Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Полигонометрия әдісі



Полигонометрия әдісі

Полигонометрия әдісі. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді . Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондык бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп шығаруға болады. Полигонометриялық жүрістің бұрыштары тиісті дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялык жүрістердің қабыргаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық-механикалық қашықтық өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар колданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген базистен, қосалқы бұрыштары өлшенген геометриялық фигуралар арқылы анықталуы мүмкін. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты полигонометрия; а) траверстік немесе магистральдық , яғни қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы; э) параллактикалық полигонометрия, яғни қабырғаларды қысқа базис және параллактикалық сүйір бұрыш арқылы жанама тәсілмен анықтауға негізделген .

Егер ab базисі полигонометриялық жүрістің АВ қабырғасына перпендикуляр болса және онымен екіге бөлінсе, онда АВ қабырғасының ұзындығын анықтау үшін ab-базисін және φ1 мен φ2 параллактикалық бұрыштарын өлшеу жеткілікті.

I класты полигонометрия меридиан және параллель бағытында созылған жүріс түрінде кұрылады, олар бірінші класты периметрі 700-800 км полигонный буындарын құрады, 2 класты полигонометрия I класты триангуляция мен полигонометрияның ішінде периметрі 150-180 км-лік тұйық полигон жүйесі ретінде дам иды. 3 және 4 класты полигонометриясы торапты пункттері бар жүрістер жүйесі немесе жоғарғы класты мемлекеттік геодезиялык жүйенің пункттеріне сүйенетін жекелеген жүрістер түрінде кұрылады. Полигонометрияның негізгі сипаттамалары 9-кестеде келтірілген.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.