![]()
|
|||||||
Сүт қоректілер класыСүт қоректілер класы Сүт қоректілер-ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды омыртқалылар Зерттейтін ғылым –маммология (териология) Түр саны -5000 Қазақстанда -178 Қызыл кітапқа енген -40 Терінің қосалқы бөлімі -түк,тырнақ,мүйіз,тұяқ Терідегі бездер -май,тер,сүт,иіс шығарады Қанқасы-бас сүйек,омырқа жотасы мен кеуде қуысы,иық белдеуімен алдыңғы аяқ, жамбас белдеуімен артқы аяқ Мойын омыртқасы -7 Пайда болған бұлшық ет -көкет Тістер-жақ сүйектегі ұяшықтарға орналасқан Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай тістері бөлінеді -күрек,сойдақ, кіші және үлкен азу тістер Күйіс қайтаратынжануарлардың қарны көп қуысты – үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар), ұлтабар Сиырдың қарны -төрт бөлімді(тазқарын,жұмыршақ,жалбырша,ұлтабар) Сиырдың қарнының ең үлкен бөлімі -таз қарын,онда қорек бактериялардың көмегімен ашып жұмыршаққа өтеді Өсімдік қоректі жануарлардың ішегінің ұзындығы -дене тұрқынан 20 есе ұзын Етқоректі жануарларда - 4-5 есе ұзын Ауа өтетін мүшелер - танау тесігі, жұтқыншақ, көмей,кеңірдек, ауатамыр Тыныс алуға қатысатын бұлшықеттер - көкет, қабырға аралық Қантарату жүйесі -тұйық, 2 шеңберлі, жүрегі 4 қуысты, эритроциттері ядросыз, артерия мен вена қаны араласпайды Көкет (диафрагма) – кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұрады Ас қорыту жүйесі –етті еріндері бар. Ауыз қуысы-жұтқыншақ-өңеш-асқазан-аш ішек-тоқ ішек- тік ішек-аналь тесігі Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы- сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды Бүйеннен – соқырішек дамиды Зәр шығаруы - 2 бүйрек Есту мүшесі - ішкі, ортаңғы және сыртқы құлақ Өздері шығарған өте әлсіз дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдай алады - жарқанат, тюлень, дельфин Көбеюі - даражынысты, ұрықтануы іштей Ұрық дамып жетіледі - жатырда Жатыр қабырғасындағы ұрық пен аналық арасындағы мүше - ұрықжолдас (зат алмасады) Үй қоянының буаз болу мерзімі - 1 ай Жабайы қоян - 45-51 күн Бұғы -8-9 ай Жылқы - 10 ай Түйе - 12-13 ай Пілдің буаз болу мерзімі - 600 күн
|
|||||||
|