Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЕСКЕРТУДІҢ ƏКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ



КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін және 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды сауатты орындау елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттіліктің құқықтық негіздерін бекіту ісіндегі негізгі пікірлері мен қағидаларын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік береді [1].

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен тұрады. Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері - адамның және азаматтың, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 40-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінде көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды [2].

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.

Ескерту - әкімшілік жаза қолданудағы уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беру және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.

Бұл шара тұлғалармен жасалған маңыздылығы шамалы құқық бұзушылық үшін қолданылады. Ескерту бірінші рет немесе абайсызда болған маңыздылығы шамалы теріс қылық жасаған тұлғалар ұшырайды. Осы шараны қолдану барысында құқық бұзушының жеке басы зерттеледі, міндетті түрде барлық іс мән-жайлары қаралады. Ескерту кінәліге нақты құқықтық салдар туғызуы мүмкін: біріншіден, ол әкімшілік жазаға ұшыраған деп саналады, екіншіден, қайталанып жасалған құқықтық бұзушылық кезінде ескертуді қолдану үшін басқа әкімшілік жазалармен санасуы.

Курстық жұмыстың пәні. Жұмыстың зерттеу пәні ескерту жазасын тағайындау тәртібі болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі. Жұмыстың зерттеу объектісі ескерту жазасы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты әкімшілік жаза түрлері арасынан ескерту жазасын қарастыру және маңызын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері. Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, міндеттері келесідей болып келеді:

- Əкімшілік жазалардың құқықтық табиғатымен танысу;

- Əкімшілік жазалардың классификациясын қарастыру;

- Ескерту жазасын тағайындау және орындату тәртібін талдау;

- Ескерту - құқықбұзышылықтарды алды-алу жазасы ретіндегі маңызын зерттеу.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Курстық жұмыстың материалдарын осы саладағы одан арғы зерттеуде пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік –құқықтық пәндер бойынша пайдалануға болады. 

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Курстық жұмыста әкімшілік жазалардың ішінде ескерту жазасын орындау тәртібіне кешенді зерттеу жүргізілген.

Курстық жұмыстың құрылымы талапқа сәйкес екі тараудан, төрт тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1. ЕСКЕРТУДІҢ ƏКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.