Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Патофизиологияның міндеттері. Патофизиологиядағы зерттеу әдістері



Патофизиологияның міндеттері. Патофизиологиядағы зерттеу әдістері

Патофизиологияның міндеттері:

· Жалпы этиология сұрақтарын зерттеу

· Патогенез сұрақтарын зерттеу

· Эксерименттік емдеу тәсілдерін өңдеу

· Дәрігерлік ойлауды қалыптастыру.

 

 

Патофизиологияның негізгі тәсілі – патофизиологиялық эксперимент.

Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі:адам ауруларын жануарларда үлгілеу.

Эксперимент артықшылықтары Эксперимент кемшіліктері
Аурудың бастапқы кезеңін зерттеу Аурудың емделмеген түрін зерттеу Аурудың кез-келген сатысында ішкі ағзалардың биохимиялық және морфологиялық өзгерістерін зерттеу Емдеудің жаңа тәсілдерін өңдеу және дәрілік заттарды сынау Адамдардағы барлық ауруларды жануарларда үлгілеуге болмайды Жануарлардың ауруы адам ауруынан ерекшелінеді (жауарларда адам ауруын толық көлемінде алу мүмкін емес).

 

Жалпы назология

Назология (гректің nasos-ауру, logos-ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бұл медицина ғылымының ең күрделі мәселесі.

Ауру мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі толық жинақталмаған. Мәселен, егер 1000 дені сау деген адамды әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерін сипаттайтын 100 көрсеткішпен тексерсе, онда тексерілгендердің 0,6% ғана сау адамдарға ілінетіні байқалған. Осыдан адамдардың барлығы бірдей ауру деуге болмайды. Егер организмнің сыртқы қоршаған орта жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі болып қалыптылық немесе белгілі бір тұрақты өлшем есептеледі. Қалыптылық (қан қысымының деңгейі, дененің температурасы, қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздардың, т.б деңгейі) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа деңгеймен анықталады. Ал, бұл көрсеткіштер әр жерде әртүрлі болуы мүмкін.

Денсаулыққа анықтама беруге тырысудың көптеген ұмтылстары бар. Оның бәріне тоқталу мүмкін емес. 1946 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) денсаулық туралы мынандай анықтама берді: денсаулық дегенміз денеде дерт немесе жай көзбен көрінетін ақуалдардың болуы ғана емес, адамның көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі. Бұл анықтамада қоршаған ортамен организмнің байланысы мен өзара қатынасы ескерілмеген. Денсаулық деп организмінің сыртқы орта ықпалдарына бейімделіп, өзінің ішкі тұрақтылығын қалыпты деңгейде сақтап қалатын жағдайын айтады.

Ауру денсаулықтан мына жағдайлармен ерекшеленеді:

· ол ауру туындататын экзогендік немесе эндогендік исебепкер ықпалдардан дамиды;

· ол ағзалар мен тіндерде құрылымдық, зат алмасулық және функциялық өзгерістердің пайда болуымен көрінеді. Бұл өзгерістер ағзаның бүліністерімен және бұзылған функциялардың теңгерілуімен қабаттасады.

· Ол қоршаған ортаның ұдайы өзгеріп тұратын ықпалдарына организмнің икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерімен шектелуімен көрінеді.

· Ол организмнің рухани және күш-қуат жұмсау мұқтаждықтарын өтеу мүмкіншіліктерінің төмендеуімен және еңбек жасындағы ересек адамдардың еңбекке қабілеті азаюымен байқалады.

· Ол адамның көңіл-күйінің және күш-қуатының сәтісіздігіне әкеледі.

Сонымен, ауру дегеніміз – тұтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ықпалдардан дамитын, оның биологиялық және әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы жағдайын айтады. Ауру түсінігі дерттік серпіліс (патологиялық реакция), дерттік үрдіс (патологиялық процесс), дерттік жағдай (патологиялық жағдай) деген түсініктерге жақын тұрады.

· Дерттік серпіліс –организмнің немесе оның кейбір жүйелерінің әдеттегі немесе ауру туындататын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауап қайтаруы.

· Дерттік үрдіс – бүлінген тіндер мен ағзалардағы әрі зақымдану, әрі қорғану-бейімделу серпілістерінің біріккен жиынтығы. Ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне заңды түрде пайда болатын организмдегі серпілістердің тізбегі.

· Дерттік жағдай -организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқуы. Ол өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс немесе оның салдары.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.