|
|||
Векторлық үлгілеу әдістері 1 страницаСтр 1 из 7Следующая ⇒
1. Георафиялық ақпараттық жүйенің мәнін ашыңыз. ГАЖ даму тарихын айтыңыз. 2. Жаңа ақпараттық технологияларға анықтама беріңіз, олардың мағынасын, жерге орналастыру және кадастрдағы алатын орнын негіздеңіз. 3. Георафиялық ақпараттық жүйесін және олардың өнімдерін сипаттаңыз. 4. Word бағдарламасының фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз. 5. Жерге орналастыру және кадастрдағы ГАЖ-дың қолданылуын түсіндіріңіз. 6. ГАЖ фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз. Шейп-файл форматына анықтама беріңіз. 7. Георафиялық мәліметтер базасына анықтама беріңіз. 8. ГАЖ –дың қосымша модулдері туралы жазыңыз. Олардың әртүрлі жұмыс түрлерінде қолданылуына мысал келтіріңіз. 9. ГАЖ бағдарламалық жабдықталуының негізгі өндірушілерін атаңыз. 10. Мәліметтер базасы мен шейп-файлдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталыңыз. 11. Arc Map қабаттарының жазылуын түсіндіріңіз. «Maplex» модулінің қолданылуын жазыңыз. 12. Мәліметтер базасының персоналды және ұжымдық түрлерінің айырмашылығын айтыңыз. 13. Arc GIS-те қолданылатын негізгі формат түрлерін атаңыз. 14. Метомәліметтерге анықтама беріңіз. 15. Arc GIS-тің Arc Map, Arc Toolbox, Arc Catalog қосымшаларына анықтама беріңіз. 16. Arc Map-ғы объектілердің жазылу процесін анықтаңыз. Объектілерді жазу әдістерін көрсетіңіз. 17. Топологияға анықтама беріңіз. Қандай топологиялық қатынастардың бар екендіген анықтаңыз. Топологиялық қателерге мысал келтіріңіз. 18. ГАЖ-ғы Аннотация мүмкіндіктерін ашыңыз. 19. «Maplex» модулін сипаттаңыз. 20. Arc Map-ғы диаграммалардың түрін айтыңыз. 21. Георафиялық карта негіздерінің қабаттарына сипаттама беріңіз. 22. ГАЖ-ғы мәліметтердің растрлық форматына сипаттама беріңіз. 23. Координаттар жүйесін атаңыз. Кеңістіктік байлауға анықтама беріңіз. Әртүрлі территориялардағы проекциялар айырмашылығын көрсетіңіз. 24. ГАЖ-ғы мәліметтердің векторлық форматына сипаттама беріңіз. 25. Layerформатын сипаттаңыз. 26. Карта шаблондары туралы айтыңыз. Карта шаблондарының қолданылуын сипаттаңыз. 27. Карта компановкасының элеметтерін айтыңыз. Карта компановкасы процесін анықтаңыз. 28. Arc Map-ғы Мәліметтер түрі мен Компановка түрі арасындағы ерекшеліктер мен айырмашылықтарын ажыратыңыз. 29. Мәліметтер базасының құрылымын айтыңыз. Мысал келтіріңіз. 30. Атрибуттар кестесіндегі бағандарын айтыңыз және оларға сипаттама беріңіз. 31. Нүктелік қабаттың құрылуы мен атрибуттар кестесінің құрылуына мысал келтіріңіз. 32. Нүктелік қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз (елді мекендер қабатына қатысты). 33. Сызықтық қабаттың құрылуына және атрибуттар кестесінде жолдардың құрылуына мысал келтіріңіз. 34. Сызықтық қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз. 35. Полигоналды қабаттың құрылуына және атрибуттар кестесінде жолдардың құрылуына мысал келтіріңіз. 36. Полигоналды қабаттарды қандай категорияларға бөлуге болатындығына мысал келтіріңіз. 37. Келесі функцияларға анықтама беріңіз: а) полигонды құру; б) полигоналды қабатта полигонды бөлу. 38. Келесі функциялардың айырмашылығын көрсетіңіз: а) полигонда автоаяқтау; б) полигоналды қабатта полигонды өзгерту. 39. Бағаналы, жіңішке және дөңгелекті диаграммалардың айырмашылығын ажыратыңыз. 40. Arc GIS-те диаграмма түрлерін құрудың мысалын келтіріңіз. 41. Полигоналды қабатты нүктелік қабатқа өзгертудің мәнін түсіндіріңіз. 42. Сызықтық қабатты нүктелік қабатқа өзгертудің мәнін түсіндіріңіз. 43. Келесі функцияларды сипаттаңыз: а) объектілердің қосылуы; б) объектілердің тұйықталуы; в) объектілердің біріктірілуі. 44. Стандартты жазулар мен аннотацияның айырмашылығын ажыратыңыз. 45. Arc GIS-те символдар берудің процесін көрсетіңіз. 46. Келесі функциялардың жұмысын анықтаңыз: а) объектілердің қосылуы; б) қабаттың файлы ретінде сақтау. 47. Топология функциясының мағынасын ашыңыз және оның қандай жағдайда қолданылатындығын көрсетіңіз. 48. «Мәліметтер түрі» мен «Компановка түрі» функциялары арасындағы айырмашылықтарын ажыратыңыз. 49. Карталарды безендіруде қандай картографиялық ережелер қолданылатындығын көрсетіңіз. 50. Arc GIS-бағдарламасында топографиялық карталардың кеңістіктік байлауын сипаттаңыз. 51. Шейп файл мен кеңістіктік объектілер класы арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. 52. Мәліметтер базасына және оның қолданылуына анықтама беріңіз. 53. Объектілердің жазылуы кезінде қандай картографиялық ережелер қолданылатындығын көрсетіңіз. 54. Arc GIS-те аннотация мен мәліметтер базасын құрудың арасындағы байланысты көрсетіңіз. 55. Arc GIS-бағдарламасында символдар құрудың процесін көрсетіңіз. 56. Объектілердің жазылуы процесін көрсетіңіз. 57. Шейп файлдарды құрудың процесін көрсетіңіз. 58. Arc Toolbox қосымшасының жұмысын сипаттаңыз. 59. Arc Map және Arc Catalog қосымшаларының жұмысын сипаттаңыз. 60. Карта компановкасы процесіне анықтама беріңіз.
1. Георафиялық ақпараттық жүйенің мәнін ашыңыз. ГАЖ даму тарихын айтыңыз. Геоақпарат -Жер туралы басқа ғылымдар сияқты геожүйеде болып жатқан процестер мен құбылыстарды зерттеуге бағыт алған, бірақ ерекшелігі зерттеу барысында өзінің əдістері мен кұралдарын қолданатын ғылым. Геоақпраттың негізі мақсаты зерттеліп отырған геожүйеде жүріп жатқан процестерді бақылауға арналған компютерлік геоақпараттық жүйе (ГАЖ) құру болып табылады. Ол үшін ең бірінші ақпарат кажет, олар мəліметтер базасы мен білім базасында топтастырылады жəне жүйелендіріледі. Ақпарат əртүрлі болуы мүмкін: картографиялық, нүктелік, статистикалық, жазба текст түрінде. Койылған мақсатқа байланысты жоғарыда айтылған ақпараттарды қолда бар программалық өнімдермен өңдеуге, сақтауға жəне анализ жасауға белгілі бір мақсатта шешім қабылдауға болады. Сонымен геоақпарат дегеніміз – оның шеңберінде ГАЖ құрылатын жəне дамитын ғылымның жаңа саласы. Экология ғылымы сияқты геоақпарат картография, қоршаған орта мониторнигі жəне кадастр, жүйелі динамика, компютерлік индустрия cияқты ғылым салаларының даму нəтижесінде пайда болды. Геоақпарат зерттеліп отырған объектілерді, процестерді, жағдайларды кеңістіктік талдау принциптері негізінде құрылған. Қазіргі кезде ГАЖ көбнесе инженерлік, əлеуметтік, қаржылық мəселелерді шешуге қолданылады, бірақ табиғи-антропогендік геожүйеде ГАЖ-нің ролі зор. ГАЖ 5 құрамдас бөліктерден тұрады. • Мəліметтер; • Аппараттық құрал; • Программалық өнім; • Орындаушы немесе тұтынушы; • Əдістер. Өткен ғасырдың 70 жылдары ғаламдық экологиялық дағдарыстың басталғандығын қоғам мойындай бастады. Пайдалы қазбаларды жаппай игеру, өндірістік жəне ауылшаруашылықтық өнеркəсіптің өсуі, ондаған жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, халық санының өсуі дүние жүзінде үлкен дағдарысқа алып келді. Яғни, коршаған ортаның ластануы, жердің жаппай шөлденуі мен деградацияға ұшырауынан бастап үлкен экологиялық шиеленісулер мен апаттарға алып келді. Соның нəтижесінде Жер планетасын мекендеуші адамзат пен тіршіліккөзі биота үшін коршаған орта сапасы нашарлады. БҰҰ-ның Стокгольмде қоршаған ортаның жағдайы туралы өткізген конференциясынан кейін экология мен экологиялық зерттеулер қарыштап дамыды. Ең алғашқы жүргізілген жұмыстар қоршаған ортаның ластануы жəне ластаушы факторларды мониторнигілеу болды. Көптеген нүктелік ластаушы көзердің қоршаға ортаға əсері аумақтық сипатқа ие. Сондықтан мұндай аумақтардың жағдайын бақылау жəне бағалау, кейбір процестерге шара қолдану үшін жұмыс нақты ластанушы аумақта жасауы керек. Cондай-ақ экологиялык мониторнигпен қатар географиялық мониторниг жүргізіледі. Жер ресурстарын пайдалану яғни топырақ, өсімдік жамылғысын, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар, минералды ресурстар жəне т.б. Жүргізілген мониторниг антропогендік əрекеттердің коршаған ортаға тигізетін əсерінің күрделілігін жəне көп жақтылығын көрсетті, сөйтіп қоршаған ортаны зерттеудің жаңа əдістері ойлап табылды. Оларды жүзеге асыру үшін күрделі есептеуіш техникалар қажет болды. Сөйтіп ГАЖ технологияары мен өнімдері пайда болды. Соңғы 15-20 жылда қуатты индустрияға коммерциялық техниканың қарштап дамуы көптеген ғылыми-практикалық салаларды жаңа деңгейге көтерді. Соның нəтижесінде көптеген программалық өнімдер пайда болды. Соның бірі кеңістіктік мəліметтерді өндейтін, сақтайтын, олардан карта кұрастыратын, ақпараттарды моделдейтін комерциялық өндеу кұралы жарық көрді. Көптеген жұмыстар жеңілдетілді, автоматтандырылды, барлық əдістер мен құралдардың мүмкіндігін топтастырып жаңа ғылыми бағыт- геоақапратқа шоғырландырылды. Қазіргі ГАЖ бір шетінен көнеден қалыптасқан автоматтандырылған жүйелердің өңдеу əдістерін қолданса, екіншіден мəліметтерді ұйымдастыруда жəне өңдеуде ерекшеліктерге ие бола отырып, ақпараттық жүйенің жаңа дамыған түрі болып табылады. Бұл дегеніміз ГАЖ-нің көп мақсатты, көп аспектіліжүйе екендігін көрсетеді. ГАЖ анықтамасын «компьютерлік мəліметтер базасы»(МБ), кеңістіктік мəліметтер сақталатын «басқару жүйесі» деп түсіну қате немесе көптеген себептерге байланысты көнерген түсінік. Біріншіден мəліметтер базасы (біреу ғана емес) ГАЖ -нің құрамына кіре алады, ал мəліметті ГАЖ-де өңдеу технологиясы мəліметтер базасымен жұмыс жасауға қарағанда біршама күрделі. Екіншіден, қазіргі ГАЖ тек қана мəліметтерді өңдеуге ғана арналмаған, сонымен қатар көптеген жағдайларда эксперттік баға беру, талду жасау мүмкіндігіне ие. Сонымен ГАЖ өңдейтін жəне сақтайтын мəліметтер тек кеңістіктік ғана емес, ең бірінші географиялық мəліметтер үшін маңызды уақыттық сипатқа ие. ГАЖ осыдан 30 жыл бұрын пайда болғанмен де, оның қарыштап дамуы соңғы 10 жыл шамасында болды. Қазіргі кезде ГАЖ дүние жүзінде миллиондаған адамдар жұмыс жасайтын қуатты индустрия. ГАЖ-нің негізгі бағыты географиялық ақпарат болып табылатын кеңістіктік-уақыттық мəліметтерді өңдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйе. 2. Жаңа ақпараттық технологияларға анықтама беріңіз, олардың мағынасын, жерге орналастыру және кадастрдағы алатын орнын негіздеңіз. ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог түрінде құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар. ArcGIS - бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді. ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі.Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл кеңістіктік және олармен байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау мен кескіндеуді және олардың негізіндегі географиялық кеңістік жайлы ақпарат пен білімді қамтитын ақпараттық жүйе. Географиялық немесе кеңістіктік мәліметтер нысандардың кеңістікте таралуын есепке алуды қажет ететін түрлі саламен айналысатын ұйымдар пайдаланатын барлық ақпарат көлемінің жартысынан астамын құрайды. ГАЖ кеңістіктік мәліметтерді талдаудың негізіндегі оңтайлы басқару шешімін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Кеңістіктік мәліметтерді талдау немесе кеңістіктік талдау - ГАЖ-ды анықтаудағы түйін сөздер болып табылады. ГАЖ келесі сұрақтарға жауап бере алады: · берілген облыста не орналасқан? · берілген шарт жиынтығын қанағаттандыратын облыс қайда орналасқан? Заманауи ГАЖ карталарды жеке тақырыптық қабат түріндегі графикалық мәліметтерді сақтау есебінен қолдануды, ал олардың нысандардың сапалық және сандық сипаттамаларын мәліметтер базасы түрінде қолдануды кеңейтті.
3. Георафиялық ақпараттық жүйесін және олардың өнімдерін сипаттаңыз. Геоақпараттану - классикалық география жэне картография дәстүрлері мен эдістерін, теориясын, қолданбалы математика, инфор- матика жэне компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сабақтас- тыратын ғылым ретінде XX ғасырдың 60-жылдарында, ақпараттьщ технологиялардың негізінде Пентагон қойнауларында географиялық ақпараттарды эскери мақсатта ЭЕМ көмегімен өңдеу қажеттілігінен пайда болған, кейіннен географиялық ақпараттық жүйелер (ары қарай ГАЖ) деп аталған бағыт батыс елдерде, Канадада, Швецияда пайда болды. Әсіресе бұл технология климат пен ауа райындағы өзгерістердің (циклондар мен ауа массаларының қозғалысы және т.б.), жер қыртысы мен оның ете терең қойнауларындағы түрліше қозғалыстардың туындауының себептерін түсінуге жағдай жасайды.Алғаш ГАЖ Канадада ЭЕМ базасында 1960ж пайда болды.Ол картаға анализ жасау ж/е инвентаризация үрдісін жеңілдетті. ESRI – геоақпараттық технологиялар алқабында бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологиялық шешімдер нарығындағы дүниежүзілік жетекші. 1969 жылы негізделген Қоршаған ортаның жүйесін зерртеу институты (Environmental Systems Research Institute, ESRI Inc) ГАЖ алқабында стандарт орнатып, қазір геоақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету өрісіндегі дүниежүзілік жетекшілікке қолдау көрсетеді. Аспаптық ГАЖ ARC/INFO. ARC/INFO бағдарламалық өнімі – ең алғашқы кәсіби ГАЖ, мәліметтер базасында сақталатын, кеңістіктік ақпаратпен жұмыс істеуге бағытталған.ARC/INFO бағдарламалық өнімінің модульдері: · ARC/INFO COGO – бұл модуль ГАЖ технологияларын жер кадастрын басқаруда, геодезиялық түсірілім мәліметтерінде, жер телімдерінің паспорттарын бақылауда, инженерлік және кадастрлық мақсаттағы карта-негіздерді құрастыруда пайдаланылатын бағдарламалық құралдармен тікелей байланысты; · ARC/INFO GRID – бұл модуль ARC/INFO жүйесіндегі растрлық үлгілеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін арналған және оны интеграцияланған растрлық-векторлық ГАЖ айналдырады. GRID гидрологиялық талдау, геологиялық болжам жасау, арақашықтықты талдау, кеңістіктік мәліметтердің көпөлшемді статистикалық талдауы, құндық бетті пайдалану көмегімен трассаларды таңдауды оңтайландыру салаларында қолданылуы мүмкін; · ARC/INFO TIN – үздіксіз географиялық құбылыстарды, мысалы жергілікті жердің жер бедері, сондай-ақ шуыл деңгейі, халық тығыздығы, геофизикалық өріс сияқты физикалық беттерді көрсету және талдау үшін топографиялық беттерді үлгілеудің функционалдық толық жүйесі болып табылады. · ARC/INFO NETWORK – типологиялық жағынан байланысқан (құбырлар, коммуникация сызықтары, суағындары және жолдар) торлармен жұмыс жасау үшін арналған, бұл тор бойынша таралған және осындай торлардағы процесстердегі ресурстарды тиімді бағалау және басқаруды барынша жақсартады; · ARC/INFO ARCSCAN – сканерлерден картографиялық мәліметтерді енгізуге арналған; · ARC/INFO ARCPRESS – векторлық, растрлық немесе аралас векторлық-растрлық графиктерді растрлық құрылғы форматына, берілген мүмкіндіктегі және көлемдегі растрға айналдырушы жүйе; · ARC/INFO ARCSIDE – көп қолданушыларды үлкен көлемдегі кеңістіктік мәліметтермен қамтамасыз етеді. ARCVIEW GIS бағдарламалық пакеті ARCVIEW GIS – көрсетуге, редакциялауға, кеңістіктік талдау жасауға, іздеуге және геокеңістіктік мәліметтерді басқаруға арналған. AutoCAD Map Сандық карталарды құру және геоақпараттық талдау үшін қажетті жоғары дәлдікті бағдарламалық қамтамасыз ету өнімі, AutoCAD базалық өнімінің барлық функционалдық мүмкіндіктеріне ие Autodesk Map Autodesk Map географиялық немесе геологиялық карталардың, жерді пайдалану карталарының, қоршаған ортаны талдау, көліктік, коммуникациялық схемаларды және қор және инфрақұрылымды басқару схемаларын, сондай-ақ нысандарды құру, редакциялау және талдау топологияларының графиктік мәліметтер базасын құру, көру, редакциялау және басқару үшін арналған. MapInfo бағдарламалық өнімі Қазіргі күнде MapInfo компаниясының негізгі бағдарламалық өнімдеріне: MapInfo Professional – толық функционалдық геоақпараттық жүйе, MapBasic - MapInfo Professional-дың бағдарламалау аясы, MapInfo SpatialWare – SQL Server/Informix мәліметтер базасының кеңістіктік ақпараттарын басқару технологиясы, MapInfo MapX – қосымшалар әзірлеушілердің кітапханасы, MapXtreme – Intranet немесе Internet үшін картографиялық қосымшаларды жасау үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету. GTX бағдарламалық өнімі GTX әлемдегі векторизация жүйелерін әзірлеушілердің негізгі компаниясы болып табылады. GTX бағдарламалық өнімінде векторизация екі серия түрінде кездеседі Қолдану аясы 1. Муниципалдық басқару міндеттер сферасында: 2. Жедел қызмет көрсету басқармаларының штабтары үшін оперативтік жағдайлардың картасын шығару 3. ГАЖ технологияларын бизнес міндеттерді шешу үшін бизнес процесінде ГАЖ-дың талдау жүйесін пайдаланатын фирмалар бәсекелестерінің алдында әлдеқайда көп жетістіктерге ие болады 4. GPS-навигация және мобильді нысандарды аңду жүйелер; 5. Статистикалық және демографиялық талдау; 6. Жерді пайдалану үшін кадастрлық міндеттерді шешу; 7. Ғарыштық суреттерді пайдалана отырып геоақпараттық қамтамасыз ету жүйелерінде шешім қабылдау; 8. Мұнай және газ саласындағы картографиялауда геоақпараттық технологияларды кешенді енгізу; 9. Ауылшаруашылық саласында мониторинг, талдау және жоспарлау жүйелерін геоақпараттық қамтамасыз ету; 10. Геобағыттағы электрондық оқыту жүйелері мен энциклопедияларын құру. 4. Word бағдарламасының фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз. Microsoft Word For Windows (Word) 97 – дүние жүзі елдеріне кең тараған мол мүмкіндікті мəтіндік редактор. Word арқылы мəтінді теру, редакциялау, құжатта түрлі кестелер дайындау жəне қарапайым геометриялық фигуралар салуға болады. Құжатқа Windows – тың басқа қосымшаларында дайындаоған түрлі мəліметтік үзінділерді, суреттерді кірістіру де иын емес. Осы сияқты редакторларда мəтіндік процессор днп атайды (Word-сөз). Редактордың алғашқы нұсқасы Winword 2.0 атауы бойынша тоқсаныншы жылдардың бас кездерінеде жарыққа шығатын болатын. Соңғы жылдары оның Word 6.0, Word 97, Word 2000 атаулы нұсқалары пайда болады. Көп жағдайлада Word 6.0 –мен жұмыс істеу жеткілікті, тіпті оның көптеген мүмкіндіктері пайдалана берілмейді де. Бірақ Word 97 редакторымен жұмыс істеу жолы одан да ықшамды. Мұнда құжаттың абзацтарын, беттерін форматтау, кесте сызу жəне құжатты басып шығару əдістері жетілдірілген. Оның баспа Жүйелерінде бірнеше бағандық материалдарды дайындау форматын құру мүмкіндігі де бар. Редактор құрамына графикалық кескіндер салуға , қателерді автоматты түрде жөндеуге , математикалық жəне т.б. пернетақтада жоқ символдарды құжатқа енгізуге арналған қосымша программалар да енгізілген, т.б. Word 97 программасы үлкен көлемді. Ол үшін винчестерде кемінде 20 Мб, ішкі жадта 4 Мб орын керек. Онымен 386 DX46 486 не олардан да жоғары типті компьютерлер ғана (Пентиум т.б.) Жұмыс істей алады. (Word 97 бойынша дайындалған нұсқау құжатының өзі 1800 беттен асады). Word редакторын іске қосқан кезде көрінетін негізгі терезе мен оның үстіне орналасқан “Құжат2” терезесі 7.1-суретте көрсетулі. (Терезеде құжат теріліп,оған атау берілген кезде “Құжат2” жазуы файл атауына өзгертіліп Word терезесінің элементтері: жоғарғы екінші қатарына редактордың негізгі мəзірі, одан төменгі үш қатарға пайдаланылатын түймелерден тұратын Аспаптар панелі, түрлі шрифтерді пайдалану, абзацтарды форматтау жəне т.б түймелері бар Форматтау панелі жəне Сызғыш енгізілген. Қажет емес кезінде сызғышты жəне басқа қатарларды алып тастау (жасырып қою) қиын емес. Жалпы, Word редакторы Windows қосымшасы болғандықтан, терезесінің құрылымы басқа windows қосымшалары терезелерінің құрылымы сияқты. 5. Жерге орналастыру және кадастрдағы ГАЖ-дың қолданылуын түсіндіріңіз. ГАЖ біртіндеп адамның маңызды әрекет сфераларына, әлеуметтік және экономикалық саясатқа, шаруашылықты және табиғи қорларды басқару, табиғатты және экологияны қорғау, жерлерді бағалау және тіркеу, кадастр,ғылым, ілімге енді.Бiздiң Республикамызды дамытуды басқарудың ең маңызды міндеттерінің бiрi оның табиғи қорының потенциалдарын тиiмдi қолдану болып табылады. Бұл сұрақтың шешiмiн тек аумақтың қор потенциалын кешендi зерттеуiнде табуға болады. Мұндай бағаларды негiзде өлкедегi табиғи қорларды қолдану басымдылықтары және оларды алып қою лимиттерi туралы шешiм қабылдануы керекҚолданыстағы заңнамаға сәйкес, табиғи қорларды есепке алуы қызметі Қазақстан Республикасының табиғи органдарының жүргiзулерiне жатады. Табиғи ортаны қорғау ұйымдары және Қор блогы мекемелерінде табиғи қорлардың жеке түрлерi бойынша түбегейлi мәлiмет жинаған. Аймақтың жағдайы және оның табиғи-қор потенциалы туралы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және колданудың қазіргі жұмыс жасау ретi, табиғи қорлардың интегралды бағасын өткiзуге мүмкiндiк бермейдi, және қоршаған табиғи ортаның қорғау және табиғатты пайдалануды басқарудың ерекше міндеттерді орындау үшін ыңғайсыз. Қорды қорғауға негізделген табиғатты пайдалануды басқарудың негізгі элементтерінің бірі, табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесін қолдану болып табылады.
|
|||
|