|
|||
Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі ⇐ ПредыдущаяСтр 8 из 8 Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі. Мемлекеттік нивелирлеу жүйесінің пункттерінің биіктіктерін геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды. I класты нивелирлеу жүйесі периметрі 2000 км-ге жуық тұтас полигонды құрайтын жүрістерден тұрады. I класты нивелирлеу мейлінше жоғары дәлдікпен жүргізіледі, оған барынша жетілдірілген аспаптар мен бакылау әдістерін қолдану арқылы жетуге болады. Салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттык кездейсоқ қателігі 1 км жүрісте mh 0,5 мм болады. И класты нивелирлеу сызығы I класты нивелирлеу пункттерінің арасында периметрі 500-600 км полигондар түрінде салынады. II класты нивелирлеу жүрісінде салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттык кателігі 1 км жүрісте mh =0,8 мм-ден аспауы керек. III класты нивелирлеу жүйесі I және II класты нивелирлеу полигонының ішінде жүйе немесе II кластык полигонды периметрі 150-200-ден 6-9 полигонға бөлетін жеке жүрістер түрінде жасалынады (1км жүрісте mh=1,6 мм-ден аспауы керек). III класты нивелирлеу жүйесін одан ары жиілендіру IV класты нивелирлік жүрістер жүйелерін құру аркылы орындалады. Олар топографиялық түсірулердің тікелей биіктік негізі болып табылады. Оларды салу жиілігі түсіру масштабымен және жергілікті жердің жер бедерінің сипатымен сабақтас болады. Барлық кластағы нивелирлеу жүрістері жергілікті жерде орташа есеппен алғанда 5 км сайын тұракты реперлер және таңбалармен бекітіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 2. Қазақ энциклопедиясы 3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
|
|||
|