Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Этиологияның негізінде аурудан сақтандыру және емдеу шараларының ұстанымдары.



Этиологияның негізінде аурудан сақтандыру және емдеу шараларының ұстанымдары.

Аурудан алдын-ала сақтандыру немесе емдеу үшін оны туындатқан себептік байланыстарын, себепкер ықпалды анықтау қажет. Осы себепкер ықпалға қарсы бағытталған алдын-ала сақтандыру және емдеу шараларын этиотроптық (себепкер ықпалға бағытталған) профилактика немесе терапиядеп атайды. Олар:

● себепкер ықпалды болдырмауға;

● себепкер ықпалға организмнің қорғану-икемделу мүмкіншіліктерін сергітуге немесе көтермелеуге - бағытталады.

Бірінші жағдайда ауру туындататын қауіпті бактериялар мен оларды тасымалдаушы жәндіктермен күресу өте маңызды. Осы мақсатта:

♣ антисептикалық дәрі-дәрмектер хирургиялық операциялардан кейінгі жаралардың микробтармен асқынбауы үшін қолданылады;

♣ қауіпті індеттердің себепкер ықпалын білу арқылы олардың жер-жерге тарап кетпеуі қадағаланады;

♣ жұқпалы аурулардың (безгек плазмодияларының, обаның, бөртпе сүзек т. с. с.) қоздырғыштарын тасымалдаушы жәндіктерді жою ісшаралары қолданылады;

♣ жұқпалы ауруларды емдеуде бактериялардың өсіп-өнуін тежейтін дәрі-дәрмектер (антибиотиктер, сульфаниламидтік дәрілер) кеңінен қолданылады;

♣ салауатты өмір салтын сақтау да аурудың алдын алуға бағытталған.

Екінші жағдайда ауру туындататын ықпалға организмнің қорғану-икемделу мүмкіншіліктерін сергіту үшін:

♣ жұқпалы аурулардан сақтандыратын екпелер пайдаланылады. Мәселен, күл ауруына, сіреспеге, іш сүзегіне, полиомиелитке, көкжөтелге, қызылшаға т. с. с. ауруларға қарсы қолданылатын екпелер. Кейбір аллергиялық ауруларды (поллиноз) емдеу үшін сол ауруды туындатқан арнайы аллергеннің өте аз өлшемдерімен екпелер жасалынады;

♣ организмді суық температураға, күнделікті дене шынықтыруға, гипоксияға машықтандырулар;

♣ тағамның құрамы бойынша тиімді қоректену, антиоксиданттық витаминдер қабылдау т.с.с. кеңінен қолданылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.