Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Векторлық үлгілеу әдістері 2 страница




6. ГАЖ фунционалды мүмкіндіктерін сипаттаңыз. Шейп-файл форматына анықтама беріңіз.

1.ГАЖ жүйесі экологиялық жағдайлардың, табиғи ресурстарды орынды пайдалану мониторингінің ғылыми және қолданбалы мәселелерін шешу мақсатында және де инфрақұрылымдық жобалау үшін, қалалық және аймақтық жоспарлау, төтенше жағдайлардағы жедел шара қабылдау үшін пайдаланылады. Өмірде кездесетін алуан түрлі мәселелер келесі белгілер бойынша жіктелетін ГАЖ құруға алып келді:Функционалды мүмкіндіктері бойынша:

- Жалпы мақсаттағы толықфункционалды ГАЖ;

Маманданған ГАЖ қандайда бір саладағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған;Үйде және ақпараттық-анықтамалық қолдануға арналған ақпараттық анықтамалық жүйелер;

Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін берілген мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізу жүйесін құру керек. Ол үшін ГАЖ – автоматты жинақтау, сақтау, өзгерту және геоақпараттарды беру ЭЕМ және автоматтандырылған ГАЖ – дың құрылымын В. Г. Линниктің төмендегідей жобасы ретінде құруға болады. Көп мақсаттағы ГАЖ – дар көптеген жұмыстарды шешуде қолданылады. Осы атқару барысында төмендегідей функционалдық мүмкіндіктер пайдаланылады:

· Белгілі бір заттың банкідегі дайындығы және кіріспесі;

· Ақпараттық – анықтамалық үлгілеу;

· Имитациялық үлгілеу;

· Эксперттік үлгілеу;

· Автоматтандырылған карта құру;

· Картометриялық есептеу;

ГАЖ – төмендегідей физикалық – географиялық есептерді шешуге белгілі бір мүмкіндік береді: ландшафтардың морфологиялық құрылымын зерттеуге, физикалық – географиялықдандастыруды жасауға және т.с.

2.Шейп-файл түсінігі, қызметі мен түрлері

Шейп файл – қабат. Кез-келген географиялық объект түрі жеке қабаттардан жасалады. ArcCatalog- тан vector папкасынан тышқанның оң жағын басып, новый→ шейп файл, терезе ашылады, ИМЯ-ға латын əріптерімен ат беріп, түрін таңдаймыз: polygon, point, poliline қабаттың координат жүйесін таңдаймыз. Олүшін ditor – редактировать → Select немесе Import Project Coordinate Systems→OK дейміз.

Ашылғанқабаттарды ArcMAP-қашақырамыз. Ол үшін ArcMAP-тан

+Добавить данные тетігін басамыз. Ашылған терезеден vector папкасындағы

қажеттіқабаттардышақырамыз. Əрбір шейпфайлалтықұрамдасформаттан

тұрады. Оларды Мой компьютер арқылы ашқан кезде ғана көре аламыз. Карта бетіндегі нүктелік объектілерді белгілегенде ең бірінші оларға анализ жасаймыз.

Елді-мекендердің категориясы 1) қала; 2) аудан орталықтары; 3) село. Əрбір нүктедегі объектінің сандық сипаттамасы бар, яғни биіктік

өлшемі бар. Осы бізде бар мəліметтерді карта бетінде көрсету үшін атрибуттар кестесіне енгіземіз. Ол үшін биіктік белгілері қабатына барып, тышқанның оң жағын басамыз. Ашылған терезеден Open Atribute Table деген команданы таңдаймыз. Atribute Table кестесінде кез-келген қабаттың үш бағыты болады: FID,SHEP,ID.

FID- реттік номері;

SHEP- атауы (полигон, сызық, нүкте);

ID- поля;

Жаңа мəліметтерді енгізу үшін Atribute кестесінің ішіндегі Options қатарына барамыз, ашылған терезеде қосылатын поляның атын жазамыз. Оның типін таңдаймыз

ГАЖ картадағы әр объектілерді шейп файл түрінде 3 түрге жіктеленеді:

1. Нүктелік; 2. Сызықтық; 3. Полигоналды


7. Георафиялық мәліметтер базасына анықтама беріңіз.

Геомəліметтер базасы .Векторлық жəне растрлік, адрестік нүктелер геодезиялық өлшем мəліметтері, метомəліметтер жəне көптеген басқа да əр түрлі мəліметтердің құрылымы мен сақтау ережелерін анықтайтын үлгі. Бірегей технология əркелкі мəліметтерді тиімді сақтауға жəне оларды күрделі жобалар мен жүйелерде жеңіл қолдануға мүмкіндік береді. Геомəліметтер қорында тұтынушылар қойма ішінде кеңістіктік өзара байланысқан географиялық объекттер мен объекттік кластарды анықтайтын жəне мəліметтердің тұтастығын қамтамсыздандыратын (əдетте, топология деп аталатын) ережелер мен қатынастарды бере алады. Геомəліметтер қоры нұсқаларды синхрондау мүмкіндігімен тəртіпте саралауды автономды түрде ғана емес, сонымен қатар көптұтынушылық өткізуге мүмкіндік береді. XML пішімінде геомəліметтер қорын экспорттау, бүкіл геомəліметтер қоры немесе оның жеке элементтерін (кестелер, домендер, топология ережелері немесе басқалар) басқа қосымшаларға қолайлы болатындай алмастыру пішіміне көшіруге мүмкіндік береді.Шейп файл арқылы біз белгілейміз. Атрибуток кестесін толтырамыз, надпис жасаймыз. Ал геомәліметтер базасына шейп файлды экспорттаймыз, ол бізге ұтымды уақыт болады. Геомәліметтер базасында аннотация жасаймыз. Біз шейп файлдан аннотация жасайтын болсақ ол объектпен связанный болмай қалады. ГАЖ- дың негізінде ақпараттық – бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістіктік – координаттық байлау, тарату және көрсету жатыр. Қазіргі дамыған елдерде мыңдаған ГАЖ бар, олар экономикада, саясаттануда, экологияда. қоршаған ортаны қорғау және басқаруда, жер кадастырында, ғылымда, білім беруде қолданылады.Мәліметтер базасының мүмкіндіктері.Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәліметтердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арнаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.Электронды мәліметтер базасының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады. Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты.Мәліметтер базасының басқару жүйесі - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация). Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

1. кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу

2. кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою

3. кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту

4. берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу

МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.

Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады.


8. ГАЖ –дың қосымша модулдері туралы жазыңыз. Олардың әртүрлі жұмыс түрлерінде қолданылуына мысал келтіріңіз.

ГАЖ-нің қосымша модульдеріне:Үстел үстілік ГАЖ географиялық ақпаратты және білімді біріктіретін, құратын және қолданатын ГАЖ кәсіпқойларына арналған негізгі платформа болып табылады.Серверлік ГАЖ көпшілік пайдаланушыларға желілер арқылы ГАЖ мүмкіндіктерін ұсына отырып, қосымшалар серверлерінде ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді орталықтандыруға рұқсат етеді.Оңтайлы ГАЖ компанияның алқаптық қызметкерлеріне географиялық ақпаратты жинауға, сақтауға, жаңартуға, өңдеуге, талдауға және бейнелеп көрсетуге мүмкіндік береді.

Үстел үсті ГАЖдың қосымша модульдері:

ArcView – ArcGIS үш үстел үстілік өнімдердің бірі. ArcView құрамына үш қосымша кіреді: ArcMap, ArcCatalog және ArcView арналған ArcToolbox. Бұл картографиялауға, есептемелерді құру және картографиялық талдауға арналған қуатты құралдар жиынтығы. ArcView:

ArcInfo – геоақпараттық жүйелерді құруға арналған қуатты әмбебап бағдарламалық қамтамасыз ету. ArcInfo бұл ArcGIS Desktop ең қуатты клиенттік қосымша. ArcInfo, ArcView 9 және ArcEditor 9 барлық қызметтері кіреді. Бұдан тыс, ArcInfo құрамында геоөңдеудің кеңейтілген қызметін қолдайтын ArcToolbo қосымшасының толық нұсқасы, сонымен қатар жүйенің барлық қызметтерін толық қолдайтын ArcInfo Workstation (Arc, ARCPLOT, ARCEDIT, AML и ODE) классикалық қосымшасы бар. ArcInfo – бұл, мәліметтерді құруға және жаңартуға, картографиялық есептерді шешуге, мәліметтер және карталардың талдауын жүргізуге мүмкіндік беретін толық атқарымды ГАЖ жүйе.

ArcEditor – 9-шы нұсқада пайда болған жаңа үстел үстілік бағдарламалық өнім. Оның атқарымдығы ArcView салыстырғанда артық, бірақ ArcInfo кем. ArcEditor құрамында ArcView 9 барлық қызметтері бар. Бұдан тыс, ArcCatalog (жеке және көптұтынушылық) кез-келген геодеректер базасын құру мүмкіндігі және геодеректер қорын ArcMap редакциялаудың кең мүмкіндігі қосылады, төменде көрсетілген:

Серверлік ГАЖ қосымша модулдері:

ArcIMS – бұл, Web арқылы ГАЖ-қызметтер мен мәліметтерді өрістетуге арналған масштабтайтын шешімді қамтамасыз тетеін серверлік бағдарламалық өнім. ArcIMS не ұсына алады

ArcGIS Server шексіз пайдаланушылар санымен географиялық ақпаратты бірлесіп қолдану үшін арналған.

ArcGIS Server интранет/интернет желілері арқылы картографиялық ақпаратты ұсыну, ішкі жұмыс процестерін оңтайлантыруға, өндірістік мәселелерді шешуге, әр түрлі жұмыстардың қызметін құрылымдастыру үшін шағын және ірі кәсіпорындарда қолданылады.

 ArcGIS Desktop үстел үстілік ГАЖ атқарымдылығы бар web-қосымшалар құру.

Оңтайлы ГАЖ дың қосымша модулдері:

ArcPad глобальды жайғастыру (GPS) опциялық жүйесіне немесе глобальды жайғастыру (DGPS) дифференциалды жүйесіне арналған графикалы тұтынушылық интерфейсін ұсынады. Көптеген әлеуетті қосымшалар

ArcPad технологиясы көптеген қолданбалы алқаптарда қолданылады:

Жол белгілерін жергілікті көлік басқаруларымен карталау

§ Электртасымалдау желілерінің діңгегін энергетикалық компаниямен қамқор болу

§ Теңіз навигациясы

§ Әскери қосымшалар

§ Жол төсемін көлік агенттіктерімен қамқор болу

§ Минералдарды тау-кен қазушы компаниялармен барлау және өндіру

§ Қоршаған ортаны қорғау агенттіктерімен тұру кеңістігін карталау.

9. ГАЖ бағдарламалық жабдықталуының негізгі өндірушілерін атаңыз.

ESRI — американдық компания, геоақпарттық жүйенің (ГАЖ) өнімдерін шығарушы. ArcGIS компаниясының программалық өнімдері әлемде үлкен сұранысқа ие болды, соның ішінде Ресейде. ESRI компаниясының негізі 1969 жылы Джек және Лора Дэнджермонд салған, қазіргі кезде онда 4000 нан астам адам жұмыс істеуде. Бұл компания ГАЖ индустриясының көшбасшыларның бірі. Көптеген есептулерге байланысты оның халықаралық ГАЖ нарығындағы үлесі 35 % құрайды. Компания АҚШ тан басқа жерлерде компания желісі арқылы жұмыс істейді – халықаралық дистрибьюторлермен. Ресей территориясында және ТМДның тоғыз елінде ESRI компаниясының эксклюзивті дистрибьюторы является ESRI CIS компаниясы болып табылады.ESRI кеңістіктік мəліметтермен жұмыс жасауға арналған бағдарламалық қамтамасыздандырудың жетекші өндеушісі, геоақпараттық жүйелер дүние жүзілік нарығының лидері (Daratech мəліметі бойынша 34 % ). ESRI компаниясы 1969 ж негізделген. Бүкіл дүние жүзі бойынша қызметкерлер штаты 2700 адамнан асады, ал 2003 жылғы жылдық айналым $ 500 млн- ға жетті. ArcGIS платформасын өңдегенде, компаниямен $ 250 млн жуық ақша салынды. 220 мемлекеттің 350 мыңан астам жеке жəне бірлескен клиенттері ESRI бағдарламалық өнімнің миллионнан астам лицензиясын пайдаланады.

ESRI фирмасының программалық өнімі ArcGISте ГАЖ толық каталог түрінде құрылған.Яғни мәліметтерді өңдеудің төменгі мүмкіндіктері бар:мәліметтерді карта түрінде жоғары деңгейде бейнелеу.инструменттер жинағы кеңістіктік мәліметтерді өңдеуге арналған құрылымдарды жинағы.ArcGISтің негізгі қосымшалары:ArcMAP, ArcToolBox,ArcCatalog. ArcGis – бұл геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға арналған бағдарламалық өнімдердің шоғырланған жиынтығы. ArcGis, кеңістіктік мəліметтерді құруға, басқаруға, интеграцияға, талдауға, бейнелеу жəне көрсетуге қолданылады. ArcGis-дің бағдарламалық өнімдері, ГАЖ-функционалдық пен бизнес-логика қажет етілетін барлық жерлерде үстел үсті, серверлік жəне тұтынушы қосымшаларында, WEB арқылы, «алаңда» немесе ұтқыр құрылғыларында қолдануға мүмкіндік береді. ArcGis бағдарламалық өнімдерінің сызғышы «үйлесімділік» ұранымен өңделініп, СОМ, Net, Java, XHL, SOAP объекттік архитектурасын қосқанда, компьютерлік саланың стандарттары негізінде құрылған. ArcGis архитектурасының ауқымдылығы бағдарламалық қамтамасыздандырудың көптұтынушылық саралауы мен мəліметтерді жаңартуға арналған бірыңғай ортаның қажет болуы, жеке тұтынушылар мен ірі компанияларға бағдарламалық қамтамасыздандырудың біркелкі келетіндігін білдіреді.

 


10. Мәліметтер базасы мен шейп-файлдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталыңыз.

Географиялық мәліметтер базасының шейп-файлдан айырмашылығы

Геомəліметтер базасы .Векторлық жəне растрлік, адрестік нүктелер геодезиялық өлшем мəліметтері, метомəліметтер жəне көптеген басқа да əр түрлі мəліметтердің құрылымы мен сақтау ережелерін анықтайтын үлгі.

Географиялық мәліметтерді сақтауда шейп файлдар мен мәліметтер базасы жасалған. Шейп файлдар географиялық мәліметтерді сақтау үшін керек. Өзінің атқаратын қызметіне байланысты шейп файлдар манызды жұмыстар атқарады, соның бірі мәліметтерді ауыстырумен танымал.Шейп файлдар тек қарапайым географиялық мәліметтерді сақтау үшін ғана жасалса,қазіргі таңда маңызды жұмыстарды атқаратын бағдарламанның біріне айналып отыр. Шейп файлдар қолданыста қарапайым және оңай болғанымен, геомәліметтермен жұмыс атқаруда оларда шектеулер кездеседі. Мыналар:

1. Географиялық мәліметтер тек шейп файлда кеңістік обьектер мен атрибуттарды сақтап қоймай,басқа да жұмыстар атқарады. Мысалы аннотаци, атрибуттық байланыстар, топологиялық байланыстар мен координаталық дәлділікпен, оны шешу жолдары, атрибутық домендер сияқты қызметтер көрсетеді. Бірақ бұл географиялық мәліметтерді сақталатын ақпараттар,олар шейп файлға еш қатысы жоқ.

2. Шейп файлдар алмастыру жұмысымен айналысқандықтан , олар ашық форматтағы бағдарлама болып саналады. Бірақ шейп файлдар әр форматтағы жұмыстарды сақтай бермейді,егер дұрыс болмаған жағдайда шейп файлдарды зақымдап немесе жарамсыз етіп алуға болады.

3. Шейп файлдар dBASE форматында сақталынады,Ол 1980 жылдарда кестелер мен атрибуттарды сақтау үшін ойластырылған. Бірақ дами келе Unicode, форматтары қолданлы басталды,олар әр тілде сақтауға мүмкіндік берді.Бірақ шейп файлдар ағылшын тілінде жұмыс атқарған.

 Географиялық мәліметтер базасы, векторлық және расторлық, адрестік нүктелер, геодезиялықө өлшем мәліметтері, метомәліметтер және көптеген басқа да әртүрлі мәліметтердің құрылымы мен сақтау ережелерін анықтайтын үлгі. Географиялық мәліметтерді сақтауда Shаpе-файлдар мен мәліметтер базасы жасалған. Shаpе-файлдар географиялық мәліметтерді сақтау үшін керек. Өзінің атқаратын қызметіне байланысты Shаpе-файлдар маңызды жұмыстар атқарады, соның бір мәліметтерді ауыстырумен танымал. Shаpе-файлдар қарапайым географиялық мәліметтерді сақтау үшін жасалса, қазіргі таңда маңызды жұмыстрады отқаратын бағдарламаның біріне айналып отыр. Shаpе-файлдар қолданыста қарапайым және оңай болғаны мен гео мәліметтре мен жұмыс отқаруда олардв шектеулер кездеседі. Мыналар; географиялық мәліметтер тек Shаpе-файлда кеңістік объектер мен отрибуттарды сақтап қоймай, басқа да жұмыстар атқарады. Мысалы аннотация, атрубуттық байланыстар, топалогиялық байланыстар мен координаталық дәлділікпен, оны шешу жолдары, атрибуттық дәмендер сияқты қызметтер көрсетеді.

Shаpе-файлдар алмастыру жұмысымен айналысқандаықтан, олар форматтағы бағдарлама болып саналады. Бірақ Shаpе-файлдар әр форматтағы жұмыстарды сақтай бермейді, егер дұрыс болмаған жағдайда Shаpе-файлдарды зақымдап немесе жарамсыз етып алуга болады.


11. Arc Map қабаттарының жазылуын түсіндіріңіз. «Maplex» модулінің қолданылуын жазыңыз.

ArcMAP – ArcGIS тің негізгі қосымшасы. Мұнда барлық карталық тапсырмалар орындалады – карта жасау, өңделген мəліметтерді басып шығару, картаны анализдеу жəне редакциялау. ARC Map интерфесінің қосымшаларына сипаттама:

Тақырып панелінде картаның аты көрсетіледі;

Стандарттық панель;

Көрсету терезесі – картаның объекттері суреттелетін орын;

Статус панелі – координаттар туралы мәліметпен қатар, менюдің пернелері мен пернелердің сипаттамасын көрсетеді;

Вид данных - географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, əртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалынады.

Вид компоновки - вид данныхта жасалған картаны безендіру, яғни легенда құрастырылады, тақырыбы жазылады, мəліметтер базасы, қағаз көлемі, масштабы жəне т.б. көрсетіледі.

Мәліметтер көзіне төмендегі мәліметтер жатады:

· мәліметтердің векторлық жинақтары: shapefiles, автоматтанған жобалау файлдары (CAD), geodatabase және SDE мәліметтер базасы;

· мәліметтердің растрлық жинақтары: гридтер мен суреттер;

· мәліметтердің кестелік жинақтары: INFO, dBase және RDBMS кестелер;

· тин мәліметтер жинақтары: TINs.

Осы тәсіл бойынша мәліметтерге сілтеме жасау карта бетінде ең жаңа ақпараттарды автоматты түрде ГАЖ мәліметтер базасында көрсетуге мүмкіндік береді. Қабаттар картаның сақталған документінің (.mxd файл) бөлігі ретінде сақталады, бірақ олар тікелей тәуелсіз файлдар ретінде сақтала алады. Қабат файлдары (.lyr) символдар мен мәліметтердің анықталған көздері үшін қажетті қасиеттерін алдын ала анықтайтын оңтайлы әдіс.

Мәліметтер фреймі – қабаттар сақталатын контейнер. Жаңа, бос картаны ашқан кезде мәліметтер фреймі Слои деп аталып тұрады, ол автоматты түрде мазмұн терезесінде қосылады, бірақ пайдаланушы оның атын өзгерте алады. Қабаттар сияқты мәліметтер фреймінің басқаруға болатын қасиеттері бар.

Мәліметтер фреймі мәліметтерді тақырыптар немесе географиялық облыстар сияқты логикалық топтарға ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Пайдаланушы мульти-мәліметтері бар фреймдерді көре алады, яғни қабаттарды салыстыру немесе қосымша мәліметтер мен қысқаша шолуларды қосу, қандай да бір деректерді алдыңғы қатарға шығару сияқты операциялар жүзеге асырылады. Мәліметтер фрейміне көп қабаттарды қоса беруге болады, бірақ бұл жұмыс істеуді қиындатады.

Картада мәліметтер фреймі саны біреуден артық болған жағдайда, олардың біреуі әрекеттегі (активный) мәліметтер фреймі. Әрекеттегі мәліметтер фреймі – пайдаланушы жұмыс істеп отырған кездегі фрейм. Қандай мәліметтер фреймі әрекетте екендігін (активный), оның картаның бірінші планында және оның аты қалың шрифтпен жазылып тұрғандығынан білуге болады. Әрине, картада бір ғана мәліметтер фреймі болған жағдайда, ол әрқашанда әрекетте болады.

Көп мәліметтер фреймі бар картаға жаңадан қабат қосқан жағдайда, ArcMap ол қабатты қай мәліметтер фрейміне қосу керек екендігін білуі қажет. Мәліметтер фреймін қосу үшін, оның үстіне барып оң жақ пернені басып әрекеттендіреді. Сол кезде әрекеттегі мәліметтер фреймі мазмұн кестесінде қалың шрифтпен көрінеді.

ArcMap документі объекттердің орналасуы сияқты географиялық ақпараттарды көрсетуге мүмкіндік береді. Картада оның контексті мен мақсатын түсіндіретін қосымша ақпарат болуы мүмкін. Картаның документін ашқан кезде, ArcMap мәліметтер көздерімен байланысты тексереді. ArcMap кейбір мәліметтерді таппаған жағдайда (қабаттың бастапқы мәліметтері өшірілген немесе аты ауысқан жағдайда), ArcMap пайдаланушыдан мәліметтің орналасқан жерін сұрайды. Егер ол мәліметтер жойылған немесе керек болмаған жағдайда, бұзылған байланысқа көңіл аудармауға болады.

ArcMap – AcGISTM документі, ол бейнелерді басқаруға және сақтауға, редакциялауға, сұрату және талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мазмұндық кестені басқару – мазмұндық кесте (МК) барлық мәліметтер фреймдері мен картадағы тақырыптық қабаттарды жинақтайды. Қабаттың қасындағы төртбұрышты символдың ішіндегі қанат белгісі, бұл қабаттың жұмыс кезінде картада бар, жоқтығын көрсетеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.