Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ші лекция. Статор орамының бір фазалық жерге



14-ші лекция. Статор орамының бір фазалық жерге

тұйықталуынан қорғау

Егер жерге тұйықталу тоғы I3 10А аспайтын болса, релелік қорғау қуаты 2000 кВт-қа дейінгі электрқозғалтқыштарға қойылады, ал қуаты 2000 кВт жоғары электрқозғалтқыштарында жерге тұйықталу тоғы I3 ≥ 5А болса релелік қорғау электрқозғалтқышын өрісті өшіру автоматы арқылы (СҚ) сөндіріп тастайды. Релелік қорғау нөлдік бірізділік тоқтары сүзгісіне қосылған РТ типті тоқ релесінің көмегімен жасалған (Сурет 8.).

Сурет 8. Екі релелік нөлдік бірізділікті тоқтық қорғау

Жерге тұйықталу аралас болып келсеақауланбаған қозғалтқыштың сиымдылық тоғы меншікті сиымдылық тоғынан IС үш-төрт есе артып кетеді, сол себептен біріншілік әрекет тоғын Ic,з таңдау кезіндеүйлестіру коэффициенті kотс= 1,2÷1,3 тең ауытқу есепке алынады:

 Ic,з= kотс kбр IС

Бұл кезде қуаты 2000 кВт-қа дейінгі электрқозғалтқыштары үшін Ic,з 10А аспауы керек, ал қуаты 2000 кВт-тан жоғары электрқозғалтқыштары үшін  Ic,з 5А аспауы шарт. Егер жоғарыда келтірілген теңдеуге сәйкес Ic,з  ккөрсетілген мәндерден жоғары болып кетсе (kбр = 3 ÷ 4) қорғау kбр = (15 ÷ 2). Төменгі мәндерін таңдай отырып, 1-2 сек. Уақыт ұстамымен орындалады.

IС мәні әдетте қуаты 10000 кВт-қа дейінгі электрқозғалтқыштары үшін 1А төмен болып келеді. Нөлдік бірізділік сүзгісі ретінде әрбір параллель кабельдерге кигізілген ТЭЛ, ТЗРЛ типті кабельдік тоқ трансформаторлары қолданылады.

15-ші лекция. Асинхрондық қозғалтқыштарды

 үстеме жүктемеленуден қорғау

Кернеуі 1000В төменгі асинхрондық қозғалтқыштарды үстеме жүктемеленуден қорғау қозғалтқыш орамдарының немесе басқа бөліктерінің температурасының көтерілуінен әрекет етуші температуралық немесе тоқтық түрінде жасалынады. Релелік қорғау баяу жұмысқа қосылатын автоматтық ажыратқыштар немесе жанама әрекет ететін релелер (жылулық немесе электромагниттік) көмегімен жасалады. Магниттік қосқыш құрамына екі жылулық реле кіреді, олар электрлік қозғалтқыштан бөлініп шыққан жылу мөлшеріне байланысты оны тоқ көзінен ажыратып тастайды. Жылулық реленің номинал тоғы Iр,ном  мен оның ауыспалы қыстырмасының тоғын Iнагр,ном қозғалтқыштың номинал тоғына сәйкес таңдап алады:

Iр,ном≥ Iд,ном/Кт Iнагр,ном

Сурет 9. үшін Кт = 1.

Температуралық қорғауда қозғалтқыш орамдарының температурасын өлшеу түрлендіргіштері қолданылады, олар: қозғалтқыштың статор орамдарының маңдай бөлігіне орналастырылатын температуралық релелер, терморезисторлар. Мұндай қорғау түрлері ашық орналасқан қондырғылардың қозғалтқыштарында пайдаланылады.

Қысқа тұйықталудан балқымалы қорғағыштар көмегімен қорғалатын төменгі кернеулік асинхрондық қозғалтқыштар үшін фаза үзілуі әсерінен туындайтын үстеме жүктемеленуден қорғауды жасау тиімді болып келеді. Мұндай қорғау түрінің схемасы Сурет 10. келтірілген. Релеге сәйкес фазадағы 10Ф-30Ф қорғағыштардың бірі жанып кеткен кезде реледе кернеу пайда болады, реле өз түйіспелерімен ұстап тұру контакторы К тізбегін үзіп тастайды, соның салдарынан қозғалтқыш сөнеді.

 

Сурет 10. Төмен кернеулік АҚ үстеме жүктемеленуден жылулық реле көмегімен қорғау.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.