Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Геодезиялык бойлық. Географиялық координаталар жүйесі. Жазық координаталар жүйелері. Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі



Геодезиялык бойлық

Геодезиялык бойлық (λ) бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридиан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай 0°-тан 180°-қа дейін салынады.

Географиялық координаталар жүйесі

Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортақ және олар астрономия, сфералық геометрия, картография, ғарыш мәселелерін шешуде жиі қолданылады.

Жазық координаталар жүйелері

Жазық координаталар жүйелері ішінде геодезияда ең кеңінен тарағандары-тік бұрышты және полярлық координата жүйелері.

Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі

Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі. Шағын аймақтары біршама қысқа арақашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде, тік бұрышты X және У осьтерінен тұратын жазық координаталар жүйесі пайдалынады. Бүл жүйеде координаталар басы шартты түрде алынады, яғни еркін бір нүктеден басталады (3-сурет).

Тік бұрышты координаталар жүйесінде X осі-абсцисса, ал У- ордината осьтері болып белгіленеді. Горизонталь жазықтық координата осьтерімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада колданылатын декарттык тік бұрышты жүйеден геодезиядағы бұл жүйенің айырмашылығы-ширектердің оң жаққа карай нөмірленулері, яғни солтүстік-шығыс ширектен басталып, сағат тілінің бағытымен есептеледі. Әлбетте, мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді.

3-суретте көрсетілгендей, кез-келген нүктенің орны, мәселен А нүктесінің орны координаталар басынан осы нүктелердің Х,У осьтеріндегі проекциялары (ОХ, ОУ), яғни ХА, УА координаталарымен анықталады. Ал, осы X пен У осьтеріндегі АВ сызығының проекцияларын координаталар өсімшелері деп атап, оларды Δх, Δу деп белгілейміз. Координаталар өсімшелерінің белгілері де ширектің орнына байланысты, егер өсімшелердің бағыттары, яғни тік бұрышты үшбұрыштардың қажеттері координаталык осьтердің оң бағытымен сәйкес келсе, онда координаталар өсімшелері оң, ал сәйкес келмесе-теріс болады. Координаталар өсімшелерінің әр ширектеріндегі белгілері 1-кестеде келтірілген.

Егерде А нүктесінің ХΔ, УΔ координаталары және А мен В нүктелері арасындағы Δх пен Δу координата өсімшелері белгілі болса, онда В нүктесінің координаталары мынаған тең болады

ХВ=ХА+ΔХ ; УВ=УА+ Δх (2)

Координаталардың бұл тікбұрышты жазық жүйесі горизонталь түсірістер жүргізіп және олардың нәтижелері бойынша жердің пландарын жасаған кездерде қолданылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.