Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кімшілік жазалардың құқықтық табиғаты



1.1 Əкімшілік жазалардың құқықтық табиғаты

 

Мемлекетімізде қолданылатын заңдар мен заңи міндетті ережелердің негізгі мақсаты – азаматтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделеріне белгілі бір аялардағы құқықтық тәртіп пен тиісті мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Кейбір кездерде осы заңи міндетті ережелерді жалпыға міндетті қағидалар деп те атайды. Осы жалпыға бірдей міндетті қағидаларды ұстану, сақтау мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың және азаматтардың мүдделеріне сай келетіндіктен, қоғамға тигізер пайдасы да өте зор деп айтуға болады [3, 16 б].

Енді түсінікті болуы үшін сол ережелердің қатарына жататындарды атап көрсетейік:

- жол жүру ережелері;

- қоғамдық орындарда тәртіп сақтау ережелері;

- еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелері;

- аң аулау және балық аулау ережелері;

- санитарлық және ветеринарлық ережелер;

- атылатын аңшылық қаруды сатып алу, есепке қою, сақтау және пайдалану ережелері;

- жарылғыш және радиоактивтік заттарды сатып алу, есепке қою, сақтау және пайдалану ережелері, шекаралық режим ережелері;

- қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау ережелері;

- кедендік ережелер;

- өртке қарсы ережелер.

Көбісі аталмай қалған осы ережелерді сақтамаудың және бұзудың нәтижесінде қоғамға қауіпті, зиянды келеңсіз жағдайлардың туындауына әкеп соғатыны айтпаса да белгілі болып тұр. Сонымен бірге аталған ережелердің талаптарын бұзу мемлекет пен заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүдделеріне кайшы келеді.

Міндетті ережелер өте ауқымды субъектілер тарапына арнайы бағытталған. Дені азаматтар мен заңды тұлғаларға арналса, басқалары қандай да болмасын шаруашылық салаларының, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси қызметтердің қызметкерлеріне, ал қалғандары мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және т.б. органдарда белгілі бір қызмет атқаратын лауазымды адамдарға арналған.

Жоғарыда айтылған және басқа да көптеген ережелер республикалық заңдарда, орталық атқарушы билік органдардың актілерінде белгіленіп, көрініс табады.

Міндетті ережелердің аса бір ерекшелігі олар әкімшілік жауапкершілік шараларымен (санкцияларымен) қорғалады, ал олардың бұзылуы – әкімшілік құқық бұзушылық түрінде сипатталады. Сонда құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері мен заңи сипаттамасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте баяндалып, мазмұндалады.

Әкімшілік жауапкершілік көбінесе мемлекеттік басқару органдарының, судьялардың, сондай-ақ әкімшілік өкілеттілік берген қоғамдық ұйымдардың алдында пайда болады (Бұл жерде пайда болады деген сөз тіркесін дәл мағынасында емес, оны (әкімшілік жауапкершілікті) осы аталған органдардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруларының барысында пайда болады деп түсіну керек). Қылмыстық жауапкершілік сот алдында, ал тәртіптік жауапкершілік қызметі бойынша бағынышты адамның алдында пайда болады [4, 18 б].

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар сотталған болып есептелмейді, сондықтан ол қылмыстық жауапкершіліктей қатал емес. Сонда да әкімшілік жауапкершілікті басқа құқықтық жауапкершіліктерден айыратын өзгешелік – оның пайда болу негіздері. Қылмыстық жауапкершіліктің пайда болу негізі – қылмыс, тәртіптік жауапкершіліктің негізі – қызмет барысында еңбек тәртібін бұзу, ал әкімшілік жауапкершіліктің пайда болу негізі – теріс қылық болып табылады.

Сондықтан әкімшілік жауапкершілікті қызметтен тыс, соттан тыс жауапкершілік деп айтуға әбден болады.

Әкімшілік құқықтың осы күрделі институтын оқып білу кезінде бір назар аударатын жәйт, әкімшілік жөніндегі ғылымдармен айналысатын ғалымдардың ортақ көзқарасқа келе алмаулары. Көзқарастағы қайшылықтар көбінесе жасалған әкімшілік теріс қылықтың қоғамға қауіптілігі бар ма, жоқ па деген мәселелердің төңірегінде болады. Авторлардың басым көпшілігі әкімшілік теріс қылықтың қылмыстан айырмашылығы – оның қоғамға қауіпсіздігінде дейді. Ал авторлардың басқа бір тобы, әкімшілік теріс қылмыстардың бәрі қоғамға тигізетін қауіпті, бірақ олардың қылмыстан айырмашылығы – қоғам қауіптілігінің аз болуында деп есептейді.

Белгілі қазақстандық ғалым А. А. Тарановтың “Әкімшілік жауапкершілік” жөнінде сызылған сызбасында: “Әкімшілік жауапкершілік залалды зардаптардың болу, болмауына қарамастан туындайды”, – деп көрсетілген. [5, 23 б]

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде берілген қоғамға қауіптіліктің түсінігі мен кейбір теріс қылықтардың құрамына талдау жасай отырып Д. Н. Бахрах: “Теріс қылықтар қоғамға қауіпті емес. Олар қоғамға зиянды, қоғамға жат әрекеттер” деген қорытындыға келген. [6, 17 б]

Б. М. Лазаревтің көзқарасына тоқталсақ, ол қылмыс пен теріс қылықты айырудың критерийі ауыр зардаптың бар немесе жоқ болуында деп есептейді, яғни қоғамға қауіпті ауыр зардап деген мағынада айтқаны [7, 53 б]

Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігін талдау арқылы оның мына төмендегідей ерекше белгілерін бөліп шығаруға болады:

- жасаған әрекет пен әрекетсіздіктің құқыққа қарсылығы. Мұны құқық бұзушы адамның қылығының белгіленген тәртіп қағидаларына қарама-қайшы (қарсы) келуі деп түсінуге болады. Бұл қағидалар іс жүзінде жүзеге асулары керек. Егер тиісті қағидалардың мерзімі өтіп кеткен жағдайда, осы қағидаларға қайшы келетін әрекеттерді құқыққа қарсы әрекеттер деп есептей алмаймыз. Әдетте бұл мерзімдер ұзақ уақытқа белгіленетіндіктен көбінесе уақыт бойынша шектеу тіптен аталмайды. Қазақ КСР-інің ӘҚБ туралы Кодексінің әр бөлек баптары, сондай-ақ жалпы алғанда Кодекстің өзі де уақыт мерзімімен шектелмеген. Бірақ жұмыс істеу мерзімі уақытпен шектелген нормалар да кездеседі.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.