне сәйкес, судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай келмеуi және әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбауы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, қадағалау сот алқасы аталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысты сот актілерінің күшін жойып, іс жүргізу өндірісін қайта қалпына келтіріп, істі жаңадан қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберді.

Лебяжі аудандық сотында ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А., қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқық бұзушының апасы А-ға қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органымен А., қатысты қорғау нұсқамасы шығарылғандығы анықталды. Қорғау нұсқамасына сәйкес ол апасының еркінентыс оны іздеуге, аңдуға, баруға, телефон арқылы ауызша сөйлесуге, басқа да түрлермен қандай да бірқарым-қатынасжасауға, соныменқатар, қасақанақұқыққақарсыәрекеттер (әрекетсіздіктер) жасау арқылы дене және психикалық зақым келтіруге тыйым салынғандығы анықталды.

Алайда А., қайтадан ұрыс шығарып, жәбірленушінің атына балағатсөздер айтып, ар намысын қорлап, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасаған. Өзінің бұл әрекеті арқылы қорғау нұсқамасын бұзған.

Сот қаулысымен А-ға ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасады.

Келесі мысал. Павлодар қалалық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықбұзушылығы бойынша жедел алдын алу шарасын өткізді.

Шара барысында кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындардағы тәртібі, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде, ойын-сауық орындарында болуы назарға алынды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексінің 442-бабы, 2-тармағында: «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады» делінген. Дәл осы бап бойынша 10 балаға ескерту жасалды. Сонымен қатар, оларға бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны ескертілді.

Келесі мысалды талдап көорейік.

Қазалы аудандық сотының аға сот приставымен С.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталды.

Іс материалдарынан анықталғандай, арыз беруші У.Жандосованың заңдық маңызы бар фактіні анықтау жөніндегі талабын қарау барысында куәгер Д.-ны 2018 жылдың 28 қаңтары күнгі сағат 15:00-де болатын сот отырысына қатысуын қамтамасыз етпеген.

Сотта құқықбұзушы С. өзінің кінәсін толық мойындап, іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетті.

Сот қаулысымен, С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Жоғарыда аталған мысалдардан түсінетініміз, ескерту түріндегі әкімшілік жаза барлық жағдайларда әкімшілік мәжбүрлеудің алғашқы жеңілдеу шарасы болып табылады. Ескерту әсер етпеген жағдайда әкімшілік жазалардың басқа күрділірек түрлері қолданылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.