|
|||
Пациентке өз ауруын бақылауда ұстау мақсатында пикфлоуметр,небулайзер,қалталы ингалятор қолдануды үйрету.Пациентке өз ауруын бақылауда ұстау мақсатында пикфлоуметр,небулайзер,қалталы ингалятор қолдануды үйрету. Бронхиальды астмамен ауыратын пациенттер міндетті түрде күнделік арнауы тиіс.Соны мейірбике пациентке үйретеді. Бронхиалды астманы емдеуде астмамен ауыратын науқастың өзін бақылауға арналған күнделігі Бронхиалды астманы емдеуде науқастардың өзін-өзі бақылауы және қажет жағдайда өзіне күтім жасауы өте маңызды. Астма белгілерін бағалау: Астма белгілері әр түрлі болады:ол жөтел,тыныс алудың қиындауы,ұйқының бұзылуы,әлсіздік. Қандай белгілерге ерекше мән беруі керек? Ең бірінші мына белгілерді сараптау өте маңызды:жөтел,ентігу,тұншығу күніне неше рет болғаны,түнде дем жептеу салдарынан неше рет ұйқыңыздан тұрғаныңыз. Симптомдарды 3 баллдық көрсеткішпен бағалау: 0-симптомдардың болмауы,1-симптомдардың әлсіз болуы,2-анық болған симптомдар. Алынған мілңметті күнделікке белгілеу қажет. Егер балл 0 мен 1-2 аралығында болса –онда жағдай жақсы, ал 3-4 және 7-8 болса жағдай көңіл аударарлық, 8 балдан жоғары болса тез арада көмек керек.
Пикфлоуметрия-адамның қандай жылдамдықта тыныс шығаратындығын анықтайтын тәсіл.Бұл көбінесе демікпемен ауыратын науқастарға қолданылады.Анықтау мақсатында пикфлоуметр қолданылады. Пикфлоуметр қолданатын науқастраға нені үйрету маңызды? v Пикфлоуметрді қашан және қалай қолданатындығын; v Нәтижелерді күнделікке қалай белгілеу керектігін; v Нәтижелер өзгерісін қалай білуге болатындығын; v Қандай өзгерістерді дәрігерге хабарлау керектігін. Пикфлоуметрді қолдану ережесі Науқас отырған қалыпта бірнеше рет терең дем алып,дем шығарғаннан кейін,пикфлоуметр мундштугын горизонтальді бағытта ерінге тигізіп,тезірек демді шығару керек. Нәтижелерін жазып алу керек.Күніне 2 реттен кем емес өлшеу қажет.
|
|||
|