Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





РЕЛЕЛІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АВТОМАТИКА»



«РЕЛЕЛІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АВТОМАТИКА»

 пәні бойынша лекциялық материалдардың қысқаша мазмұны

1-ші лекция Электр қуатымен жабдықтау жүйелерін релелік қорғау және автоматика.

Релелік қорғау мен автоматиканың мақсаты және жалпы сипаты.

Қазіргі заманғы электрэнергетика жүйелерінің ерекшеліктері оларды автоматтандыруға өзінің үлкен әсерін тигізеді. Біріншіден бұл жүйелерде өндірілетін және тасымалданатын, таратылатын электр қуатын жинақтау, сақтау мүмкін емес. Олар тұрақты түрде электр қуатын өндіріп, оны ондаған-жүздеген шақырым қашықтыққа жеткізіп отыруы қажет және қажетті мөлшерде электр қуатын өндіріп, оны тұтынушыға жеткізіп отырады. Екіншіден бұл кең аймақтарғатаратылған жүйелер. Бұл жүйелердің жүктемесі,яғни электр қуатын тұтыну тұрақты өзгеріп отыруына байланысты оларды қолмен басқару мүмкін емес. Электрэнергетика жүйелерін автоматтандыру әсіресе кез келген сәтте жүйенің кез келген нүктесінде апаттық жағдай болғанда өте маңызды орын алады.Қорыта айтқанда электрэнергетика жүйелерінің автоматикасыз жұмыс істеуі мүмкін емес.

Электрэнергетика жүйелерін автоматтандырудың негігі мәселелері болып мына төменде келтірілген шарттар саналады:

1) электр қуатымен жабдықтау сенімділігін жоғарылату (үздіксіз электр қуатымен жабдықтау);

2) электр қуатының сапалық көрсеткіштерін жоғарылату, бірінші кезекте кернеу мен жиілік сапаларын;

3)электр қуатымен жабдықтаудың экономикалық тиімділігін көтеру-электр қуатының шығынын азайту, күрделі салымдарды төмендету, жұмысшылар санын кеміту арқылы жалақы қорын азайту т.б.с.с;

Электр қуатымен жабдықтау жүйелерінде қолданылатын автоматика қондырғыларын үш топқа бөлуге болады: 1) элементтердің қызуын, жабдықтардың үстеме жүктемеленуін, жабдықтардың күйі мен технологиялық үрдістердің жүруін бақылауды қамтамасыз ететін автоматты бақылау қондырғылары; 2) берілген бағдарлама бойынша жабдықтарды басқаруды қамтамасыз ететін автоматты басқару қондырғылары; бұл топқаагрегаттарды жүргізу-тоқтату, генреторларды синхронизациялау, өрісті сөндіру (электр станцияларының жабдықтарын басқару), ҚҚКАҚ (АВР), АҚҚ (АПВ); релелік қорғау сияқты апатқа қарсы автоматика қондырғыларын жатқызуға болады; 3) берілген бағдарлама немесе қойылым бойынша жабдықтардың жұмыс режімдерін ұстап тұруды қамтамасыз ететін автоматтық реттеу қондырғылары, бұл топқа жиілік реттеуіштері (активтік қуат) мен кернеуді реттеу (реактивтік қуат) қондырғылары жатады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.