Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ші лекция. Статор орамындағы қысқа тұйықталудан қорғау



12-ші лекция. Электрлік қозғалтқыштардағы ақаулар және бейнормалдық режімдер. Қорғау құрылғыларының түрлері және автоматикасы

Электрлік қозғалтқыштарда ең көп кездесетін қауіпті ақаулардың қатарына статор орамдары мен олардың ұштарында орын алатын көп фазалы қысқа тұйықталу жатады. Бұл қысқа тұйықталу салдарынан тоқ мөлшері күрт жоғарылап, электрқозғалтқыштарының орамдары мен электротехникалық болат күйреуге ұшырайды. Көп фазалық қысқа тұйықталу кезінде қоректендіруші тораптағы кернеу түсуі салдарынан электрмен жабдықтау жүйесіндегі басқа электрқабылдағыштардың қалыпты жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді. Электрқозғалтқыштарындағы көп фазалық қысқа тұйықталу уақыт ұстамынсыз сөндірілуі қажет.

Электрқозғалтқыштарындағы ақаудың тағы да бір түрі статор орамының бір фазалық жерге тұйықталуы. Кернеуі 3-10 кВ желілерде қысқа тұйықталу тоғының мөлшері әдетте 20-30А аспайды, сондықтан ақаудың бұл түрінің кері әсері көп фазалық қысқа тұйықталумен салыстырғанда төмендеу. Егер жерге тұйықталу тоғы 10А асып кетсе қуаты 2000 кВт және 5А асып кетсе қуаты 2000 кВт жоғары электрқозғалтқыштардың қорғау аппараттары оларды сөндіріп тастауы керек. Жерге тұйықталу тоқтарының шамасы жоғарыда келтірілген шмалардан төмен болса қорғау аппараттары дабыл беруге тиіс, алайда кейбір жағдайларда қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес сөндіріп тастауы керек. Егер статор орамдары оқшаулатқыштарында бұзылған жерлер орын алса, бір фазалық жерге тұйықталу режімінде ақау болмаған фазалардағы кернеу желілік кернеу мәніне дейін көтеріліп, статор орамдарының оқшаулатқыштарытесіліп, жерге қос тұйықталу болуы мүмкін (тұйықталудың бір нүктесі-торапта, ал екінші нүктесі –статор орамдары фазаларының бірінде). Электр тораптарының ұзындығы үлкен өнеркәсіптік электрлік қондырғыларда жерге қос тұйықталу өнеркәсіптік электрқозғалтқыштарында кездесетін ақаулардың негізгі түрі болып табылады.

13-ші лекция. Статор орамындағы қысқа тұйықталудан қорғау

Кернеуі 1000 В төмен электрқозғалтқыштарында қорғау аппараты ретінде балқымалы қорғағыштар, сонымен қатар төменгі кернеулік электромагниттік және жылулық ағытқыштары бар автоматтар кеңінен қолданылады.Мұндай тоқтық қорғау электрқозғалтқыштарын қысқа тұйықталумен қатар үстеме жүктемеленуден де қорғай алады. Контакторлар арқылы қорек тоабына қосылған электрқозғалтқыштары жанама әрекет ететін электромагниттік реле көмегімен дайындалған, қысқа тұйықталудан тоқтық үзу қорғанысымен жабдықталған.

 

                                                Сурет 7.Электрқозғалтқышты тоқтық қорғау.

 

Тоқтық релелер статордың әр фазасына тікелей немесе тоқ трансформаторы .арқылы қосылады (1РТ-3РТ релелері, сурет .7). Кернеуі 3-10 кВ электрқозғалқыштарын қорғау тікелей немесе жанама әрекет ететін екіншілік тоқ релесі немесе құрама тоқ және уақыт релелерінің көмегімен іске асырылады. Қуаты 5000 кВт-қа дейінгі электрқозғалтқыштарын көп фазалық қысқа тұйықталудан қорғау жүргізу тоғының Iп,max шамасына үйлестірілген, уақыт ұстамынсыз тоқтық үзу түрінде жасалады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.