Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жазық полярлық координаталар жүйесі



Жазық полярлық координаталар жүйесі

Жазық полярлық координаталар жүйесі. Геодезиялык жұмыстарды жүргізген кезде, көптеген нүктелердің орындарын бастапқы бағыт немесе бағдар ретінде қабылданған белгілі бір нысанадан анықталатын жазық, полярлық координаталар жүйесі қолданылады. Осы координаталар жүйесінің элементтері 5-суретте көрсетілген:

1) бастапқы бағыт, полярлық осі-ОХ; ОХ осінен кез-келген жаққа бағыттауға болады, мысалы, А және В нүктелеріне;

2) О-нүктесі-координаталар басы (полюс), түсірістер кезінде, полюс ретінде теодолиттік жүрістер нүктесі қабылданады.

Жазық полярлық координаталар жүйесінде нүкте екі координата арқылы анықталады: полярлық осьтен нүктеге дейінгі бағыт аралығындағы горизонталь бұрыш-ß; полюстен бастап анықталатын нүктеге дейінгі арақашықтық-d. Мысалы, А нүктесінің координаталары ß1 d1 ал В нүктесінің координаталары ß2, d2 болып келеді.

Полярлық бұрыштар полярлык осьпен сағат тілінің бойымен О мен 360° аралыгында өлшенеді. Жазық полярлық координаталар жүйесі теодолиттік түсірістер мен жобадан жергілікті жерге қүрылыс объектілерінің нүктелерін көшіргенде қолданылады.

Негізгі бөлім

Мемлекеттік геодезиялық желісін жасау әдістері.

Теодолиттік түсіріс

Теодолиттік түсіріс деп жер бетінің тек контурлық планын жасау үшін теодолит пен өлшеу лентасының немесе қашықтық өлшеуіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды атайды. Теодолиттік түсірістер жазық жер бетінде, елді-мекенді аймақтарда, құрылыс, тау-кен өндіріс алаңдарында, теміржолтораптары, т.б жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі.

Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі, әдетте теодолиттік жүрістер түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендиклярлар және жарма әдістермен, сонымен қатар әртүрлі бұрыштық және ұзындық қиылыстырулар көмегімен анықтайды.

Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады.

Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын түсіру дәлдәгәне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолдағы бар барлық картографиялық құжаттарды мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.

Далалық жұмыстарға:

Жергілікті жерді рекогносцировкалау және пункттерді бекіту;

Бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;

Жердегі заттарды, контурларды түсіру;

Жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек пункттеріне байланыстыру.

Рекогносцировка негізінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттерін іздеп тауып, теодолиттік жүрістің неғұрлым қолайлы орындарын белгілейді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.