|
|||
Аурудың нышандары. Аурудың жіктелу негіздері. Аурудың өту кезеңдеріАурудың нышандары Ауру деп айту үшін оның мынандай үш түрлі нышандары болуы қажет: · Субъективтік симптомдары немесе науқас адамның өзін-өзі сезінуі. · Дерттің айғақты симптомдары (объективті белгілері). · Қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі. Аурудың жіктелу негіздері Пайда болу себептеріне қарай: туа біткен және жүре пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе іштегі ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кезіндегі бұзылыстардан пайда болады. Жүре пайда болған аурулар: инфекциялық және бейинфекциялық болуы ықтимал. Даму жолдарына қарай оларды: тектік, аллергиялық, қаьынулық, зат алмасулық, өспелік, жүйкелік реттелулік, жүйкелік дистрофиялық, т.б аурулар деп ажыратылады. Дерттің жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай: қауырт, жіті, жітілеу, созылмалы ауруларға ажыратылады. Қауырт ауру 4 тәулік ішінде, жіті ауру 5-14 тәулік аралығында, жітілеу ауру 15-40 тәулік аралығында, созылмалы ауру бірнеше ай-жылдар бойы өтеді. Дерттің арнайы өзгерістерінің денедегі деңгейіне қарай:молекулалық, хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп бөлінеді. Науқас адамдардың жасына қарай: жаңа туған нәрестелерідің, балалардың, ересектердің және қарт адамдардың аурулары болады. Жынысына қарай: ер адамдардың және әйелдердің аурулары ажыратылады.
Аурудың өту кезеңдері Қандайда болмасын аурдың өтуі 3 кезеңге бөлінеді: · аурудың бастапқы кезеңі · аурудың айқындалу кезеңі · аурудың аяқталуы мен салдары Аурудың бастапқы кезеңін ауру алды жағдай деп атайды. Ауру алды жағдай деп –қоршаған ортаның жағдайларына организмнің икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерің шектелуімен көрінетін, сәйкес сауықтыру шаралары болмауынан ауруға ауысатын адамның жағдайын айтады. Бұл кезең жасырын және аурудың басталу сатыларынан тұрады. Жасырын сатысы ауру туындататын ықпалдың әсерінен бастап аурудың алғашқы клиникалық көріністеріне дейінгі уақытқа созылады. Ол жұқпалы аурулар кездерінде әйгіленімсіз немесе инкубациялық, химиялық заттармен уланулар, сәулелік ауру т. б. кездерінде жасырын немесе латенттік,өспелер дамуында — өспе алды немесе обыралдыкезең делінеді. Бұл сатының ұзақтығы бірнеше секундтан (уланулар кездерінде) бірнеше жылдарға дейін (өспелер дамуы кездерінде) созылуы мүмкін және бұл кезде аурудың ешқандай көріністері болмайды. Артынан аурудың алғашқы хабаршы, бейнақты, белгілері: әлсіздік, көңіл-күйдің бей-жайлығы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауыруы т. с. с. әйгіленімдер пайда болады. Бұл аурудың басталу сатысын хабаршы (продромалық)сатысы дейді. Осыдан кейін аурудың екінші айқындалу кезеңібасталады, оның барлық клиникалық әйгіленімдері (симптомдары) айқын байқалады. Олар дамыған ауруға ғана тән арнайы (спецификалық) және көптеген ауруларга жалпылама бейнақты (бейспецификалық) болып ажыратылады. Сонымен бірге, аурудың әйгіленімдері (симптомдары) тұлғалық (субъективтік) және айғақты (объективтік) болады.
|
|||
|