|
|||
шы лекция. Ақау болған учаскелерді анықтау құрылғылары10-шы лекция. Ақау болған учаскелерді анықтау құрылғылары Бұл құрылғылардың көмегімен кернеуі 10...35 кВ әуелік желілердегі қысқа тұйықталу нүктелерін іздестіру бағыттарын анықтауға болады. Қондырғылар әдетте желілердің тарамдалған жерлерінде тарамдалу нүктесінен кейінгі бірінші тіректерде орнатылады. Олар құрылғы орнатылған нұктеден кейінгі магистраль учаскесінде нмесе тармақта орын алған қысқа тұйықталу тоғын анықтайды. Сөндірілген желідегі қысқа тұйықталуды іздестіру кезіндеқұрылғы орнатылған жерден әрі учаскеде қысқа тұйықталу орын алған немесе алмағаны туралы ақпаратты осы құрылғыдан алады. Өнеркәсіпте бүгінгі күні УКЗ типті сенімді және жетілдірілген құрылғылар қолданылады. Ақау болған жерді көрсету құрылғысы қызмет етуші персоналға желіде ақау болған жағдайда барлық желіні аралап өтпей, тек тарқату нүктелерін ғана тексеру арқылы ақау болған жерді анықтауға мүмкіндік береді. Көрсеткіштерді қысқа тұйықталу болған жерге дейінгі қашықтықты анықтау құралы болса да болмиаса да орнатқан тиімді. 11-ш» лекция. Бір фазалық жерге тұйықталу болған жерді анықтау құрылғысы Бір фазалық жерге тұйықталу ақаулардың ең көп кездесетін түрі. Кернеуі 10 кВ оқшауланған бейтарапты тарату тораптарында бір фазалық жерге тұйықталу тоқ мөлшерінің төмендігінен қысқа тұйықталу қатарына жатпайды. Сол себептен мұндай тұйықталу орын алған кезде ақауды жөндеуге кететін уақыт аралығында желіні сөндірмеуге болады. Бірақ тез арада ақау болған жерді анықтап, бүлінуді қалпына келтіру керек, себебібір фазалық тұйықталу екі фазалыққа өтіп кетуі мүмкін. Екі фазалық тұйықталу қысқа тұйықталу қатарына жатады, осының салдарынан релелік қорғау іске қосылып, тұтынушыларға электр қуатын беру үзіліп қалады. Онан басқасымдар үзіліп жерге түскен кезде адам өмірі мен жан-жануарларға қауіп тудыратын қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Сол сияқты жерге тұйықталу ішкі ақаулар салдарынан да болуы мүмкін, мысалы оқшаулатқыштардағы шытынау көзге көрінбейді. Қазіргі кезде арнайы , алып жүруге болатын, ақау болған жерді анықтауды жеңілдететін және тездететін құралдар кеңінен қолданылады. Кернеуі 10кВ тораптарда қолданылатын, алып жүруге болатын (переносные) құрылғылардың жұмыс істеу принципі жерге тұйықталу тоғының жоғары гармоникаларын өлшеуге негізделген. Жүктеме тоқтарымен салыстырғанда жерге тұйықталу тоқтары спектріндегі гармоникалар деңгейінің жоғарылығы бұл құралдардың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
|
|||
|