Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ші лекция. Кернеуі 0,38 кВ тораптарды қорғау



7-ші лекция. Кернеуі 0,38 кВ тораптарды қорғау

Қорғау аппараттарының сипаттамасы. Кернеуі 0,38 кВ тораптарды қысқа тұйықталудан қорғау аппараттарының негізгілері қатарына балқымалы қорғағыштар және автоматтық ажыратқыштар жатады. 0,38 кВ торап тың бейтарабы терең жерлестірілгенін есепке алсақ қысқа тұйықталудан қорғау үш фазаға да орнатылуы керек, яғни балқымалы қорғағыштар мен автоматтар әр фазаға орнатылады.

 Бейтарап сымдағы автоматтың максималдық ағытқышы болса, бұл жағдайда фазааралық қысқа тұйықталудан қорғайтын екі ағытқышты орнатуға рұқсат етіледі.

 Үстеме жүктемеленуден қорғау үшін жоғарыда аталған аппараттар қолданылады, бірақ автоматтық ажыратқыштың жылулық ағытқышы балқымалы қорғағышқа қарағанда әлдеқайда сенімді әрі анық жұмыс істейді.

0,38 кВ трансформаторлардың кірісі мен 10/0,38 КТП шығысында АП-50 (қуаты 25-40 кВА КТП), А3100 және А3700 типті автоматтық ажыратқыштар қолданылады. Кей жағдайларда ПР2 типті балқымалы қорғағышпен жабдықталған БПВ -31...34 типті «қорғағыш-ажыратқыш» блолктары пайдаланылады. КТП қолданылатын АП-50 және 2МТЗО автоматтарының екі электромагниттік үш жылулық ағытқыштары, сонымен қатар жылулық ағытқыш тоғына тең бейтарап сымда ағытқышы бар. А3124...А3144 және А3700ФУЗ автоматтарында үш электромагниттік, үш жылулық ағытғыштар, сол сияқты кернеулік орамы бар тәуелсіз ағытқыш орнатылғын. Бейтарап сымдағы бір фазалық тұйықталудан қорғау үшін тәуелсіз ағытқышқа әсер ететін Р3571Т типті тоқ релесі қойылады.

8-ші лекция. Автоматтық қайта қосу

Зақымданудың үлкен бөлігі (60% тен 70 %) әуелік электрлік желілерде кернеу 1 кВ жоғары себебі өздігінен пайда болады: атмосфералық жүктемелік кернеу, жетектердің қиылысуынан және т.б. Бұл жағдайларда қайталанбалы автоматикалық линиялары авариялық өшірулерден кейін қосылса электрқондырғылардың бір қалыпты тез жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, олардың қарапайым мүмкіндік береді, оларадың қарапайым мүмкіндігін қысқартып, электрэнергия  жіберілмей қамтамасыздандыру үзілісінен шығып болады. Қосылудың қайталанбалы автоматикасы (АҚҚ), одан кейін тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандыру өз қалпына келеді. Егер зақымдану себебін жойып, АҚҚ кейін қорғау екінші рет қосылады және АҚҚ қолдануынсыз зақымданған аймақтың өшірілуі мен мүмкін береді. Мұндай АҚҚ сәтсіз деп атаймыз. Одан басқа көрсетілген біртекті, көптекті болуы мүмкін. Сәтсіз АҚҚ кейін ол бір немесе бірнеше рет қайталанады.

Сурет-6. Екі реттік АҚҚ циклының кестесі.

Суретте екіреттік АҚҚ графигі көрсетілген. Қысқа тұйықталу өшіру тоғы пайда болғанда қорғау әсерінен бірнеше уақыттан кейін өшіріледі t1. Бірінші токсыз үзілістен кейін £дпв1 өшіруші қайталанып қосылады. Егер қ.т. себебі жойылса, онда өшіруші қосулы болып қалады; егер АҚҚ сәтсіз болса, өшіруші 2-ші рет уақытқа байланысты өшіріледі t2. Екінші тоқсыз үзілістен кейін  tАҚҚ2, оның таңдалу ұзақтығы жоғарылайды, біріншіге қарағанда, өшіруші 2-ші рет қосылады.

Екінші сәтті АҚҚ өшіруші қосулы болып қалады, ал 3-ші рет сәтсіз болған жағдайда бірақ уақыттан кейін  t3 тіпті өшіріледі. Линиялық зақымдану ликвидациядан кейін өшіруші қолмен қосылады. Әуелік электр қондырғылларын орнату ережелеріне сай және аралас линиялар кернеуі 1 кВ коммутационды аппараттар арқылы жабдықталады. Механикалық ажыратудан өшіру жетектерінің орындалуына байланысты және электрлік құрылғылар АҚҚ. Механикалық құрылғылар АҚҚ пружинаға орнатылады немесе пружиналы-жүкті өшіру жетегі және олардың қайталанбалы қосылуы рычагтың бір-біріне сәйкестігіне қамтамасыздандырылады. Электрік құрылғылар өздігінен релелік схеманы көрсетеді, уақыт релесін қолданған жағдайда, олар қайталанбалы қосылуға команда береді жетек өшірілуі электромагнит қосылуы арқылы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.