Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Триангуляция әдісі. Трилатерация әдістер



Триангуляция әдісі

Триангуляция әдісі. Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис кабырғаларының ұзындығы өлшенеді . Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі. 1 класс триангуляциясының тұгас жүйесін орасан зор территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан I класты геодезиялык жүйені, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бірінен-бірі 200 км-ге дейінгі алые кашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар катары түрінде құрады. I кластық триангуляция қатарының параметрі 800 км-ге дейінгі тұйық полигонды құрастырады. 2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және 1 класты пункттерімен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды. 3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялык жүйелердің одан арғы жиілендіруі болып табылады. I және II, III класты мемлекеттік геодезиялык жүйе 50-60 км²-қа бір пункт тығыздықпен жасалынады. Пункптердің осындай тығыздығы 1:25000 және 1:10000 масштабтағы топографиялықтүсірулерді қамтамасыз етеді.

Трилатерация әдістер

Трилатерация әдістері. III және IV класты мемлекеттік геодезиялык жүйелер, трилатерация әдісімен де қүрылуы мүмкін. Трилатерация триангуляция тәрізді, барлык қабырғапар узындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесі болып саналады. Үшбұрыштарды шешу аркылы горизонталь бұрыштарын, ал одан кабырғаларыныц дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядагыдай жүргізеді. Трилатерация жүйесінде қабырғаларының үзындыгы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштерімен өлшенеді. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек: III класс үшін-1:100000, IV класс үшін- 1:40000.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.