Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алдын-алу үшін мейірбикенің рөлі



2)Алдын-алу үшін мейірбикенің рөлі

Халыққа,оның ішінде балалар мен олардың ата-аналарына ауру туралы толық мәлімет беру.

Профилактикалық шаралар:
Балаларда бронх демікпесі асқынуларының профилактикасы себептік маңызды аллергендермен қатынасты, аллергиялық емес триггерлерді жою негізінде құрылады, мүмкін болса толық элиминацияда:
- вирусты, бактериалды, саңырауқұлақты инфекциялар пофилактикасы-ата-аналарға балаларын аурудан сақтау үшін,үй-жайды таза ұстауын(бөлмені күніне 2 рет желдетіп отыруын,ылғалдап бөлмені күніне 1 рет желдетуін)түсіндіру.Баланың киімі ,ойыншықтары таза болуын бақылауды ескерту.Балалар жедел респираторлы аурумен ауырған жағдайда дереу дәрігерге көрініп толығымен емделу қажеттілігін түсіндіру.

- қосарланған ауруларды анықтау жəне санациялау;
- организмді шынықтыру-баланы күніне кем дегенде 1 рет таза ауада серуендету,түрлі спорт түрімен айналысуына мүмкіндік жасау керектігін ата-анасына түсіндіру.

-аллергия болдырмау-қосымша тамақтандыру,жасанды тамақтандыру кезінде аллергия тудырмайтын түрін таңдау;киім-кешектерді аллергия бермейтін содалармен жуу;аллергия туғызатын тағам түрлерімен таныстырып,соны баланың ас мәзірінен шектеуді түсіндіру.
- бақылау реттілігі ауру кезеңінің ауырлығына байланысты, ремиссия кезінде 6 айда бір рет, орташа ауырлықта 3 айда бір рет.
Диспансерлік бақылау – БД кез келген формасы мен ауырлық дəрежесінде науқасты оқыту қажет. Емделуші БД мəнін, тұншығу ұстамаларын өзі басуды, қай жағдайда дəрігерді шақыру керектігін, демікпенің жеке триггерлерін, тұншығу белгілерін жəне ахуалының нашарлауын жəне бронхтық өтімділікті, демікпені бақылап отыру үшін күнделікті қабылданатын профилактикалық препараттардың жеке дозасын білуі қажет.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
- антигендік режим;
- гипоаллергендік;

- диета, дренаждық функцияны жақсарту жəне бронх терегін санациялау үшін массаж жəне ЕДШ қолданылады;
- базистік препаратты ұзақ қабылдау;
- пикфлоуметриямен бақылау;

- тыныс алу функцияларын қалпына келтіру;
- иммуномодуляторлар.

Ақпарат көзі:( (НАЦИОНАЛЬНАЯ ПРОГРАММА «БРОНХИАЛЬНАЯ АСТМА У ДЕТЕЙ. СТРАТЕГИЯ ЛЕЧЕНИЯ И ПРОФИЛАКТИКА» (третье издание, исправленное и дополненное) ; http://kazmedic.kz/archives/4681;

http://www.myshared.ru/slide

https://diseases.medelement.com/disease/view;

http://sestrinskoe-delo.ru

http://agartu.com

 

Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау:

Зерттеу әдісіне сауалнама және сипаттау әдістері таңдалды.

                                                                                                                                                                         

                       Сауалнама(анкета)
Пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. . Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет.

 


Пікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:

Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:
Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі:
Сауалнама құрылымы
Жауап түрін анықтау
Сұрақтардың стандартталу типтері бойынша сауалнама жасауды таңдау
Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның қажеттілігін анықтау
Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге ауыстыру

 

 


1. Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:

— Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек.

— Сауалдар түсінікті, бір мәнді, нақты және анық сенімді жауап алуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

— Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан тұруы тиіс

— Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек.

— Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті, терминдерді пайдаланып, жаргондарды қолданбаған жөн.

— Респондент тәжірибесінен тысқары жайт туралы сауалдарды қоймаған жөн.

-Сұрақты қисындастырып мазмұндау респонденті зерттеушінің көңілі қалайтын жауапқа жетелеп, көндіруге тиісті емес.

— Сұрақтар екі мағыналы сипатта болмауы керек.

2. Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға (тар ауқымдағы), міндеттемейтіндерден — сыпайыларына көше отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.

 

3.Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі:

алдымен кіріспе, таныстырма сауалдар немесе респонденттің зерттелетін мәселе бойынша хабардарлығын анықтауға жәрдемдесетін сұрақтар қойылады. Мысалы, ашытқы нарығы туралы зерттеу жүргізу керек болса, респондент ашытқыны қолдана ма, жоқ па, соны анықтау қажет. Содан соң зерттеуге тікелей қатысты сұрақтар және бақылау сұрақтар болуы мүмкін, ең соңында жеке сипатты сұрақтар қойылады.  

 

 


4.Сұрақтар саны

Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның қажеттілігін анықтау керек. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар сауалнаманы тым созады. Сұрақтар аз болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.

 

 

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.