|
||||||||
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМСтр 1 из 7Следующая ⇒
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ Жалпы патология – ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін медицинаның түбегейлі ілімі. Ол клиникалық пәндердің негізгі іргетасын қалайтын, аурудың пайда болу себептерін, дамуы мен аяқталу заңдылықтарын тұтас организмнің, жүйкелік-эндокриндік және иммундық реттелу негіздерінде, дерт туындататын ықпалдарға икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерімен біріктіре қарастыратын іргелі қағидалық ілім. Ол физиология, молекулалық биология, биохимия, иммунология, патоморфология, фармакология және т.б пәндермен тығыз байланыста болу арқылы медицина ғылымының заманына сай жетістіктерін клиникалық пәндермен байланыстырып біріктіретін пән. Жалпы патология ауру туралы жалпы қағида қалыптастырып, оның даму жолдарын анықтау арқылы аңғарымдамалық, патогенздік профилактика және емдеу жолдарының негіздерін қалайды. Қандай да болмасын жаңадан ашылған аңғарымдамалық және терапиялық іс-шаралар алдымен патофизиологиялық тәжірбиелерде тексеріледі. Ауру дамуындағы себеп-салдарлық арақатынастарды ажырату арқылы клиникалық дүнетанымды қалыптастыруда маңызы зор. Жалпы патология жалпы және жүйелік бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімі – органзимде орналасқан жеріне және пайда болу жаратылысына қарамай, ағзалар мен тіндердің қызметтері бұзылыстарының даму тетіктері мен себептерінің үлгілік заңдылықтарын зерттейді. Жүйелік патология, дерт туындататын ықпал әсер еткенде жеклеген ағзалар мен тіндердің қызметтерінің бұзылыстары мен сауығуының жалпы және арнайыланған тетіктерін анықтайды. Жалпы патологияның бұл екі бөлімі де аурудан сақтандыру, аңғарымдау және емдеу әдістерін іздестіретін және практикаға ендіретін амалдық медицинаның қағидалық негізін қалайтын ілімге жатады.
|
||||||||
|