Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мазмұны. Кіріспе. Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі. Кеңістік координаттар жүйесі



 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

 

Факультеті: География және табиғатты пайдалану

Кафедрасы: География, жерге орналастыру және кадастр

СОӨЖ

Тақырыбы: Геодезия мен топографияда қолданылатын координаталар жүйелері және мемлекеттік геодезиялық желісі

 

                                                     Орындаған: Салимов А. Е.

                                                   Қабылдаған: Зулпыхаров К. Б.

 

 

Алматы-2020

Мазмұны

1. Кіріспе

1.1.  Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі

1.1.1. Кеңістік координаттар жүйесі

1.1.2. Геодезиялык бойлық

1.1.3. Географиялық координаталар жүйесі

1.1.4. Жазық координаталар жүйелері

1.1.5. Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі

1.1.6. Зоналық тік бұрышты жазық координаталар жүйесі

1.1.7. Жазық полярлық координаталар жүйесі

2. Негізгі бөлім

2.1.  Мемлекеттік геодезиялық желісін жасау әдістері

2.1.1. Теодолиттік түсіріс

2.1.2. Нивелирлік рейкалары

3. Қорытынды

3.1.  Мемлекеттік геодезиялық тораптар

3.1.1. Триангуляция әдісі

3.1.2. Трилатерация әдістер

3.1.3. Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі

3.1.4. Полигонометрия әдісі

4. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі

Кеңістік координаттар жүйесі

Кеңістік координаттар жүйесі. Жер бетіндегі нүктелердің орнын оның координаталары, яғни алынған координаталар жүйесінің бастапқы жазықтары мен сызықтарына қатысты ізделіп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезияда колданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазыктық жүйелері болып екіге бөлінеді.

Координаталардың кеңістік жүйелерінің ішінде көпшілікке танымалысы-географиялык координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды географиялық ендік- және географиялық бойлық-λ дейді (2-сурет). Геодезиялык (φ) экватор жазықтығы мен бекітілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялык меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай 0° тан 90°-қа дейін өзгеріп отырады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.