|
|||
Векторлық үлгілеу әдістері 3 страница12. Мәліметтер базасының персоналды және ұжымдық түрлерінің айырмашылығын айтыңыз. Мәліметтер базасы 2 түрде болады: 1. Персоналды 2. Ұжымдық Персоналды мәліметтер базасы кіші көлемді жобаларды орындауға арналған. Ұжымдық мәліметтер базасы бірнеше қолданушының жұмысына үлкен мекемелерге арналған мәліметтердің барлығы орталық серверде сақталатын жүйе. Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәліметтердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арнаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. . Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты.Мәліметтер базасының басқару жүйесі - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация). 13. Arc GIS-те қолданылатын негізгі формат түрлерін атаңыз. 1. Шейп-файлдар 2. Геомәліметтер базасы 3. ArcInfo жабуы 4. Векторлық объектілердің қызметі ArcIMS 5. Картографиялық қызмет (MapServices) ArcIMS 6. Географиялық торға косылу i. PC ARC/INFO жабуы, SDE қабаттары, TIN, DXF, DWG, DGN, VPF Растрлық формат- картографиялық ақпараттың автоматтандырылған тәсілінің бір түрі, мұнда ақпаратты жолдар мен бағаналардың көмегімен іске асырылады. Кескіндерді кіргізгенде, нүктелер мен сызықтарға «1» деген мағына береді, ал фон «0» цифрасымен кодталады. Егер де сканерленетін сызықтың қалыңдығы 1мм болса, ал растрдың размері 0,1мм болса, онда ЭЕМ-нің жадысында осы контурдың линиясын көрсету үшін 10 ұяшық «1» деген кодпен беріледі. Растрды кіргізу келесі этаптардан тұрады: сканерлеу: графикалық мәліметтерді сандық түрге ауыстыру; растрлық ақпаратты өңдеу (фильтрация); қосу және осьтік сызықтарды көрсету; векторлық форматты түрде мәліметтерді сақтауға көшу; мәліметтердің МБ-сін жазу. растрлық модельде нысандар үздіксіз кеңістікте ұяшықтар түрінде көрсетіледі. Растрлы суреттемелер – графикалық объектілерді сканерлеу нәтижесінде алынуы мүмкін. Растрлы бейнелер өзінше жеке элемент құраушылар мәндерінің жинағын береді, ол сканерленген картаға немесе көрініске ұқсас. Векторлық формат – геоинформатикадағы ең жаңа немесе кең қолданылатын тәсіл. Мұнда картографиялық мәліметтерді формализациялау төмендегідей атрибуттар көмегімен іске асырылады. Ол: нүкте, кесінді-екі нүктені қосатын сызық, сегмент-екі және одан да көп сызықты қосады және осы сегменттер қосындысын контур немесе аудан деп аталады. Бұл әдісте картаны кеңістікте байлағаннан кейінгі қабаттар жасалады. Векторлық моделде әрбір нысан кесте жолымен беріледі. Ал нысан формасы кеңістіктегі координат х, у нүктелерімен анықталады. Аудандық полигондар шекараларымен анықталады және тұйықталған полигон түрінде көрсетіледі. Шекаралар ретінде жерді пайдалану учаскелері үшін нақты бекітілген шекаралар пайдалануы мүмкін. Векторлық көрсетуде – қос координатаның жиынтығы түріндегі нүктелік, сызықтық, полигонды кеңістік нысандардың цифрлық көрінісі. Деректер векторлық құрылымдарда сызық және оданда көп координаттардан тұрады. Векторлық моделдер әртүрлі тәсілдермен алынады. Ең көп тарағаны - сканерленген(растрлы) бейнені векторлау. Бұл тәсіл векторлық объектілерді сканерленген бейнеден бөлу мен оларды векторлық форматта алудан тұрады 14. Метомәліметтерге анықтама беріңіз. ArcGis-тегі элементтерді сипаттайтын деректерді метомәліметтер деп атайды. Жақсы бейнелеулер дайын болған кезде сіздің ұйымыңызға қажетті ақпаратты метомәліметтердің ішінен тауып жазуға болады. Сіздің ұйымыңызға қызығушылық тудыратын кез-келген мәліметтерді метомәлімет элементіне жазып қоюға болады. Метомәліметтер элементін ArcCatalog-тағыдай Описание вкладкасында қарап, редактрлеуге болады. Сол арқылы ArcGis for Desktop приложениясынан Описание элемента терезесінен ашып көруге болады. Геомəліметтер базасы .Векторлық жəне растрлік, адрестік нүктелер геодезиялық өлшем мəліметтері, метомəліметтер жəне көптеген басқа да əр түрлі мəліметтердің құрылымы мен сақтау ережелерін анықтайтын үлгі.Бірегей технология əркелкі мəліметтерді тиімді сақтауға жəне оларды күрделі жобалар мен жүйелерде жеңіл қолдануға мүмкіндік береді.Геомəліметтер қорында тұтынушылар қойма ішінде кеңістіктік өзара байланысқан географиялық объекттер мен объекттік кластарды анықтайтын жəне мəліметтердің тұтастығын қамтамсыздандыратын (əдетте, топология деп аталатын) ережелер мен қатынастарды бере алады.Геомəліметтер қоры нұсқаларды синхрондау мүмкіндігімен тəртіпте саралауды автономды түрде ғана емес, сонымен қатар көптұтынушылық өткізуге мүмкіндік береді.XML пішімінде геомəліметтер қорын экспорттау, бүкіл геомəліметтер қоры немесе оның жеке элементтерін (кестелер, домендер, топология ережелері немесе басқалар) басқа қосымшаларға қолайлы болатындай алмастыру пішіміне көшіруге мүмкіндік береді.Шейп файл арқылы біз белгілейміз.Атрибуток кестесін толтырамыз, надпис жасаймыз.Ал геомәліметтер базасына шейп файлды экспорттаймыз, ол бізге ұтымды уақыт болады.Геомәліметтер базасында аннотация жасаймыз.Біз шейп файлдан аннотация жасайтын болсақ ол объектпен связанный болмай қалады.ГАЖ- дың негізінде ақпараттық – бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістіктік – координаттық байлау, тарату және көрсету жатыр.Қазіргі дамыған елдерде мыңдаған ГАЖ бар, олар экономикада, саясаттануда, экологияда.қоршаған ортаны қорғау және басқаруда, жер кадастырында, ғылымда, білім беруде қолданылады. 15. Arc GIS-тің Arc Map, Arc Toolbox, Arc Catalog қосымшаларына анықтама беріңіз. ArcGISпрограммалық өнімі ArcMap, ArcCatalog, и ArcToolbox қосымшаларынан тұрады.Оларды бірге қолдана отырып ГАЖ-нің кез келген қарапайымнан күрделіге дейін- картографиялық, мəліметерді басқару, географиялық анализ мəліметтерді редакциялау жəне геомəліметтерді өңдеу сияқты мəселелерді шешуге болады. ArcMap, ArcCatalog, және ArcToolbox біріге жұмыс істей отырып, ГАЖ мəселелерін шешуге арналған. Мысалы, картаға тиісті документтерді ArcCatalog арқылы іздеп таба аласыз жəне документке екі рет басу арқылы оны ArcMap-та аша аласыз. ArcMap -та ашылған документті арнайы құралдар арқылы редакциялауға болады.ArcCatalogқосымшасы барлық ГАЖ мəліметтерін ұйымдастыруға жəне басқаруға арналған. Арнайы құралдар географиялық объектілерді табуға көшіруге, кез келген мəліметтер жинағын көруге, қабатардың құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.ArcMap-ArcMap мəліметтерді визуалды бейнелеуге, сұраныс жасауға жəне сапалы карта карта жасауға арналған құралдар жинағынан тұрады. ArcMap карталарды қағаз бетіне басып шығаруды жеңілдетеді, басқа форматтарға айналдырады жəне электронды публикация жасайды. Сондай-ақ ArcMap-та жасаған жұмыстар таңдалған символдар, жазылған текст жəне графиктер сақтау тетігі арқылы толығымен автоматты түрде сақталады. ArcMap - ArcGIS-тің бейнелеуге, сұраныс, редакция жасауға, мəліметтерді құруға жəне анализ жасауға арналған алғашқы қосымшасы.ArcToolbox-ArcToolbox – құралдар жинағы. Мəліметтерді өзгертуге, координаталар жүйесін басқаруға жəне карталардың проекцияларын өзгертуге арналған құралдардан тұрады. ArcInfo тұтынушыларын, ArcToolbox мəліметтерді өңдеуге жəне кеңістіктік анализ жасауға арналған құралдармен қамтамасыз етеді. 16. Arc Map-ғы объектілердің жазылу процесін анықтаңыз. Объектілерді жазу әдістерін көрсетіңіз. ArcMAP – ArcGIS тің негізгі қосымшасы. Мұнда барлық карталық тапсырмалар орындалады – карта жасау, өңделген мəліметтерді басып шығару, картаны анализдеу жəне редакциялау. ARC Map интерфесінің қосымшаларына сипаттама: Тақырып панелінде картаның аты көрсетіледі; Стандарттық панель; Көрсету терезесі – картаның объекттері суреттелетін орын; Статус панелі – координаттар туралы мәліметпен қатар, менюдің пернелері мен пернелердің сипаттамасын көрсетеді; Вид данных - географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, əртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалынады. Вид компоновки - вид данныхта жасалған картаны безендіру, яғни легенда құрастырылады, тақырыбы жазылады, мəліметтер базасы, қағаз көлемі, масштабы жəне т.б. көрсетіледі. Қабаттар – мәліметтер көзін, сонымен бірге мәліметтер көзін бейнелеу қасиеттерін табу жолдарын сақтайды. Қабаттар іс жүзіндегі географиялық мәліметтерді сақтамайды, бірақ мәліметтер көзінде бар мәліметтерге сілтеме жасайды. Мәліметтер көзіне төмендегі мәліметтер жатады: · мәліметтердің векторлық жинақтары: shapefiles, автоматтанған жобалау файлдары (CAD), geodatabase және SDE мәліметтер базасы; · мәліметтердің растрлық жинақтары: гридтер мен суреттер; · мәліметтердің кестелік жинақтары: INFO, dBase және RDBMS кестелер; · тин мәліметтер жинақтары: TINs. Осы тәсіл бойынша мәліметтерге сілтеме жасау карта бетінде ең жаңа ақпараттарды автоматты түрде ГАЖ мәліметтер базасында көрсетуге мүмкіндік береді. Қабаттар картаның сақталған документінің (.mxd файл) бөлігі ретінде сақталады, бірақ олар тікелей тәуелсіз файлдар ретінде сақтала алады. Қабат файлдары (.lyr) символдар мен мәліметтердің анықталған көздері үшін қажетті қасиеттерін алдын ала анықтайтын оңтайлы әдіс. Мәліметтер фреймі – қабаттар сақталатын контейнер. Жаңа, бос картаны ашқан кезде мәліметтер фреймі Слои деп аталып тұрады, ол автоматты түрде мазмұн терезесінде қосылады, бірақ пайдаланушы оның атын өзгерте алады. Қабаттар сияқты мәліметтер фреймінің басқаруға болатын қасиеттері бар. Мәліметтер фреймі мәліметтерді тақырыптар немесе географиялық облыстар сияқты логикалық топтарға ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Пайдаланушы мульти-мәліметтері бар фреймдерді көре алады, яғни қабаттарды салыстыру немесе қосымша мәліметтер мен қысқаша шолуларды қосу, қандай да бір деректерді алдыңғы қатарға шығару сияқты операциялар жүзеге асырылады. Мәліметтер фрейміне көп қабаттарды қоса беруге болады, бірақ бұл жұмыс істеуді қиындатады. Картада мәліметтер фреймі саны біреуден артық болған жағдайда, олардың біреуі әрекеттегі (активный) мәліметтер фреймі. Әрекеттегі мәліметтер фреймі – пайдаланушы жұмыс істеп отырған кездегі фрейм. Қандай мәліметтер фреймі әрекетте екендігін (активный), оның картаның бірінші планында және оның аты қалың шрифтпен жазылып тұрғандығынан білуге болады. Әрине, картада бір ғана мәліметтер фреймі болған жағдайда, ол әрқашанда әрекетте болады. Көп мәліметтер фреймі бар картаға жаңадан қабат қосқан жағдайда, ArcMap ол қабатты қай мәліметтер фрейміне қосу керек екендігін білуі қажет. Мәліметтер фреймін қосу үшін, оның үстіне барып оң жақ пернені басып әрекеттендіреді. Сол кезде әрекеттегі мәліметтер фреймі мазмұн кестесінде қалың шрифтпен көрінеді. ArcMap документі объекттердің орналасуы сияқты географиялық ақпараттарды көрсетуге мүмкіндік береді. Картада оның контексті мен мақсатын түсіндіретін қосымша ақпарат болуы мүмкін. Картаның документін ашқан кезде, ArcMap мәліметтер көздерімен байланысты тексереді. ArcMap кейбір мәліметтерді таппаған жағдайда (қабаттың бастапқы мәліметтері өшірілген немесе аты ауысқан жағдайда), ArcMap пайдаланушыдан мәліметтің орналасқан жерін сұрайды. Егер ол мәліметтер жойылған немесе керек болмаған жағдайда, бұзылған байланысқа көңіл аудармауға болады. ArcMap – AcGISTM документі, ол бейнелерді басқаруға және сақтауға, редакциялауға, сұрату және талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мазмұндық кестені басқару – мазмұндық кесте (МК) барлық мәліметтер фреймдері мен картадағы тақырыптық қабаттарды жинақтайды. Қабаттың қасындағы төртбұрышты символдың ішіндегі қанат белгісі, бұл қабаттың жұмыс кезінде картада бар, жоқтығын көрсетеді. 17. Топологияға анықтама беріңіз. Қандай топологиялық қатынастардың бар екендіген анықтаңыз. Топологиялық қателерге мысал келтіріңіз. Топология (грек.topos-орын) – математиканың бір бөлігі, пішіндердің топологиялық құрылымын зерттейді, яғни әртүрлі деформацияда да өзгермейтін, жабыстырылусыз және бөлінусіз жасалған құрылым. Геомәлiмет топологиялар базада нүктелiк, сызықты және полигонал кеңiстiктiң объектiлерi дәл келетiн геометрияларды игерiсетiнiн анықтаған тетiк болып табылады. Мысалы, көше орталық сызық санақтың аудандарын шекаралары бар ортақ геометриялар бөледi, топырақтардың түрлерiнiң көршi полигондары ал шектеседi. Топология - мәлiметтердi сақтау тетiктен жай ғана емес. ArcGIS топология келесi функцияларды орындайды: 1.База геомәлiмет топологияның ережесi, және ортақ геометриясы бар кеңiстiктiң объектiлерiнiң топологиялық сабақтас координаталары (яғни, нүктелiк, сызықты және полигонал кеңiстiктiң объектiлерiнiң таптары) объектiлерiнiң бос тұруларын сақтаудың ашық қалып пайдаланатын топологиялық мәлiметтердi үлгi қосады. Мәлiметтердi бұл үлгi мәлiметтердi бүтiндiктiң тексеруi және кеңiстiктiң объектiлерiнiң кластарын топологиялық мiнез-құлық ереженi пайдалануға мүмкiндiк бередi, топологияда қатысушы. 2. ArcGIS бейнеле топологиялық қатынастар, қате және шығарудың көрсетуге мүмкiндiк берген ArcMap топология қабатта. сонымен бiрге ArcMap сұрау салуларды құрылыс, редакциялау, тексеру және топологияның қателерiнiң түзетуi үшiн аспаптарды ендi таңдауды ұсынады. 3. ArcGIS құрылыс, талдау, басқару және топологияның тексеруi үшiн геообработки аспаптар болады. 4. Сонымен бiрге ArcGIS нүктелiк, сызықты және полигонал кеңiстiктiң объектiлерiнiң таптарындағын талдау және топологиялық элементтердi табылу үшiн ұлғаймалы программалық мүмкiндiктердi пайдаланады. 5.АrcMap жасау, сақтау және топологиялық бүтiндiктiң тексеруi үшiн қолданылылатын мәлiмет редакциялау және автоматты басқаруды қуатты ортаны пайдаланады, ортақ геометриясы бар кеңiстiктiң объектiлерiнiң редакциялауы үшiн сонымен бiрге ал. 6. Бағдарлама ArcGIS логикасы ArcGIS for Desktop және топологиялық қатынастар, шектестiкпен және орамдылық, және бұл элементтердi негiзде кеңiстiктiң объектiлерiн ұластыру жұмыс iстеуге мүмкiндiк берген ArcGIS for Server өнiмдердегi қол жететiн. Жекелiкте, нақтылы ортақ қабыртқасы бар полигонның көрсету; нақтылы түйiн бiрлескен қабыртқаларды тiзiмдi алу; бастапқы нүктеден бойлай бiрлескен қабыртқаларын жылысу; жаңа сызық қоссын және оныңның топологияның графына қосу; қиылысу нүктелерiндегi сызығы ойрандау; жаңа қабыртқаларды құрылсын, түйiндер де қырла; және тағы басқалар. 18. ГАЖ-ғы Аннотация мүмкіндіктерін ашыңыз. Геометриялық әдіспен – полигон, сызық, нүкте түрінде берілген кеңістіктегі нысандар туралы мәліметтер карта бетінде жазу арқылы береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан, әрбір нысанды салғанда, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін немесе атауларын атрибуттар кестесіне толтырамыз. Электронды карталар жасау барысында аннотация жасау міндетті емес.Аннотация дегеніміз – нысандардың сандық және мәтіндік мәліметтерден тұратын жеке қабат. Аннотация құру жолы:Нысандардың қажетті мәліметтері жазылған соң, мысалы, елді мекендердің атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп, карта бетіне жазылады. Нысандардың атауы тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше қабаттың мәліметтері осы әдіспен жазылған жағдайда бір-бірімен араласып, оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан, жеке аннотация қабатын құрып, олардың орнын ауыстыруға болады. Осы жұмысты іске асыру үшін келесі функцияларды атқарамыз: ArcMap-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз → жазуларды аннотацияға конвертациялау (Convert labels to annotation) → ашылған терезеден осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады → байланысты нысандар(feature linked). Feature Linked → объектімен байланысты анотация. Сол объектімен байланыста болады, объектіні алып тастағанда аннотация өшіп қалады → Convert карта бетінде аннотация қабаты қосылады. NP_Anno 1. Астана 2. облыс орталықтары 3. қала 4. басқалары
Аннотация жасаған кезде ескерілетін жағдайлар: · карта масштабын көрсету керек; · аннотациямен жұмыс жасағанда карта бетіндегі обьекттердің картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек. . Аннотация қабатында объектілер қанша класқа бөлінсе, сонша кластан туратын категорияны көрсетеді. Керек уакқытта бір категорияға кіретін барлық объектілердің автоматты түрде өлшемін, түсін, штифтін өзгертуге болады 19. «Maplex» модулін сипаттаңыз. Бұл модуль сандық карталарда мәтіндік жазбаларды орналастыру процесін автоматтандыру үшін арналған. Мәліметтерді құруда карталарды жарналағанға дейінгі барлық операциялар бірыңғай стилін пайдалана отырып орындалады. Жұмыстың нәтижесінде жоғары сапалы эстетикалық тартымды карталарды аламыз. Maplex модулінің негізгі қасиеттері төменде көрсетілген: · Arcgis қолдайтын мәліметтердің барлық дерекнамаларын паййдалану; · Жазбалары бар біртұтас жүмыс стилін пайдалану; · Әр түрлі нысандарға арналған жазбаларды орналастырудың әртүрлі стильдері; · Көшелерді, жер учаскелерді жазуға арналан алдын ала анықталған стилдер; · Жазбаларды орналастыру жағынан талап қойылып, тәсілді икемді ретке келтіруге мүмкіндік беретін реттеу параметрлерінің көптеген мөлшері; Production Line Tool Set – бұл картографиялық өнімдерді жаппай өндіру саласында arcgis стандартты мүмкіндіктерін кеңейтетін қолдануға дайын құралдардың жиынтығын ұсынады. Arcgis- ке арналғаг PLTS пайдалану картографиялық деректер базасын құруын құралатын картографиялық мәліметтердің сапалық бақылауын өткізуге картографиялық өнімдердің көшірмелерін құру процесін түзеуге жобаларды басқару құралдарын өңдеуге мүмкіндік береді. PTLS құралдарымен картографиялық өнімдерді өндіру көптеген салаларды талап етіледі. Олар әртүрлі карталарды өндіру кезінде кеңінен пайдаланылады, топографиялық, шолулық, қорғаныс, теңіз навигациялық, авиациялық және т,б, ArcGis ке арналған PTLS сандық деректер қорын және картографиялық өнімдердің тұрақты көшірмелерінің қарапайым қадаммен өту процестері арқылы карталарды өндіретін жұмыс процесінің әр кезеңін қолдайды. 20. Arc Map-ғы диаграммалардың түрін айтыңыз. Нүктелік қабатта шеңберлік диаграмма құру. Layer форматында сақтау ArcMapта нүктелік қабатта (оң жақ кнопка)→ свойства→ симболы→ диаграмма→ круговая→ керекті поляларды белгілейміз→ түсін белгілейміз → Предоьвращать перекрытие диаграмм (v)→ размер ді басып→ размерді тандап→ Ок→Ок. Біз диаграмма құрып алдықю Енді оны lur форматында сактайык. lуr форматында сақтау үшін: нүктелік қабаттың(оң жақ кнопка) → сохранить как файл слоя... → папка слои→сохранить
21. Георафиялық карта негіздерінің қабаттарына сипаттама беріңіз. Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. (Қарта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялық карталар жалпы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді.
|
|||
|